Балалардың балалық шағы қамсыз өтсін!

Бифат ЕЛТАЕВА

17.08.2022, 09:04

501

Балаларды қолдау жылы аясында бүлдіршіндерге мейлінше жағдайлар жасалынып келеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң жүзінде билік тарапынан балаларды қорғау үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралардың жүргізілуін тапсырған болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сөзінде«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», деген болатын.

Әрине, балалар біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар келешектің жалғасы болғандықтан, ата-ана болып, қоғам болып, балалардың балалық шағының қамсыз өтуі үшін арнайы заң жобасы да әзірленді.  Яғни Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мұндай заң бала құқығы қорғалу үшін, ешқандай бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін бала құқығы, адам құқығы, қазақстандық балалардың құқықтарының қорғалуын күшейту үшін өте қажет. Себебі, елімізде соңғы жылдары бала құқығының тапталуына қатысты оқиғалар жиі кездесіп жатады. Әсіресе баланы бала деп қабылдап, еңбегін жейтін жайттар да аз емес. Сол себепті, 2002 жылдан бастап, 12 маусым Дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күрес болып бекітілген болатын. Енді биыл заң аясын күшейту мақсатында, әрі басымдықты балаларға бере отырып, «Балаларды қолдау жылы» болып бекітілді.

Осы орайда, қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер жазғы демалысқа шығысымен, өз бетінше табыс тапқысы келеді. Әрине, әр отбасының жағдайы әрқалай болғандықтан, кейбірі отбасына қолғабыс еткісі келеді. Кейбірі өзіне қажетті затты өз еңбегімен алғысы келіп жатады. Осындай сәттерде жұмыс берушілер мен ата-аналар тарапынан кәмелетке толмаған балалардың еңбек заңнамасына аса жауапкершілікпен қарап, заңнаманы қатаң сақтауы маңызды.

Осыған сәйкес, елімізді қазіргі таңда әкімшілік құқық кодексі мен қылмыстық кодексте лауазымды тұлғалар мен бала еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілердің жауапкершілігі қарастырылған. Яғни Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы Заң әрбір баланы бостандығына, қызмет пен мамандық түрін еркін таңдауға құқығы бар екені айтылады. Және таңдаған қызметіне сәйкес, оның қауіпсіздігі де қарастырылады. Егер таңдаған қызметі баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетіндей жағдай болса, ата-анасы мен жұмыс беруші тарап баланы жұмысқа алмауға құқылы. Ал негізінде 16 жасқа толмаған балалардың еңбек етуі дұрыс емес. Мұны әлеуметтанушылар да қолдамайды. Халықаралық еңбек ұйымы да әлемдік деңгейде «16 жасқа жеткенге дейінгі бала еңбегін пайдаланбайық!» деген үндеу тастаған болатын. Және осы ұйымның мәліметіне сәйкес, дүниежүзінде 215 миллион бала еңбек ететін көрінеді. Ал кәмелет жасқа толмаған баланың жұмыс жасауы оның дамуы мен білім алуына әжептәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ бала өмір сүруге деген құлшынысын да жойып жібереді. Бұған дейін физикалық әрі психологиялық тұрғыдан зиян келтіретін, тіпті өміріне қаупті еңбекпен айналысатын балалар көп кездесетін. Бұған дәлел ретінде 5 жыл бұрын құрылыста жұмыс істеп, қауіпсіздік шарасын сақтауды білмегені үшін екі бала жазатайым қайтыс болған болатын. Мұндай қайғылы жағдайға әрине бірінші жұмыс беруші тараптың қауіпсіздік нормаларын сақтамауынан болады. Кейде кішкентай балалардың пойызда, базарда, тіпті көшелерде көліктердің терезесін сүртіп жүгіріп жүретінін жиі кездестіретін едік. Енді мемлекет балалардың мұндай қауіпті жұмыстармен айналыспауын қадағалап, кішкене болсын, мұндай жағдайлар саябырсыды. Осы себептен, балалардың мәселесін шешу ұлттық басымдықтардың бірі саналатындықтан, оның орындалуын ата-аналар тарапы жиі ескеруі тиіс. Баланы еңбекпен шыңдау қажет, бала еңбекке бейімделіп, өсуі керек десек те, кәмелет жасқа толмаған, бұғанасы қатпаған баланы бас салып, жұмысқа салмаған абзал. Осы орайда балалардың жазғы уақытта еңбекпен емес, шынығып, демалуы үшін лагерьлердің саны елімізде артып келеді. Жыл сайын мектептерде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының

кезекті отырыстары жиі өткізіліп тұрады. Бұл әрине, балалардың өз құқығын қорғай білуге өте қажетті екенін бірінші кезекте ата-ана, содан кейін қоғам болып түсінуі тиіс.

Тегтер: бала ана тәрбие үйірме шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 23.09.2022, 11:00
Мәдениет саласына мән берілуде
Нақыпбек Сәдуақастегі 22.09.2022, 11:24
Әділеттілікке жүгіну – адамгершілік белгісі!
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 22.09.2022, 10:13
Жұмекеннің рухы
Жамал ҚАМАШ 21.09.2022, 10:24
GGG-нің Канелоға әлі жетпеді
Әділбек ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ 20.09.2022, 15:54
Ұлықтау
Жамал ҚАМАШ 15.09.2022, 12:51
Нар тұлғалы Нұрмаханов

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41