Балалар әдебиеті шығармаларының байқаулары өткізілуде

Бифат ЕЛТАЕВА

24.11.2022, 08:12

1719

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл балалар жылы деп жарияланған-ды. Соған орай, елімізде балалар шығармалығына байланысты түрлі шаралар жүргізіліп келеді.

Мәселен, жуырда ғана Samruk – Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Айтұмар» балалар әдебиетінің үздік туындылары бойынша республикалық байқау ұйымдастырылды. Ал байқау бойынша әр өңірден 14-35 жас аралығындағы кішкентай қаламгерлер қатыса алады. Бұл балалар үшін балалар жылындағы ең үлкен қолдау болмақ. Байқауға балалар шығармашылығы үш жанр бойынша іріктелетін көрінеді. Мәселен, проза, поэзия, драматургия бойынша қатысушы белгілі бір аталым бойынша шығармаларын жібере алады. Ал байқаудың жүлде қоры жалпы 12 миллион үш мың теңгені құрайды. Яғни, бірінші орынға бір миллион, екінші орынға 800 мың, үшінші орынға 500 мың теңге көлемінде сый беріледі. Сонымен қатар байқауға қатысушылар шытырман оқиға, саяхат бағытындағы шығармалар, қаһарман кейіпкердің бастан кешкендерін баяндайтын шығармалар, Made in Kazakhstan, баланың ойы мен қиялын ұштайтын туындылар, әлем мойындаған отандастарымыз туралы шығармалар, Әлемге не бере аламын?, Әлем мойындаған отандастарымыз туралы шығармалар, рухани дамуға, адамгершілікке бағыттайтын шығармалар, өмірді сүюге, құштарлығын арттыратын шығармалар мен фантастика, ертегі жанрындағы шығармалар кіреді.

Сонымен бірге, Балалар жылы аясында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ және Қазақстан жазушылар одағы басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын ұйымдастырды. Ал бұл байқауда 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысып, еркін тақырыпта проза жанрында ертегілер мен шағын әңгімелер бағыты бойынша бақ сынасқан болатын.

Аталмыш бәйгеге 152 автордың 180-ге тарта шығармасы ұсынылған. Бірақ оның отызы байқау талаптарына сай емес болмай шықты. Алайда 122 жас қаламгердің 41 ертегісі, 81 шағын әңгімесі додаға қатысуға лайықты болып, оның он екісіне жүлделі орындар бұйырды.

Додалы бәйгеге қатысты «Қазақстандық қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Қ.Майгелдинов: «Ұлттық сананы тамырынан үзбей, жаңа заманға сай етіп бейімдеудің басты тетіктерінің бірі – жас ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің қайнар көзімен сусындата білу өте өзекті. Қазіргі кезеңде қазақ тілінде балалар әдебиеті бағыты бойынша жаңа есімдер көп емес. Сол себептен, осы жобаға ерекше көңіл аудардық.  Және мұндай байқаулар балалардың әдебиетке, шығармашылыққа, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады деген сенімдеміз», – деп пікірін білдірді. 

Байқау қорытындысы бойынша «Шағын әңгіме» аталымында І орынды Досхан Жылқыбай «Түс көре алатын робот» шығармасы үшін иеленді. «Қозының періштесі» атты әңгімемен Сағынбаева Дәметкен  ІІ орынды иеленді. Ал ІІІ орын Жантас Еркінұлына «Ақ шаш» әңгімесі үшін берілді. Ынталандыру сыйлықтары – Ерзат Молдабекұлына «Мамыргүл» әңгімесі, Ділназ Есболатоваға «Марстағы бір күн» әңгімесі, Айгөлек Өмірбекке «Әке» әңгімесі, Гүлден Жылкелдиеваға «Пума» әңгімесі, Нұрсұлтан Серікбаевқа «Шешілмеген жұмбақ» әңгімесі үшін табысталды. Ал ертегі аталымы бойынша бақ сынасқан жас жазушылардың ішінде «Ренжіскен кітап пен адамды смартфон қалай татуластырды» атты ертегісімен оза шапқан Азамат Әбілқайыр І орынды қанжығасына байласа, ІІ орын үшін Нұржан Нұрбекке бұйырды. ІІІ орын Қазим Тілекқабылұлының «Сиқырлы кітап» ертегісіне берілді. Ал қалған жүлдегерлер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зинаханым КҮНЕШҚЫЗЫ 11:24
Жерім деп өткен ер еді...
Темірғали КӨПБАЙ 10:52
Қойшының түсі
Гүлзира СЕРҒАЗЫ 30.11.2022, 08:47
Раушан сарыны, қобыз зары, аққу сазы
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 15:41
Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы өлі табылды
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 10:09
Дарынды балалар – жарқын болашақтың бастауы
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 22:34
«Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43