«Балуан Шолақ» ертегідей елітті

30.04.2019, 21:20

273

Әйгілі балуан, ақын,әнші-композитор Нұрмағанбет Баймырзаұлының өмірі мен қайраткерлік тұлғасы жөніндесыр шертетін «Балуан Шолақ» фильмі соңғы екі апта бойы еліміздіңкинотеатрларында көрсетіліп жатыр.

Картина ДулатИсабековтің М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында қойылып жүрген«Жаужүрек» пьесасы негізінде түсірілген. Бұл бұған дейін көбінесе деректітуындыларымен танылған режиссер Нұргелді Сәдіғұловтың көркем фильм жанрындағы бірден-бірсалмақты әрі сәтті жұмысы деуге болады. Ал басты кейіпкер образын сомдағанЕркебұлан Дайыров көрерменге «Бауыржан Момышұлы», «Анаға апарар жол», «Әміре»фильмдеріндегі рольдері арқылы таныс. Фильмге сондай-ақ Болат Әбділманов,Александр Багрянцев, Жанель Мақажан, Сағаділдә Үсібәлі сынды белгілі актерлер түскен. 

Нұргелді Сәдіғұловаталған фильм арқылы танымал тарихи тұлғаның бірегей бейнесін, қиын-қыстаузаманға тап келген өмірін бүгінгі ұрпаққа таныстыруды мақсат еткенін, солсебепті тарихтан мейлінше ауытқымауға тырысқанын айтады. Алайда киноның аты –кино. Өмірде болған, орын алған жайттың барлығын дерлік тегіс қамтып, шынайы көрсетукөп жағдайда мүмкін емес. Бұл аталған фильмге де тән. Мәселен, Балуан Шолақ –сегіз қырлы, бір сырлы жан; ақындығы, әншілігі, сазгерлігі балуандығымен,батырлығымен ұштасқан ерен өнерпаз десек, фильмде соның барлығы бірдей айшықтытүрде көрінбейді. Кейіпкерді оған дейін тек балуан бейнесінде көрген адамсонымен бірге оның әнші, композитор екендігін жәрмеңкедегі таныстыру арқылы ғанабіледі. Ал бүкіл фильм бойына орындайтын жалғыз әні – өзі кепілдікке алыпкеткен Долгоносовтың қызымен тау ішінде отырып айтатын «Ғалиясы». Оның өзі үзінді.

Мұнда өнерліжігіттерден жанына нөкер жиып, ауыл-ауылдағы жиын-тойдың ортасынан табылатынсері бейнесі де жоқ. Жалғыз Ақылбайды ілестіріп, ойға да, қырға да шауып жүреді.Кино ә деп басталғанда шанамен сырғанап жүріп қасқырдың апанына тап болғанда да– екеу; Сыдық болысқа ұзатылғысы келмей, атқа міне салып қашатын Балқаш арудыболыстың сойылсоғарларынан арашалап қалғанда да – жанында жалғыз Ақылбай; Ғалияныіздеп барып, «қалайда жолықтыр», «қалайда тілдестір» деп өтінгенінде де – солжолдасы; қара шекпенділермен алысып жүріп жараланып, түрмеге айдалып бара жатқанкезінде де үйірлі жылқыны қарсы алдынан қаптатып келіп құтқарып қалатын – сол Ақылбай;тіпті «баласы қашып кетті» деп балуанның қарт әке-шешесін қалыңдығымен қосып түрмегежауып тастаған ояздың қызын кепілдікке ұрлап кетіп, жақындары мен басқа да жазықсызжандарды босату, келімсектерді Қайрақтыдан кері алып кету сияқты бірқатар маңыздыталаптар қойып хабаршы жібергенде де – баяғы Ақылбай. Бір қызығы, өз руының балуандарыемес, сырттан келген көк аттының жеңгеніне шамданған Нұрмағанбет болыстың «кірме»деп кемсіте сөйлегеніне де шамданбай, «Мен Каронмен немесе басқаларменбелдескенде әлдебір рудың емес, жалпы қазақтың намысын қорғадым, «Үйсінмін»дегем жоқ, «қазақпын» дедім деген сыңайда, жүзіндегі жымиысын жоғалтпай сыпайыжауап беретін; Долгоносов «пошел вон!» дегенде де жағасына жармаспай, теріс бұрылыпкететін балуан бар ызғарын үнемі жыртысын жыртып жүретін осы жолдасына төгеді:Балқашқа қатысты: «Бәлесінен аулақ, қызды қайтар болысқа» десе де, Ғалияға аңсарыауғанда: «Балқаштың дауы аз болды ма саған, біреудің некелі әйелінде нең бар»деп ақыл айтса да, оқты көзбен, уытты сөзбен бетін қайтарып тастайды. Әңгіме, әрине,онда емес. Осындай ірі сөзді неге өзінің жауларына айтпайды, оқыс мінезін негесоларға көрсетпейді деп ойлайсың. Өйткені көп жағдайда ол жүзінен нұры төгіліп,жымиған күйі жүретін беймарал кейіпте көрінеді.

Балуанның өнерпазретіндегі қыры ғана емес, фильмдегі басқа да бірқатар кейіпкерлердің образдарысолғын, түсініксіз. Мысалы, Балқаш балуанның үйінде кім ретінде жүр: әйелі ме, әлдеәлімжеттіктен арашалап қалған қамқоршысының үйін уақытша паналап жүрген біреуме? Қалай болғанда да, оның іздеуші, сұраушысы неге жоқ? Жәрмеңкеде тосыннанжолығатын Ғалия кім? Балуанның көңілі оған иығына шапан жапқанына бола құладыма? Қай қылығымен сүйікті болды, қай сөзімен сүйкімі артты, түсініксіз.

Фильмді көреркөзге тартымды ететін жайттың бірі – кереметтей табиғат көріністері. Алматыоблысының Кеген, Жалаңаш ауылдарында, сондай-ақ Павлодар қаласы мен КөкшетаудыңБурабай өңірінде түсірілген аталмыш фильмде қазақ жерінің сұлу көркі: орман-тоғайы,тау-тасы, өзен-көлі барынша қамтылған. Содан да кейде тіпті оның тарихи фильмекенін ұмытып, ертегіге елтігендей елтисің. Кадрлардың тез әрі үйлесімдіауысуы, бояулардың қанықтығы ерекше тәнті етеді. Бұл ретте операторлық шеберлікпен заманауи техникалық мүмкіндіктердің оңтайлы ұштасқанын атап өткен абзал.Образдың шынайылығы, тартымдылығы тұрғысынан Еркебұлан Дайыров (Балуан Шолақ), МедғатӨмірәлиев (Ақылбай), Александр Багрянцев (Долгоносов), Сафуан Шаймерденов(ояздың поштабайы) еңбегі зая кетпеген.    

Бір анығы,алғашқы көрсетілімінен-ақ көпшілік «Балуан Шолақты» өте жылы қабылдады. Оғансебеп – картинаның мейлінше қарапайым, көрерменге ұғынықты тілде түсірілгендігіғана емес, көрнекті тұлға өмірінің ұлт тарихындағы маңызды оқиғаларменшендестіріліп шынайы берілуі, туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімніңнегізгі желі ретінде сюжетпен қатар өрілуі болса керек.      

Айта кету керек, фильм «Қазығұрт» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен 2017 жылдан бері түсіре бастаған.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Фото: ruh.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлімғазы Дәулетхан 14:00
Шыңғысхан кім?
Жарлы БАЙҒАНИН 11:00
«Желтоқсанға» араша немесе солтүстікке сапар
Сайт әкімшілігі 10:00
Бақұл бол, Бақытгүл...
Қуаныш ТҰНҒАТАР 16.09.2021, 11:30
Көсемсөздің көкжалы
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.09.2021, 10:30
Қазақтілді балғындардың қиялы шектеліп тұр
Әділбек ЖАҚЫП 16.09.2021, 09:30
Абылай мен Кенесары

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39