БАРЛЫБЕК ҰШҚАН АЛТЫН ҰЯ

07.08.2018, 20:20

543

Верный ер балалар гимназия турасындаСырттан батырдың Тұрлыбегі мен Барлыбегіне алтын ұя болған білім ошағы – Верный ер балалар гимназиясы. Уағында «классикалық» деген статусты иеленген, Патшалық астанасы – Петербордан арнайы шақыртумен келген интеллектуал оқытушылар құрамы болған осы гимназияның тарихы, Барлыбектің қабілетін байқап, талантын шыңдаған бапкері, орыс зиялысы Д. Новактың қамқорлығы, гимназист Барлыбектің оқу үлгерімі туралы аз-кем сөз қозғайық. Верный гимназиясының тарихы[caption id=«attachment_15733» align=«alignleft» width=«300»]Верный ер балалар гимназиясы[/caption]1854 жылы Жетісу даласының көрікті сағасы, көшпелілер заманынан бері керуен сарай болған Алматының орнына Верный бекінісі салынады. 1847 жылы негізі қаланған Қапал бекінісі бұл уақытта облыстық әскери генералдың приставы орналасқан уезд болатын. Верный салынғаннан кейін орталық билік түгелімен жаңа қонысқа қарай көшті. Содан кейін бекініс үлкейіп, уезд дәрежесіне жетті.Аталмыш мектептің ашылуына себепкер болған Жетісу облысының әскери губернаторы, генерал Г.Колпаковский. 1875 жылдың мамыр айында Жалпы мемлекеттік кеңес жиналысында Колпаковскийдің өтініші қаралып, Үкімет тарапынан қолдау табады. Нәтижесінде оқу-ағарту министрі: «Государственного совета Его Императорское Величество Высочайше утвердить соизволил и повелел исполнить. Учредить в Туркестанском крае: а) Управление по учебной части по примеру подобных заведений, существующих в Сибири с определением при генерал-губернаторе главного инспектора училищ; б) Две прогимназии в городах Ташкенте и Верном» деп шешім шығарады.Сонымен 1876 жылдың 1 қыркүйегінде Верный ерлер гимназиясы пансионы қазақ балалары үшін дайындық, 1 және 2 сыныптарға арналып, өзінің жұмысын бастайды.Губернатор Герасим Алексеевич Колпаковскийдің бұйрығымен Түркістан өлкесіндегі училищенің Бас инспекторы А.Кун Петербор қаласына барып, Верный гимназиясы үшін оқытушылар құрамын жасақтайды. А.Кунның үгіт-насихаты бойынша, губернатордың ұсынысын қабыл алып, оқыған орыс және неміс азаматтары Верныйға қоныс аударады.         Бұл кезеңде гимназияда 24 қызметкер жұмыс істеген. Олар: директор, инспектор, 13 мұғалім, тәрбиеші-бақылаушылар.1876 жылы Верный ер балалар гимназиясы алғаш ашылғанда оқуға 6 қазақ баласы қабылданған. Олар: Діңгілбаев Жексенбі, Сырттанов Тұрлыбек, Сырттанов Барлыбек, Жанғазинов Құсайын, Мәмбетов Дәулет, Кенжебаев Шымбай. Осы 6 оқушының ішінен Жексенбі Діңгілбаев қана аттестат алуға жақын қалғанда, ауырып қайтыс болған.[caption id=«attachment_15731» align=«alignleft» width=«185»]Б.Сырттанұлының аттестаты.Құжат РФ, Санкт-Петербор Орталық тарихи архиві, 14 – қор, 3 – тізім, 25876 – іс.[/caption]Бастапқыда гимназияның жеке ғимараты болмауына байланысты оқу процесі Үлкен Алматы станциясында ауқатты верныйлықтардан жалға алынған орындарда жүргізіледі. Гимназияның 1884-1887 жылдары салынған алғашқы ғимараты 1887 жылғы жер сілкінісінен қирайды да, гимназия қаланың орталық бөлігіндегі Старокладбищенский саябағының (бұрынғы Пушкин гүлзары, қазіргі 28 гвардияшы-панфиловшылар паркі) айналасына шоғырланған Верный оқу орындарының кешеніне енеді.1879 жылдың  20 ақпанында гимназия 6 сыныптық болып қайта құрылды. 1881 жылдың 1 шілдесінде 4 сыныптық болып, толық классикалық гимназия мәртебесіне ие болды. Сол сәттен бастап қаланың ең ірі оқу орнының біріне айналып, жоғарғы оқу орнына түсуге арналған грек, латын сияқты ежелгі тілдер оқытыла бастады. Гимназияның алғашқы түлектері 1886 жылы бітіріп шығады.1895 жылы ерлер гимназиясының жаңа ғимараты бұрынғы Губернаторская мен Г.Колпаковский (Қазыбек би және Достық даңғылы) көшелерінің қиылысында салынды. Бұл ғимараттың композициялық шешімі, негізінен, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнерінің стилизаторлық ағымындағы орыс классицизмі сарынына жатады.Ерлер гимназиясын әр жылдары М.Фрунзе, О.Жандосов, М.Тынышбаев сияқты ірі саяси және мемлекет қайраткерлері бітірген.Гимназист Б.Сырттанұлының оқу үлгеріміГимназияға қабылданғанға дейін ағайынды Тұрлыбек, Барлыбек Сырттановтар 1874-76 жылдары Қапал уезіндегі дайындық пансионатында сауат ашып, бастапқы білім алған болатын. Тумысынан алғыр, қабілетті бала оқуға ынты-шынтысымен берілген. Осы гимназияда оқып жүргенінде, Барлыбек империяның саясатына қарсы шығып, ішкі Ресейден қазақ даласына қуғындалған демократ, орыс ағартушыларын көріп, әңгімелескен-ді.[caption id=«attachment_15732» align=«alignleft» width=«185»]Б.Сырттанұлының аттестаты. Құжат РФ, Санкт-Петербор Орталық тарихи архиві, 14 – қор, 3 – тізім, 25876 – іс.[/caption]                                                                                Верный ер балалар гимназиясы губернатордың өтінішімен ашылғандықтан, бұл білім ордасының жөні де, жолы да өзгеше болды. Бұл мектепте  саяси, әдеби-мәдени элитаның және сауда ісімен айналысып, аты шыққан көпестердің  ғана балалары оқыған. Тұрлыбек пен Барлыбек оқуға қалай қабылданды деген жауапты Барлыбек мұрасын жинап, осы күнге жетуіне себепкер болған Кәке (Абдулқадыр) Барлыбекұлының күнделік-дәптеріне сүйенеміз: «Тұрлыбек, Барлыбек ағасы 1-1/2 жасар болу керек. Барлыбектің 8 жас кезі, Тұрлыбек 9-10 жас мөлшері кездерінде Верный, қазіргі Алма-Аты қаласындағы жандарал атынан екі қазақ баласын Верный гимназиясына жіберіңдер деген «отношение» Қапалдағы уезд. нач.-қа келеді. Нач.уезда Ерентал болу керек. Ерентал Матай елінің болыстарына екі бала гимназияға оқуға беріңдер деп жар салады. Бірақ байлар болсын, болыстар болсын, біз балаларымызға қазақ әдетімен келін атастырғамыз деген өбекпен оқуға беретін баламыз жоқ дейді. Ол күндегі бермеу себебі ел ішінде «балалар алысқа кетеді – ауық, ауық көрмейміз, жапа ішке барған соң бұзылады яки шоқынып орыс болып кетеді» деген өсекке ерушілер болады.  Уезд.нач-ка Сырттанның бес ұлы, бір қызы бар, соған айтыңдар деген ұсыныстарды болыстардың біреуі айтады. Жанғазы деген (бақы) уездің тілмашы айтса керек. Жанғазы бақы деген елден. Арасан Суықсайындағы Жанғазының бірінші әйелі менің шешем Еркежанның немере апасы болу керек. Арасан Төлеңгіті.                                                                      Нач-к уезд Сырттанға бір стражник жіберіп шақыртып алдырып: «Сен гимназияға екі балаңды бер», – деп түсіндіреді, Сырттан «ел арасында өсек бар, балаларым шоқынып яки бұзық болып кетсе қайтем» деп жалтаңдайды. Нач. уезд Ерентал «балаларың шоқынбайды, бұзық болмайды» деп сендіреді.                  Н. уезд крестился и Сырттан поверил. (Не ошибея). Сырттан сеніп, мақұл дейді, сол күні Көкқиа тауындағы Қарашоқыдағы үйіне келіп, шешесі Мінсіз, әйелі Күлдарыға «жаңа басқа жанашыр ағайындарға, нач. уезд-ға уәде бердім, Тұрлыбек, Барлыбекті Алма-Атыға оқуға жіберетін болды» деп айтады. Ар тұрлы десем сөздер көбейеді. Сырттанның шешесі Мінсіз «берейік, балалар оқуға барсын, екеуінен басқаларын асырап, өсірсең де жарар дейді». Сырттан батырдың қос ұлын қалай оқуға түсіргені туралы жазылған шынайы дерек осы. Кәке Барлыбекұлы (1898-1972) 1960-69 жылдар аралығында әкесі туралы төрт күнделік-дәптер жазған екен. Кәкенің күнделік-дәптерінде Барлыбектің ататегі, өмір жолы және қоғамдық-саяси қызметі, қызметінен қалай босатылғандығы туралы жазылған. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, осы күнделік-дәптерлер Барлыбекті тану, тұлғасын зерттеу үшін құнды мәлімет болып табылады. Санкт-Петербург қаласындағы Орталық мемлекеттік архивінен тапқан бір құнды құжатымыз – Барлыбек Сырттанұлының Верный гимназиясын тәмамдағанын дәлелдейтін аттестаты («Аттестать зрелости»). Аттестатына зер салып қарасақ, орыс тілі – 4, латын тілі – 4, логика – 4, арифметика – 5, алгебра  – 5, геометрия және тригонометрия – 5, физика – 5, жаратылыс тарихы – 4, космография –5, тарих – 5, география – 5, неміс тілі – 5, зейін қою – 5, ынтасы – 5, тәртібі– 5 болған екен. Осындай қағілез, алғыр қабілетінің арқасында орыс тілін жетік меңгеріп, өзге тілдерді де меңгеруге ниеттенген. Ал ағасы Тұрлыбектің де оқу үлгерімі жақсы, озат болғанымен, оның денсаулығы сыр беріп, оқуын ары қарай жалғастыра алмаған.Новактың көрегендігі мен қамқорлығы1876-81 жылдары  гимназия директоры, кейінірек Верный қалалық оқу-ағарту саласының бас инспекторы болған Драгутин Касперович Новактың қазақ балаларына деген көзқарасы, қамқорлығы ерекше болған. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Алматы қаласының тарихы туралы жазылған ескі деректерді қарасаңыз, Д.Новактың азаматтығы туралы айтылған жақсы пікірлерді көп кезіктіресіз. Мәселен, осы гимназияның 1900 жылғы түлегі, 1907 жылы ІІ мемлекеттік думаның депутаты болған, Алаш Орда үкіметінің министрі, қазақтың көрнекті тұлғасы Мұхамеджан Тынышбайұлы: «...1876 жылы генерал Колпаковскийдің араласуымен Верныйда қазақ балаларына арналған пансионы бар ерлер гимназиясы ашылды. Алғашқы директор, марқұм Новактың қазақ балаларына деген әкелік қамқорлығы және оның жергілікті халықтан шыққан жасөспірімдерге адамшылық ықыласпен ден қойған педагогтарының құрамы біздің жадымызда қарапайым әрі ұлы адамдар бейнесінде қалып қойды; гимназияның екінші директоры, менің тәрбиешім, бүгінде Верный тұрғыны М.В.Вахрушевты да құрметпен еске аламыз; бұл ағарту жұмысына жан дүниесімен берілген қарт жазда кездейсоқ ұшырасқан қазақ балаларын жинап алып сабақ оқытатын, орысша үйрететін», деп еске алады өзінің Түркістан генерал-губернаторына жазған хатында. Расымен, Д.Новактың қамқорлығын көрген, тәлімін алған қазақ жастары өте көп. Соның бірегейі – Барлыбек. Бала Барлыбектің талантын, алғырлығын байқап, оның орыс және әлем әдебиетінің классикалық туындыларын оқуына кеңес берген. Гимназияны тәмамдайтын жылдың көктемінен бастап, Новак мырза Барлыбектің жоғары білім алуына барын салып, генерал-губернаторға бірнеше рет кіріп, оның оқуы үшін арнайы грант бөлдіреді. Міне, бұл нағыз педагог, зиялы азаматтың ерлігі еді. Новактың шапағатымен айы оңынан туып, Барлыбек Жетісу өңірінен тұңғыш болып Петерборға барып, жоғары білім алады. Тұрлыбек пен Барлыбек оқып, жетілгенге дейін ел-жұрт Сырттанды сынап, мінеп отыратын-ды. Екі ұлы ел тізгінін ұстағанда өзінің үміті ақталғанын сезіп, айналасына Сырттан да кеудесін кере сөйлеген екен.Бала күнінде Д.Новактан көрген жақсылығын ұмытпаған Барлыбек облыстық басқарманың жауапты қызметінде жүргенде өзінен кейінгі қазақ балаларының оқу оқып, білім алуына көп көмектескен. Мысалы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Жұбаныш Бөрібаевтар Верный ер балалар гимназиясына осы Барлыбектің қолдауымен оқуға түскен. Фото: sites.google.comЕлдос ТОҚТАРБАЙМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 10:33
Тоқаев Елена Рыбакинаны жаңа жеңісімен құттықтады
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 08:34
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте өз рекордын жаңартты
Кәкен ХАМЗИН 17.03.2023, 07:20
Есімде, бәрі есімде
Кемел ЖАН 17.03.2023, 05:30
Берлин көрмесінің көзайымы
Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ 16.03.2023, 17:53
Ғаламдағы адам
Асқар ТҮКБАЕВ 16.03.2023, 10:11
Қазақ мультфильмінің атасы – Әмен Қайдаров

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28