Ассамблея қандай істерге ұйтқы болмақ?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

05.08.2022, 12:58

2291

Еліміздегі ұлтаралық келісім мен конфессияаралық  диалог- бейбітшіліктің кепілі. Қазақстандағы ассамблеяның негізігі миссиясы -осы маңызды саясатты жүйелі жүзеге асыру  болып табылады.  Ресейде қазақтар көп шоғырланған Түмен облысындағы қандастарымыз үшін  Ассамблея- екі елді жақындастыратын  қоғамдық ұйымға айналған. Осыдан 11 жыл бұрын Түмендегі қазақ ұлттық-мәдени автономиясы мен Солтүстік Қазақстан  облысындағы ассамблея  ынтымақтастық туралы келісімге  отырған болатын. Бүгінде достық аясы кеңіп, орыс пен қазақ этномәдени  құндылығы артып келеді. Маңызды шаралар дәріптеуге тұралық. Осынау маңызды құжат  қос халықтың татулық, достық ниетін сақтауға зор серпін беріп келеді. Жарасымды үндестікті нығайту мақсатында, Қазақстанның кәсіби шығармашылық ұжымдары жылма-жыл Түмен облысындағы қазақтардың «Құрылтай», «Наурыз», «Жас ұрпақ», «Новое поколение»  атты төл қазақ балалар шығармашылығы фестиваліне және Түмендегі қазақ мәдениетінің күндері жобаларын өткізу дәстүрге айналған. Ұлттық-мәдени автономия іске асыратын шаралар мұнымен шектелген емес. Ал, Түмен аймағының өнер майталмандары біздің солтүстік өңірге жиі  сапармен келеді. Олар «Покровский перезвон» халықаралық орыс, казак және славян халықтарының фестиваліне қатысып, өнер көрсетеді.   Міне, үлгі тұтарлық мәдениетаралық қатынастардың бір бөлігі осындай.  Мұның сыртында, Солтүстік Қазақстандағы ассамблея  Түмендегі ҰМА оқу және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді міндетке алған. Түмендік қазақтардың ҰМА біздегі ассамблея өкілдеріне халықаралық сахналық киімдер әзірлеп береді.  Екі облыс арасындағы ынтымақтастықтың кең қанат жаюының тағы бір кепілі, Түмен облысының қоғамдық палатасы мен Солтүстік Қазақстандағы қоғамдық кеңесі келелі істерді бірігіп атқаруда, сондай-ақ Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы Түмен мемлекеттік мәдениет институтымен  бірлескен жобаларды бірігіп игеруді қолға алған. Айтпақшы, қос аймақтың мәдени- қоғамдық өміріндегі ынтымақтастық денсаулық сақтау,  кітапхана жүйелерін қамтыған.   

Айта кеткен жөн,  бұдан бұрын Ресей  федерациясының Президенті Владимир Путиннің жарлығымен Ресейде «Ресей халықтары ассамблеясы» қоғамдық мемлекеттік ұйым құрылды. Бүкілресейлік ұйымның міндеті- ұлтарлық қарым-қатынасты қолдау, этностардың тілдік ерекшелігін сақтауға және этномәдени ерекшеліктеріне құрмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарын дәріптеуге қолдау білдіру. Көрші мемлекеттердің татулығын ғасырларға ұластыратын Ассамблея  бұдан әрі үлкен істерге ұйтқы болмақ.

Тегтер: Ассамблея шара жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:15
Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастық ойындарында жүзуден рекорд орнатты
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 12:02
Мәдениет қызметкерлеріне арналған UMAI сыйлығы тағайындалды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 09:26
Бүгін Абай күні
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 12:56
Қазақстан дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үздік үштікке енді
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:07
Ұлы ақынның туған күні Абай облысында қалай ұйымдастырылады?
Бифат ЕЛТАЕВА 05.08.2022, 18:18
Жастар ресурстық орталықтары өзін-өзі бағалай алады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49