Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізеді

Сайт әкімшілігі

23.01.2023, 07:07

753

Димаш Құдайберген әлем елдері бойынша «Stranger» атты турнесін жалғастыруда. Турне аясында қазақстандық әнші Түркияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Жас Алаш  dimash.news Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

«»DimashAli«шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды», — делінген парақшада.

Билеттер сатылымы https://www.dimashali.com сайтында Астана уақытымен 23 қаңтар күні, сағат 12:00-де басталды.

Акдениз университетінің көпфункционалды стадионы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Сыйымдылығы – 7100 адам.

Айта кетейік, Димаш «Stranger» әлемдік турнесін Алматы қаласынан бастаған болатын.

Түркиядағы концертіне дейін Д.Құдайберген 29 сәуірде Армениядағы фанаттарын қуантпақ. Концерт ірі кешендердің бірі, 12 мың көрерменге арналған Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінде өтеді. Билеттерді алдын ала сату 31 қаңтарда аяқталады.

Ал 24 маусымда қазақстандық әнші Малайзияда жеке концерт беруді жоспарлап отыр.

Тегтер: музыка Димаш Құдайберген

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 31.01.2023, 10:50
Бақыт Қажыбай, актер: Алаш рухын оята алсақ, үлкен жетістік сол!
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 10:40
Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:34
Димаш Құдайберген Шанхайдағы фестивальға қазылық етеді
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 26.01.2023, 16:13
Күнәнің бергі беті
Тұрсын ЖҰРТБАЙ 26.01.2023, 10:23
Құрыш құйма немесе «Жерім үшін жаным ауырады...»
Есенгелді СҮЙІНОВ 25.01.2023, 11:31
Қимас жандай болған мысық

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28