Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең - істің бәрі бос

О.Т.Айдаров

20.10.2020, 04:26

753

Біз қазақ, кісінің жақсы жағын айта алмаймыз, ал кішкене қатесін көрсек соны жалаулатып жамандаймыз. Оның анық-қанығына түсінбей, бір жерден алып жерге саламыз.

Осы жерде бұл әңгімемнің басында Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың мына сөздерін келтіре кеткенді жөн көріп отырмын: Қолымда өсіп толғандарды да, болмай жатып болғандарды да, бүгін иіліп жүріп, ертең қайқиып шыға келгендерді де мен көргенмін. Шын жүріп, шын сөйлегенге, адал жүріп, ағынан жарылғанға не жетсін. Аласа биікпен таласа алмайды, арамдық адалдықпен жараса алмайды; бақ-дәулет жетекке жүрмейді, бар деген жеріңе бара салмайды. Сондықтан әдептен озбаған, босқа құлашты созбаған, қарап жүріп тозбаған жақсы. Дәулетсіз бақ болмайды, қадірсіз тақ болмайды, жаңылмайтын жақ болмайды – абайлап басып, анық сөйлеген жақсы, – дейді. Керемет айтылған сөз.

Бірде Хрущевтың көмекшісі Шевченко кремльде аса көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Ташеновты кезіктіріп қалып, «осы қазақты құрту керек дейді де, әй, бірақ, оған бас қатырып қайтемін, бұл менсіз де орға жығылғалы тұр. Қызғаныш пен күншілдік дерті меңдеген өз қазағы аяқтан бір шалса болды» деген екен.

Өзі жас, өзі бас министр Асхат Аймағамбетовке соңғы кезде шүйлігушілер көбейіп кетті. Жас алаш газетінің 15 қыркүйектегі №74 санында «Министр шешілмей жатқан түйінді әлсіз ұстаздарға артқысы келе ме?» деген мақала жарияланды. Газеттің осы санында Дос Көшім ағамыз «Орыс әдебиеті» туралы айтып отыр. Ол да дұрыс, біз жас шәкірттерімізді әлем классиктерінің әдебиетімен таныстыруымыз қажет.

Қарлығаш Зарыққанқызының сөзінің жаны бар – тәуелсіздік алғалы бері еліміздің ең маңызды, халқымыздың капиталы болып саналатын жастарға білім беріп отырған Білім саласында  10-нан астам білім министрі ауысыпты. Бір министр өзі бастаған реформасын аяғына дейін жеткізген жоқ. Ал оған қаншама миллиондаған қаржы жұмсалды. Оның сұрауы қайда? Ешбір министр кетерінде ол туралы есеп берген жоқ, үкімет қайда қарап отыр. Тек қолданған шарасы – орнынан алып тастайды. А, тастамайды, қайтадан басқа жайлы креслоға орныға кетеді. Қандай күшті ескірмейтін, әй негізі, Ес  кірмейтін саясат шығар осы.

Енді келіп, осының бәрін жас Министрден сұрап отырғандай. Оның бұл жерде ешқандай қатысы жоқ деп ойлаймын. Оны кезінде депутаттар неге сол Министрлерден сұрамаған. Ит үреді, керуен көшедінің кейпін киіп отырғандай немесе ақсақ қойдың сюжетіндей болып отыр.  

Мен жоғарыда «Қызғаныш пен күншілдік дерті меңдеген өз қазағы аяқтан бір шалса болды» – деген сөзді жай келтіріп отырған жоқпын. Басқа ел, жұрт қазақты осылай сынайды. Бетімізге күліп қарағанымен, сыртымыздан мысқылдап жүреді.

Ау, үлкен буын ағалар Сіздер қайта осындай білімді, алғыр жастарға білгендеріңізді үйретпейсіздер ме?! Бізде тек кері тарту, біреуді жазаласақ қана беделіміз өсетіндей көреміз. «Жерден жеті қоян тапқандай» қуанамыз. Асхаттың бір сөзін іліп алып, аспандатып жатырсыздар. Қазақта мынадай сөз бар, оны жағарыда айтып кеттім «Жаңылмайтын жақ болмайды»  деген. Тіпті ең ақылды, тақуа дегендеріңнің өзі де қателеседі. Тек Алла ғана қателеспейді.

«Жас келсе, іске», осылай деген дана қазақ қай заманда болмасын, жастарға зор үміт артып, игі істің бастауы ретінде қараған. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жастарға сенім артқан Мағжан Жұмабаев та жаңашылдық пен адалдықтың негізі – жастар екендігін айтқан. Үш жүздің басын қосып, күллі қазақ халқын біріктірген Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» – деген сөзінің өзі қазіргі заман жастарын білімге жетелеп тұрғандай. Қысқасы, жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің болашағы.

Жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші. Оларға қолдау көрсетіп, жағдай жасау – болашаққа құйылған инвестиция.

Бiреудiң жоғын бiреу iздесе, ысқырып жүрiп iздейдi – деген сөз де бар біздің халықта. Сіздер соны ысқырмай, байбаламға салмай, ушықтырмай,  қайта оны шешудің жолын іздеңіздер. Онсызда мына ушыққан заманда, үйде балаларын зорға ұстап отырған ата-аналар бұл сөздеріңізді естіп «Уралап» кетуі де мүмкін. Тыныш отырған елдің санасына қозғау салмағандарыңыз жөн..

Ардагер ұстаз Аманғайша Қасымжанова: – Мұғалімді әлсіз немесе әлді деп екіге бөлуге болмайды – дейді. Шындығында, «әлсіз» сөзі күшке байланысты пайдаланылатын сөз. Дүниеде кез-келген жаратылыстың қарама-қарсысы болады. Олсыз біз жақсы мен жаманды, әлсіз бен әлдіні, суық пен ыстықты теріс пен оңды т.б. көптеген дүниені ажырата алмас едік, солай Құдай өзі жаратқан. Сонымен қоса, Ұлы Абайдың өзі «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан, жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық»  деген. Яғни, ұстаздың жақсысы, жаманы болатындай, әлсізі мен әлдісі де болатын сыңайлы.

Сөз соңында айтарым бір-бірімізді мақтап, мадақтап жүргенге не жетсін. Жаман сөздің бәрі айналып келіп, өзіміздің Қазаққа келіп тиеді емес пе, таяқтың екі ұшы бар – дегендей. Өз бауырыңды жамандағанмен, саған біреу жақсысын әкеліп бере ме?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ 11:00
"Жабық тақырып жөніндегі ашық әңгіме"
Бифат ЕЛТАЕВА 23.11.2020, 14:38
Алтын адамның алтынын сақтап, бас сүйегін қайда жібердік?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.11.2020, 03:30
Гиннесс рекордтарын жүзіммен жаулаған бағбанды мемлекет неге қолдамайды?
Сайт әкімшілігі 18.11.2020, 16:15
Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 17:26
Жезқазғанда Алаша хан мен Жошы ханның кесенесі қараусыз жатыр
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 10:24
Қош бол, "Б"

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56