Атырауда халықтық кітапхана ашылды

09.10.2018, 02:47

291

Балаңыз кітап оқымай ма? Үйдегі кітапхана сөрелерін шаң басып тұр ма? Атырау тұрғындары бұдан былай жиған-терген рухани қазынасын Халықтық кітапханаға өткізе алады. Ол «Былина» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Андрей КОРАБЛЕВТЫҢ басшылығымен ашылып отыр.-Біз букинистік кітап дүкені емеспіз. Ондай кітапханаларда ескі, құнды кітаптар сатып алынады және сатылады. Бізде ешқандай коммерциялық мақсат жоқ. Кітаптарды тегін аламыз, әрі келетін адамдар да тегін оқиды, — деп түсіндіреді.Халықтық кітапхана қазірдің өзінде көпшіліктің сұранысына сай ашылғанын көрсетіп отыр. Оған жиналып қалған бес мыңдай кітап әлі сұрыпталып жатыр. Үйіп-төгіп әкеліп жатқандар қаншама!Күткендей-ақ, кітап тапсырушылардың дені – егде жастағылар. Жылдап жиған кітапханасын «көзім кеткесін кім оқиды дейсің, одан да осы жерде қажетке жарасын» деп көлікпен тиеп әкелетіндер бар екен. Кітаптардың ішінде мұражай қорына лайықты, ерекше даналары да көп кездеседі. Мәселен, «Великие люди» сериясы 19 ғасырда жарыққа шыққан, жазушы Мұхтар ӘУЕЗОВТЫҢ «Абай жолы» деп аталмас бұрын «Абай» деген атпен шыққан санаулы кітабынының да бір данасы бар. ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 1991 жылы шыққан ең алғашқы өмірбаян дерегімен де танысуға болады. Ал 1960 жылы шыққан «Исаак Ильич ЛЕВИТАН» деген жинақтағы суреттер баспадан шыққанмен, қолмен жабыстырылған! Соған қарағанда, бұл санаулы данамен шыққан нұсқасы болса керек.-Кезінде әке-шешеміздің жинаған үлкен кітапханасы болды. Кейін, ұят болса да айтайын, біразын отқа жағып жібергенбіз. Одан сау қалғанын інім қоқыс контейнеріне апарам деп отыр екен, осы кітапханаға тапсырдым. Үлкен кісілердің көзі еді, дұрыс қарай алмадық, дегенмен, қатты өкінемін, — дейді қала тұрғыны Нұргүл ҚАЛИЕВА.Ғаламтор ғасырында жастар кітап оқымайды десек те, кітапханаға келіп жатқан өскелең буын өкілдері аз емес. Соған қарап, кітаптың мәңгілікке қалатын құндылық екеніне сенгің келеді. Оның ішінде, бұл жерде интернеттен табылмайтын дүниелер көп. Халықтық кітапхананың тағы бір ұтып тұрғаны – Атыраудың орталық көшесінде орналасқан. Аймақтағы басты кітап ордасы – Ғабдол СЛАНОВ атындағы облыстық ғылыми-әмбабеп кітапхана шаһардың шетіндегі «Нұрсая» ықшамауданына көшірілгеннен кейін оқырмандар саны күрт азайған болатын.Фотолар автордікі. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 18:56
Айман Алдаш зерттеулеріндегі терминология және аударма мәселелері
Фархад ОМАРБЕКОВ 20.10.2021, 15:17
Қожанасыр. Қожа – ғасыр
Бифат ЕЛТАЕВА 20.10.2021, 14:00
Әлеуметтік желіде «жалдамалы жазбалар» көбейіп барады
Бағдат МОМЫНОВА 20.10.2021, 00:00
Қазақ баспа нұсқалары тілін алғашқы зерттеуші ғалымның бірі – профессор Б.Әбілқасымұлы
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 10:30
«Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
Жарас КЕМЕЛЖАН 19.10.2021, 08:39
Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ: Тақымы таққа жабысқан шенеуніктерден театрға қаржы бөлдіру – ерлік

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31