Атлантида ақиқаты

Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ

13.10.2020, 10:40

1101

Бұл өзі көптен бері түйіні шешілмей келе жатқан дүние. Мәскеудің мұхиттану институты аталмыш мәселені терең зерттеуге ден қойган. Мұхиттанушылардың бүкілресейлік II съезі өтіп те үлгерді. Бәрінің де тақырыбының өзегі аңызға айналған Атлантиданың проблемасы. Жалпы бұл тұрғыда, кеңестік бірінші мұхиттанушы Николай Феодосъевич Жировтың тұлғасы ерекше көрінеді. Ғалымның «Атлантида» атты 430 беттен тұратын іргелі еңбегі 1964 жылы жарық көрді. Осы шынайы ғылыми еңбекте ресми ғылымның пікіріне қайшы келе тұра, Атлантиданың шын мәнінде болғандығы туралы тұжырым жасалды. Содан бергі онжылдықтар көлемінде Николай Жировтың дәйектемелері жаңа фактілермен толыға түсті. Ресейлік мұхиттанушылар қоғамының президенті Александр Боронин өткен съезде аңызға айналған Атлантиданың шын мәнінде болғандығы қазіргі таңда іс жүзінде дәлелденді деп атап өтті. Сол себепті де, біз бүгін оқырмандарымызға орыстың тамаша ақыны әрі жазушысы Валерий Яковлевич Брюсовтың ерте замандағы ең жұмбақ осы дүниеге қатысты айтқан ой-толғаулары негізінде пікір қорытпақпыз.

Археология астары

Кезінде Максим Горькийдің өзі Валерий Брюсовты «кеңестік шеңбердегі ең мәдениеттегі әдебиетші» деп атаған еді. Брюсов өзінің бүкіл ғұмырында Атлантиданың акиқат екендігіне күмәнсіз, беріле сенді және осы бір сенімнің санада бекуіне аз күш-жігер жұмсаған жоқ. Тіпті арнайы түрде Парижге барып, байырғы мәдениеттер турасында лекциялар курсын тындап та кайтты. Осынау тақырыпқа қатысты жан-жақты материалдарды терең зерттеп барып, Брюсов Петроградтағы халық үйінде Атлантида бойынша лекциялар циклын окыды да. Оны Максим Горькийдін өзі тындаған. Сөйтіп, жиналған материалдардың көп мәнді тақырып «Ұстаздардың ұстазы» деген атпен кітапша ретінде 1917 жылы шығуына үлесін қосты. Біз бұл арада Брюсовтың бүгінгі күннің ұстаздары ретінде көне дәуірде гректерді атағандығын айтуға тиіспіз. Ол сөйтеді де, сонда әлгі гректердің ұстаздары кім болған деген сауалды өзіне-өзі қояды. Сөйтеді де өзінің мұхиттануға катысты еңбегінде бұған жауап береді.

1900 жылы Критте ағылшын Артур Дж. Эванс қазба жұмыстарын жүргізеді. Сол арадан эллиндікке дейін (көне гректік) болған мүлдем беймәлім мәдениеттің өнімі – кносскіліклабиринтті тауып алады. Осы дүние табылғанға дейін оны ғалымдар «халыктық фантазияның жемісі» (?) деп атаған. Соған дейін беймәлім болып келген мәдениет критомикендік, эгейлік немесе минойклік деген атауларға ие болады.

Әу бастағы тұрмыс дәуірімен крито-микенсклік мәдениеттің арасында ешкандай байланыстырғыш буындар табылмаған! Жоғары мәдениеттің құрылымында белгілі бір дәуірлеудің таңбасы жатыр. Мұнын өзі көптеген ғасырлық эволюцияның қажет болғандығын дәлелдейді. Оны айтасыз, олардың өнбойында қандай да бір өзгеше жоғары мөдениетті халықтың ықпалы жатқан секілді. Осыдан өзінің жоғары гүлдену дәуіріне өтіп кеткен, кейін құлдыраған кезеңіне түскен мәнінен хабар бергендей...

Лабиринт

Антикалық дәуір кносскілік лабиринтті ұшырата алмады. Өйткені ол біздің эрамызға дейінгі екінші мыңжылдыктың басында тұрғызылған болатын. Антикалық дәуірде ертедегі осынау ғажайып туралы тек естеліктер ғана сақталған. Сол Лабиринттің астынан ағылшындық Артур Дж. Эванс неолитикалық кезеңдегі мекендердің қалдықтарын тауып алған. Бұлар біздің эрамызға дейінгі 12 мыңжылдыкка катысты. Алғашқы қауымдык кезеңдегі өмірден хабар беретін осынау қазбаның астында кезінде адамдардың қолымен тұрғызылған алып құрылыстың табаны табылған! Бұл үлкен сарай-қала, мемлекеттің үйі, біртұтас сәулеттік ансамбль болып табылады. Оның ішінде шеберханалар, оқытуға арналған мектептер, патшаның архиві, қоймасы, ас үйі, ат қорасы, құдықтары, бірнеше мың көрерменге лайықталған театры, вилла, тіпті бейіттері кездеседі. Осынау лабиринт сыртқы әлемге ешкандай тәуелсіз күй кешкен. Кешеннің ішінде канал жүйесі, су кұбыры, шомылатын бөлмелер карастырылған. Қабырғаларынан сылак жұмыстарының мұкият жүргізілгендігін байқайсыз, сонымен қатар ғажайып бояу өрнектердің ізі сақталган. Құдайым-ау, бұл патшалардың ғажайып сарайы емес пе, құрамында мыңдаған кұрылысшылар мен суретшілері болған ғой. Олардың өзі өнердің көпғасырлық дәстүрлерінен қанып ішке нәр алған секілді. Металдық жарық бергіш шамдардың, алтын, күміс вазалардың, құдайлар ескерткіштерінің, түрлі көлемдегі балалар ойыншықтарының қалдығы бұл өңірдегі өзіндік әлемнің тек мерекеден тұрғандығын көрсетеді. Бұл араның тұрғындары өздерінің кызметкерлері, күзетшілері және діни адамдарының санын қосқанда, бірнеше оңдаған, тіпті жүздеген мың адамға жеткен-ау, сірә.

ЕгипеттікжәнеМексикандықпирамидалар

Египеттіктерді де біз жоғары мәдениеттің иелері ретінде зерттеп білдік. Десек те, египеттік озық мәдениет қандай құнарлы топырақта өніп шықты? Оған дән тастаған кім? Француздық египеттанушы Масперо былай дейді: «Тарихтың тереңінен келген әрбір халық көне Египеттің мәдениетіне ерекше ықпал етті деген түйінге келгеніміз дұрыс секілді». Ніл өзенінің жағасын мекендеушілер біздің эрамызға дейінгі үшінші мыңжылдықтың бастауында Ұлы пирамидаларды тұрғызу кезінде бұрын-соңды болмаған еңбек ерлігін көрсетеді! Бұған тең келер дүниені жалпы байырғы дәуір сезінбеген. Тіпті мұнысын сол Египеттің өзі кайталай алмаған ғой. Демек, бұл арада тарих «аяғымен жоғары тұр». Египеттік, мексикандық пирамидалардан жоғарыдағы біз айтқан дүниенің өзгешелігі жоғарғы ұштары кесілген (құрбандыкқа шалу аландары). Әйткенмен, құрылысты салудың негізгі мәні сол бұрынғысынша сақталған. Ацтектердің патшалығы испандықтар келгенге дейін бар-жоғы бес ғасыр ғұмыр кешеді. Ол шын мөнінде, көне мәдени әлемнің-майя халықтары патшалығының қираған қалдықтарының орнында тұрды. Міне, солар мексиқандық және юкатандық пирамидалардың  құрылысшылары болған. Тамаша жүйе кез келген дәуір көлемін дәл табуға мүмкіндік берді. Олардың жетілген күнтізбесі мыңдаған жылдар ішінде бір жылға да жаңылыс таппаған. Мексиканың бір ғимараты майя тарихы басталғаннан кейінгі 3750 жылы тұрғызылды. Демек, бұл халықтың көне кезеңі біздің эрамызга дейінгі үшінші мыңжылдықтан да ары кетеді, яғни Критадағы лабиринт қалалардың гүлденуімен тұспа-тұс келген!

Майяның мәдениетінде египеттік, эгейлік этрусстық, үндістік мәдениеттермен бірқатар байланыс анғарылып түрады. Бұл жағдаяттар майяны тарихи жұмбаққа ұластырады, неге десеңіз, адамзаттың есінде Американы Қарт құрлық өкілдерінің тұрақты түрде барып, көріп тұруы дәл мұндай сақталмаған. Демек, Американың халықтары Азия, Африка және Еуропа мәдениеттері туралы түсінікте болуы мүмкін емес жағдайда ғұмыр кешкен. Біз қайталай мұхиттың екі қапталына қатысты идеяларға ораламыз. Орталық Американың орнаменттері көне Кавказдың құрылыстарында кездеседі ғой, сондай-ақ майялық жазу-сызба өнері көне Үндістанның кітаптарында ұшыраспай ма? Яғни, адамзаттың көне мәдениеттерінің негізінде бірлік бар.

Бірліктің бастауы

Мұның тағы да бір мүлтіксіз дәлелі – Еуропадағы басы кетілген баспалдақты нақтылы пирамидалардың Порсенна этрусстык мүрделері құрамының бөлігінде ұшырасуы. Бүгінде аталмыш мүрделер жерастылық үлкен жүйесі бар қорған күйінде сақталғаи. Оның құрамында дәліздері, өтпелі дәліздері, бөлмелері бар. Оның бәрі лабиринттік дүниеге ұқсас. Көне Галлиядағы (Франция) друидтердің мәдениеті де өзге халықтар мәдениетіне ұқсас келіп жатады. Майяның жазуларында көне санскриктердің белгілеріне ұқсас белгілер жиі ұшырасады. Египеттік папируста катарактыны, емдеудің әдісі жазылған, бұл ацтетердікіне әбден ұксас. Таңғаларлық дүние, майялык күнтізбе вавилондық уақыт санау негізінде ғана түсінікті болады! Көне Вавилониянын білгірі Гуго Винклер мынандай нақтылы шешімге келеді: «Вавилония бүкіл әлемге үлгі болған. Тек қарт кұрлық ғана емес, сондай-ақ көне американдық мәдениет те одан өзіне қажетті маңызды ілім-білімді қандай да бір жолдармен алып отырған».

Сонымен біздің ұстаздарымыз вавилондықтар, египеттіктер, эгейліктер, эллиндіктер, римдіктер больп табылады. Ал оларды біліммен байытқан кім? Тарихи дәстүр бұған бір ғана жауап қатады: атланттар!

Атлантида аңызы

Оны бізге көнегректік философ Аристоклес Платон (біздің эрамызға дейінгі 427-347 ж.ж) жеткізген. Аңызға айналған арал туралы өзінің түсінігін ол Критий деген біреуге айтады. Ол өз кезегінде осынау тарихты ақылды Солонға жазба түрінде берген.

Бұл жазбаларда Атлантида туралы мәліметтер, оның географиялық жағдаяттары, пайдалы қазбалары, Атлант мұхитындағы осынау Аралдың аң-құстары егжей-тегжейлі көрсетілген. Жазбаларда Атлантида өте дамыған мемлекет, көпжылдық мәдениеті бай тарихты өлке ретінде суреттеледі. Алып аралда сол уақытта кептеген бай қалалары және миллиондаған көп тұрғындары бар түрлі патшалықтар ғұмыр кешкен!

Атланттықтар белгілі бір уақытқа дейін осы бір фантастикалық тамаша аралдағы өмірмен тыныстаған тамаша сарайлар мен храмдар, ерекше табиғат тек осы араға ғана тән болған. Алайда жер бетіндегі адамзат бойыңдағы адами касиеттер бертінде өмірдің бетіне шыққан. Шын мәнінде, жұмақ жердің тұрғындары осынау аста-төк бакытты өмірмен тояттай қоймаған, асып-тасыған, өзгелерге кыр көрсете бастаған. Сөйтіп, жақын орналасқан аралдарға, содан кейін еуропалық құрлыққа басқаншылық жорықтар басталған. Соғыс кезінде көне гректердің бабалары – афиндықтармен кездескенде атланттар қатты соққыға душар болып, өз аралдарына қуылған.

Кейін көп уақыт өтпестен осы соғыстың себебінен болар, Атлантидада ғажайып жер сілкінісі болып, су тасқыны бел алған. Мұны Платон былайша жеткізеді: «Бір күн жөне бір түнгі қасіретте атланттардың барлық әскери күші бір мезгілде жер астына түсіп кеткен, ал Атлантида аралы суға батып, ғайып болған». Осынау тағылымды әңгіменің соңғы қорытынды бөлімі былайша аяқталады: «Зевс Олимпте құдайларды жинап алып, адамдарды өздерінше астамшылықтары үшін құрбаңдыққа шалдым деген...»

Әдетте, ежелгі тарих қайталанып жатады деседі, құдай бетін ары кылсын...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әбдіқадыр ДӘУІТБЕКОВ 22.10.2020, 10:42
Ежелгі герман тайпаларының тілі мен тарихындағы түркілік іздер
Сайт әкімшілігі 22.10.2020, 10:36
Алтын адам жазуының құпиясын ашқан ғалым
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 22.10.2020, 10:21
Қанас көлі мен Тувалар туралы
Сұлтанғазы ҚОҚАБИ 22.10.2020, 09:38
Доп ойнаған тозбайды
Әділбек ЖАҚЫП 20.10.2020, 10:30
Біз кімге ұқсап барамыз?
О.Т.Айдаров 20.10.2020, 10:26
Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең - істің бәрі бос

Аңдатпа


  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16