Балаларға тең мүмкіндіктер әлемі қарастырылды

Бифат ЕЛТАЕВА

22.11.2022, 09:11

661

Балаларды қолдау жылына орай елімізде ерекше күтімді қажет ететін балалардың қоғамда тең мүмкіндікке ие екенін сезіндіру, ортаға бейімделуіне жағдай жасау мақсатында «Тең мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында жұмыстар жүргізіліп келеді.

Атап айтсақ, жуырда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры арасында меморандумға қол қойылды.

 Бұл балалар үшін жасалынып жатқан ең үлкен мүмкіндіктердің бір парасы деп білеміз. Биылғы өткізілген меморандум бойынша, аталмыш құжатқа ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов пен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Ұлжекова ортақ келісімге сәйкес қол қойды. Одан бөлек, өткізілген шараға Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелері мен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет бөлімінің бастықтары қатысты.

Енді бұл шараның негізгі мақсаты мен бағдарына келсек, бұл қор еліміздегі ерекше күтімді қажет ететін балаларды спортқа ынталандыру арқылы дамытып, бейімделген дене шынықтыру мамандарын даярлаумен және арнайы оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеумен айналысады.

Шара аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов «Алдағы уақытта біз сіздердің қормен балаларға қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырып, олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жемісті ынтымақтастыққа қол жеткізетінімізге үмітіміз көп. Меморандумға қол қою арқылы әскери қызметшілердің балаларының мүдделерін қолдаудағы бірлескен жұмыстардың үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз»  деп пікірін білдірді.

Дәл осындай шаралар Шымкент қаласында да жалғасын тапты. Мәселен, жақында Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен оқушылар сарайында «Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер әлемі» атты фестиваль өткізілді. Фестивальға арнайы мектеп-интернаттары мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысып, қолдарымен жасаған бұйымдар көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар өз өнерлерімен көпшілікке керемет көңіл күй сыйлай білді. Шара соңында өнер көрсеткен белсенді оқушылардың еңбектері бағаланып, оқушылар мен ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды.

Өткізілген шаралардың барлығы да балалардың тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып келетінін ұғындыру болып табылады. Сонымен қатар елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына да қолдаулар көрсетіліп келеді. Осы орайда, кеше ғана республикалық қоғамдық штабта ерекше білімді қажет ететін балалардың аналарымен кездесу өткізілді. Оған халықтық коалиция мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ директоры Нұргүл Ұлжекова, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен спорт жаттықтырушылары қатысты.

— Заңнамадағы мүгедектігі бар балалардың пайдасына орай сайлауалды бағдарламалардың әлеуметтік салаға енгізілген өзгерістеріне құлақ түретін мемлекеттің дәлелі екенін байқадық. Жалпы осы шараны ұйымдастырып отырған халықтық коалиция атынан барша қазақстандықтарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды шеттемей, көмек көрсетіп жатқандығына ризамын» деп, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ директоры Нұргүл Ұлжекова пікірін білдірді.

Жиынға онлайн форматта еліміздің өзге өңірлерінен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналр да қосылып, пікірлерін білдірді.

Тегтер: бала ана тәрбие үйірме шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зинаханым КҮНЕШҚЫЗЫ 11:24
Жерім деп өткен ер еді...
Темірғали КӨПБАЙ 10:52
Қойшының түсі
Гүлзира СЕРҒАЗЫ 30.11.2022, 08:47
Раушан сарыны, қобыз зары, аққу сазы
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 15:41
Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы өлі табылды
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 10:09
Дарынды балалар – жарқын болашақтың бастауы
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 22:34
«Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43