10.01.2019, 19:45
300
Пайғамбардың үш қиянатқа тыйымы
Бiрiншiсі: иянат (жала)Иянат,Иянат түбi – қиянат.Екiншiсi: hиямат (уәдеге опасыздық)Һиямат,Һиямат та – қиянат.Үшiншiсі: аманат.Аманат,Аманатқа қылма қиянат.Осы үшеуiнiң бiреуiн бұзсаң, қиямет қайымдағы орның – тозақ болмақ. Ол қиянатты – ораза, намаз, пiтiр-садақа да жуып кетiре алмайды екен. Қажылықтың жеңiлдiк берер-бермесi ашып айтылмаған.Соған қарағанда: күнәнiң ең ауыры — қиянат. Қарыздың ең ауыры – уәде болғаны ғой.Шындығында да, тiрi пенде қылдай қиянат жасамаса, уәдесiнде тұрып, айтқан сөзiнiң бәрi орындалса, онда о дүниедегi жұмақ – осы дүниеде, әлгi әлемдi елес боп кезiп жүрген «коммунизм» бүгiн-ақ орнар едi-ау.Ең бастысы, «қағаз жолбарыстардың» орнында таза жолбарыстар отырар едi.Жалған жобалар мен жолдаулардан баспасөздiң белi босап, рухани мәдениеттiң де жерi кеңiп қалар едi-ау.Бiрақ Қиянат пен Иянаттың көкесi – Зиянат сонда басталмасын!Ендеше, осыған да шүкiр, ә!Тұрсын ЖҰРТБАЙДЫҢ күнделігінен
Фото: aqmeshit.kzҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР