Бір Алла дегеніне сеніп қалдық – Тұрсынбаеваның тренингіне қатысқандар өкініп жүр

Сайт әкімшілігі

14.01.2022, 14:20

6657

 Айнұр Тұрсынбаеваның «Теңіздегі тренинг» курсына қатысқан қазақстандық қыз-келіншектер әлеуметтік желіде ақынға алданғандарып айтып, өкініштерін айтып жатыр. Олардың хаттарын елімізге белгілі дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram парақшасында мәлім еткен. 

Тренингке қатысушылардың сөзінше, араларында әрең жүрген қарт кісілер де болған көрінеді. Мотивациялық тренинг қатысушылардың көңілдерінен шықпаған.

Қатысушылар соңғы жылдары орамал тағып, аузынан Алласын тастамайтын ақынның сөзіне еріп кеттік деп отыр.

«Басқа-басқа ол «апам» солай жасайды деп ойламаппын. «Бір Алла» деп сөйлегенге сеніп қалдым. Алаяқтарға кеткен ақшама ішім удай ашып, жыладым. Олар туралы Хавва деген Ыстанбұлдағы қыздың инстасына коммент жазып едім, шабармандары шығып, «адвокатымыз сізді іздеп жатыр» деді. Хавва деген қыздың туризмге заңды турлары бар екен. Айнұр енді сол қызды сағалап жүр, өте қу екен. Жұрттар жамандаса «біреудің өмірі ғой, біреу туралы айтпа» деп қорғайтын едім. Енді жүрген жерімде «мүмкін болса алданбаңыздар» деп айтып жүремін. Алла есіркесін, одан басқа айтар сөзім жоқ», — деп жазды Бота есімді тренинг қатысушысы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Төреғали ТӘШЕНОВ 18:01
ҚАҢТАР. ҚАРА ҚҰЗҒЫН
Бифат Елтаева 25.01.2022, 14:28
Жанат Бақыт: «Қазақи киімді тек наурыздың 22-сі күні киетін әрекетіміз ұнамайтын»
Думан Рамазан 25.01.2022, 10:36
ТОР (әңгіме)
Ғарифолла ЕСІМ 20.01.2022, 16:06
Ойлан, қазақ!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 18.01.2022, 16:08
Қаза тапқан сарбаздардың ордені ата - анасына табыс етілді.
Сайт әкімшілігі 10.01.2022, 09:58
"Жас Алаш" төтенше жағдайдан кейін қолдарыңызға тиеді

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48