Бес тағдыр – бес тал гүл

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

02.03.2021, 10:44

2942

      Өткен аптада Жамбыл облысы Жаңатас кентінде қайғылы жағдай орын алды. Көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, бір үйдің бес баласы өртеніп кетті. Сол күні елге есеп беріп жатқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың мінбесінің маңдайындағы елтаңба жерге құлады.

БЕС ТАҒДЫР – БЕС ТАЛ ГҮЛ

                    (баллада)

Есепті әкім бермей, кім береді?

Үңіліп камераға іргедегі,

Еліне онлайн есеп беріп,

Сөйлейді әкім мырза мінбедегі:

— Біз қатты дамып кеттік жарты жылда,

Үй салынып, газ бен су тартылуда.

Халықтың ахуалы жақсы қазір,

Барлығы да жұмыспен қамтылуда.

                         ***

Жаулаған Жаңатастың ес, жанарын,

Шаттық ойын-күлкісі-ай бес баланың,

Ойнайды олар,

білмейді, қайдан білсін,

Осы кештің азалы кеш боларын?!

Жұмысқа кетіп қалған әкелері,

Бұйырса, адал ризық әкеледі.

Анасы да дүкенге шығып кеткен,

Бәлкім, сол жасағаны қате ме еді?

Қателік қайғыменен өтеледі.

Ана неге кешікті?

Сағындырды

деп елеңдеп бес бала шауып жүрді.

Бір мезетте олардың бөлмесіне,

Анасы емес,

Қып-қызыл жалын кірді.

Қанатын қақ төбеңнен жайса жалын,

Құтылмаққа қылатын қайсы амалың?

Үйдің ішін жалмаған аждаһа – өрт,

Бесігіне таяды Айсананың.

Ажал жұтты ақыры бес тағдырды,

Естігенде ауысып ес қаңғырды.

Анасы тауып алды өрт орнынан,

Күлге кеткен айналып бес тал гүлді!

                   ***            

Есеп беру жиыны жалғасуда,

Әкім тұр ақ мінбенің дәл басында.

— Қолдаймыз көпбалалы аналарды,

Мемлекеттік саясат арнасында.

Әкім айтып жатқанда жаңалығын,

Жаңатасқа орнаған қаралы күн.

Мінбенің маңдайында жарқыраған,

Елтаңба құлап түсті.

Жаман ырым!

Жаман ырым жанарды бұлдыратар,

Көз алдымда бес сәби тұрды қатар.

Құлаған Елтаңбамды кім көтерер,

Ал жылаған ананы кім жұбатар?

Тегтер: бес бала бас тал гүл мәселе әкім жергілікті әкімдік үкімет

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:21
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 11:41
Қазақтың аса көрнекті ақыны Есенғали Раушанов өмірден өтті
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН 16.04.2021, 09:47
Луиз ГЛЮК: Біз ешкім де емеспіз
Қоранбай ШӘКІРҰЛЫ 16.04.2021, 03:27
Бейқамдық па, бейшаралық па?
Еркежан Арын 14.04.2021, 20:32
«30 еңбек елшісі» – жастар саясатын жетілдіру бастамасы
Айт-МАН 13.04.2021, 15:24
Хан Кененің басы отанына оралмақ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24