«Балдәурен» балалар байқауы

Бифат ЕЛТАЕВА

24.11.2022, 11:52

1901

Биыл балалар жылы болғандықтан, балаларды қолдау аясында елімізде түрлі байқаулар лег-легімен өткізіліп келеді. Яғни, жуырда ғана балаларға арналған басылымдарда түрлі атаулармен байқаулар жарияланған болатын.

Балаларға арналған байқауды өткізуді еліміздегі балаларға арналған жалғыз «Балапан» арнасы да ұмытпады. Толығырақ айтсақ, Қазақстан телерадиокорпорациясы жариялаған «Балдәурен» блалар әндеріне арналған байқау мәресіне жетті.

Онда байқау қорына келіп түскен 109 әннің бесеуі «Үздік ән» атанса, қалған жүзден аса балалар әндері алдағы уақытта өнерпаздар орындауында жарыққа шығатын болды. Балалардың бағын ашып, үлкен өнер сахнасына тәрбиелейтін «Балдәурен» байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деп шешілді. Бұл балалар үшін тәрбиелік, эстетикалық-адамгершілік бағытындағы тәлімдік мәні зор балалар әндерінің жарыққа шығуына, әрі насихатталуына қолдау көрсететін үлкен бастама болып отыр.

Айта кетейік, балалар жылына орай бұл байқауды «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жариялаған болатын. Өнерлі жұлдыздарды анықтайтын бәйгеге еліміздің әр аймағынан алпысқа жуық автордан 109 ән келіп түскен. Соның ішінде «Қуыршағым»,  «Балапаным», «Әңгелек», «Көкорай көктем», «Жау, жаңбыр!» әндері үздік деп танылып, оларға арнайы бейнебаяндар түсірілді.

Байқау туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай: «Балаларға арналған қазақ тілінде жазылған әндер жоқтың қасы. Бұл балабақша, мектепте болсын үлкен мәселе саналады. Сондықтан біз көктемде осындай сайыс жариялап, байқауға кәсіби деңгейдегі мамандар қазылық жасады», – дейді.

Бұдан өзге, балалар шығармашылығының дамуына, әрі ынталандыруға арналған байқаулар еліміздің әр өңірлерінде де өткізіліп келеді. Мәселен, күзде Ақтөбе, Қызылорда облыстарында аталмыш байқау кішігірім деңгейде өтіп, жүлдегелерді арнайы орынмен марапаттады.

Жалпы қазақ тілінде кішкентай бүлдіршіндер үшін әндер өте көп. Дегенмен көбісі ескіріп, тоқсаныншы жылдарда қалып кеткен болатын. Бұл ұйымдастырылып жатқан байқау қазіргі замандағы балалар әнінің көбеюіне деген ықпалы мен ынталандыруы деп білеміз. Аталмыш байқау тек балалар жылында ғана тоқтап қалмай, алдағы уақытта да түрленіп, жылда ұйымдастырылып, өткізіліп тұратынына сенімдіміз.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зинаханым КҮНЕШҚЫЗЫ 11:24
Жерім деп өткен ер еді...
Темірғали КӨПБАЙ 10:52
Қойшының түсі
Гүлзира СЕРҒАЗЫ 30.11.2022, 08:47
Раушан сарыны, қобыз зары, аққу сазы
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 15:41
Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы өлі табылды
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 10:09
Дарынды балалар – жарқын болашақтың бастауы
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 22:34
«Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43