Бір жыныстылар мультфильмде

балаңыз не көріп жүр?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

30.09.2022, 13:21

1926

Бала өзіне айтылған сөзден гөрі көзімен көргенін бірден ұғып, санасына түйіп алады. Осыдан болар қоғамда «баланы тәрбиелеме өзіңді тәрбиеле» деген сөздер жиі айтылады. Ал бүгінгі заманда ақпараттары сәт сайын алмасып, жалт-жұлт еткен дүниелерімен жасты да, кәріні де бірдей еліктірген ғаламтор әлеміне құмартпайтын бала жоқтың қасы.

Бұрынғы жылдары ойынға құмартқан баланы даладан үйге ата-анасы кіргізе алмай әуре болса, енді бүгінгі заманның ұялы телефонға телмірген баласын далаға ойынға шығару қиындап барады. Тіпті бұғанасы қатпаған жас баланың ғаламтор желісінен не көріп жүргенін сәт сайын қадағалап жүрудің өзі қиынға соғады. Дегенмен ата-ана тарапынан бақылаудың болуы маңызды. Бүгінде ойын баласына көруге арналған мультфильмдердің ішінде бала түгілі ересектердің өзі түсіне бермейтін келеңсіз оқиғалар көп кездеседі. Енді мультфильмде бір жыныстылар туралы эпизод пайда болды. Мұндай сорақылық балалар қызығып көретін «Свинка Пеппа» мультфильмінде көрініс береді. Бұл туралы Меtro сайты хабарлаған болатын. Шошқалар кейіпкері болған мультсериалдың «Отбасылар» деп аталатын сериясында басты кейіпкер Пеппаның ақ аю досы пайда болады. Ол «Мен Пенни ақ аюмын. Мен өзімнің анаммен және тағы басқа анаммен тұрамын» деп бір жыныстылардан тұратын отбасының суретін салып береді. Осы көрінісі бар мультсериал әлем елдеріне тарап кеткен. Енді шығып жатқан мультфильмнің жаңа сериясын балалар ғаламтордан оңай тауып көруі мүмкін. Британдық мультфильмді біздің елдің балалары да қызығушылықпен қарайды. Батыс мәдениеті мен дәстүрінің қазақ елі үшін кереғар келетін тұстары өте көп. Дегенмен балаларға мұндай сорақылықты көрсетіп, балғындардың санасын улау, түзелуі қиын үлкен қателікке алып баруы сөзсіз. Жақында әлеуметтік желіде «Қазақстан ата-аналары» деген атпен құрылған топ «Свинка Пеппа» мультсериалын Қазақстанда көрсетуге және ойыншықтарын сатуға тыйым салсын деген талап қойып, петиция жариялады. 9 қыркүйекте әлеуметтік желіде жарияланған петицияны әзірге қолдайтындар саны екі жүзден ғана асқан. Петицияға қарсы дауыс берген Қазақстан азаматтары да бар. Бұған дейін шетелдік сарапшы, балалар тәрбиесіне қатысты кеңесші Софи Джайлз бұл мультфильмнің бала тәрбиесі мен психикасына зиянды әсерін тигізетінін мәлімдеген болатын. Кеңесшінің пайымдауынша мультсериал кейіпкерлері шошқаның торайлары әкелерін үнемі мазақ қылып, ересектерді сыйламайтын, тыңдамайтын қылық көрсетеді. Сарапшы мұндай көріністі балалар қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін екенін айтады. Ал бір жыныстылардың отбасы туралы мультфильм көретін қазақ баласының ертеңі не болмақ? Балалар мұндай сорақы әрекетті адамның өз еркі, құқығы деген түсінікпен өссе – Құдай бетін ары қылсын, ата-ана үшін үлкен қайғы болары сөзсіз.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зинаханым КҮНЕШҚЫЗЫ 11:24
Жерім деп өткен ер еді...
Темірғали КӨПБАЙ 10:52
Қойшының түсі
Гүлзира СЕРҒАЗЫ 30.11.2022, 08:47
Раушан сарыны, қобыз зары, аққу сазы
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 15:41
Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы өлі табылды
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 10:09
Дарынды балалар – жарқын болашақтың бастауы
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 22:34
«Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43