Доп ойнаған тозбайды

Сұлтанғазы ҚОҚАБИ

22.10.2020, 03:38

918

Ала доптың  соңынан жүгірмейтін бала бола ма? Футбол десе бәрін ұмытып, бала қиялы өзін бір үлкен футбол әлемінде доп теуіп жүргендей сезінері анық.  Мұндай сезімдер барша бала секілді, өз басымнан өтіп әлі сол қиялды ұштаумен келемін.

Сонау кеңес кезеңінде еліміздің маңдайына біткен жалғыз үміті «Қайрат» жеңсе –масаттанып, қапы кетсе – қайғыратынбыз. Сол «одақ» кезіндегі бүкіл ауыл баласының аңсары аңыздай болған Тимур Сегізбаевтай – шабуылшы,  Құралбек Ордабаевтай –қақпашы, Сейілда Байшақаовтай – тас қамал қорғаушы болуға ұмтылып, соларға қарап өздерін шынықтырып шыңдалып өсті.  Сол жылдарда бұқара спорттың ішінде әсіресе,  футбол ойынының кең дамуы байқалғанды.

Ал қазір ше? Еліміздің бүгінгі футбол жайлы толғана сөз қозғасақ. Мысалға ел тәуелсіздігі тұсында туылған «ордабұзар» отызға толып отырған ел жастарымыздан құралған ұлттық құрамамыз әлем чемпионатының Еуропалық іріктеу жарысында өз тобынан шықпақ тұрмақ, топ түбінен бір көтеріле де алмай келеді. Осындай да шіркін-ай  дейсің. Қазақ футболы бастапқыда Азия құрлық аймағында жүре бергенде, бүгінге дейін  әлем біріншілігі жолдамасын да алып бағымызды сынап қалар ма едік?

 Мұның түпкі себебі – «өзіңнен тумай ұл болмастың» кері сияқты.

Бар мәселе қазақ футболы өз еркімен 2002 жылдан Еуропа футбол одағына кіргелі бері отандық кәсіпқой футбол клубтарына жалдамалы жат елдерден қыдырма «легионер» ойыншыларға толтырып, бірақ одан қайтарым болмасын біле тұра, өзіміз тәрбиелеп отырған түлектеріміздің бағын байлап отырғызып қойып, олар өз  жерінде  жүріп  өгейдің күйін кешуде.

Сондықтан да қазақ футболының намысын өз ұландарымыз қорғау үшін, қазақ баласы доп тебуіне барынша мүмкіндік жасау керек деген ой-пікір, ұсынысымды айтудай айтып, жазардай жазып та келемін.

Расында, қазіргі отандық футбол клубтарында ойнап жүрген әрбір келімсек футбол ойыншыларына  ай сайын 8-9 «миллиондап» теңгелік жалақы беріп отырғанымызды  білмейтін жан жоқ шығар. Бірақ оны білетұра, одан  қайтарым да болмайтынын тағы көріп те отырмыз.  Сонда қыруар қаржыны босқа шашқанша «өзіңдікі өзектен тепсеңде де кетпейтіні» дегенді ұстанып, сырттан бөтен ойыншыларды алдырып» жаман үйренген арадағы делдалдар  мен жемқорларды ығыстырып, өзгеге жағымпазданудан бірте-бірте арылып, өз тәрбиелеп шығарған түлектеріміздің өзгеден еш кем соқпайтынын дәлелдеп, көзімізді  жеткізуіміз керек. Ал жаттың аты – жат, сондықтан «өзгеден  тартып ал, өзіңдікін сатып ал» деуіміздің өзі ертеңгі  бізге  абырой әкелері сөзсіз. Намысымызды өз өреңдеріміз ғана қорғай алады.

Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйінін айтсам, өзегімнен жарып шыққан мына теңбіл доп төңірегінде  айтылған өлең шумақтарымды жіберіп отырмын. Оны жариялап жатса, біреуі болмаса да біреуі оқыр, көзіне түскені болса, көңіліне тоқыр дегім келеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ 11:00
"Жабық тақырып жөніндегі ашық әңгіме"
Бифат ЕЛТАЕВА 23.11.2020, 14:38
Алтын адамның алтынын сақтап, бас сүйегін қайда жібердік?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.11.2020, 03:30
Гиннесс рекордтарын жүзіммен жаулаған бағбанды мемлекет неге қолдамайды?
Сайт әкімшілігі 18.11.2020, 16:15
Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 17:26
Жезқазғанда Алаша хан мен Жошы ханның кесенесі қараусыз жатыр
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 10:24
Қош бол, "Б"

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56