Есірткіге еліткендер, алаяққа алданғандар

Кемел ЖАН

16.08.2022, 15:14

774

Қазақстанда есірткі бизнесі мен алаяқтардың араны ашылып тұр. Оларға қарсы қаншама жұмыс жасалса да, бұлар айылын тыяр емес. Дегенмен жұмыстың нәтижесі бар. Жылдан-жылға бұл бизнеспен айналысатын алаяқтардың қатары кеміп, полиция тарапынан нәтижелі жұмыстар жасалуда.  

Алдымен есірткіге тәуелділерге тоқталсақ. Мысалы, Айгүл Қасенова ерікті ретінде есірткіге тәуелді болып қалғандарды емдейтін арнайы орталыққа келіп жұмыс істеп тұрады. Өйткені оның өзі бұрын осы құмарлықтың құрығына ілініп, әрең құтылыпты. Сондықтан өзі сияқты есірткіден жапа шеккен адамдарға көмектесіп, құмарлықтан құтылудың қыр сырымен бөлісіп, емделіп жатқандарға өз басынан өткен оқиғаны айтып, жігерлендіріп отырады екен.

Айгүл бізге берген сұхбатында «Бірнеше жыл бұрын өзім де есірткіге құмар жандардың санатында едім. Содан не керек, есірткіден айықтыратын орталыққа келіп, қаралып, ем алып, тәуелділіктен бірте бірте құтылдым. Содан кейін, оқуға түстім, оны оқып бітірдім. Жұмысқа да орналастым. Ал уақытым болған кезде, яғни қолым бос болған күндері осы медициналық орталыққа келіп, есірткіге тәуелді болып қалған, өмір жолы бұралаңға түскен жастарға көмектесемін. Жалпы, бұл індеттен құтылудың ең өнімді жолы науқастармен ашық сөйлесу, сырласу, олардың жан дүниесін ақтару. Осы методика ғана тәуелділіктен құтқарады» деп өз басынан кешкен оқиғамен бірге, есірткіге тәуелділіктен айығудың өзіндік әдіс тәсілін айтып берді.

Соңғы жылдары есірткіге тәуелділердің арасында мектеп жасындағы оқушылардың саны артқан. Мысалы, осы айықтыру орталығына жуырда ғана екі жасөспірім түскен екен. Екеуі де химиялық есірткімен уланған. Әдетте, мұндай жаман әдетке үйренгендер өз еркімен келіп емделмейтіні анық қой. Бірақ орталыққа келіп емделіп жатқан адамдардың 80 пайызы өз еркімен келгендер болып шықты. Әлгі емделіп жатқандардың арасында 23 жастағы айдан сұлу Айгерім де бар болып шықты.

Айгерім Ерәлиева: «Өзінің денсаулығын ойлаған адам есірткіні қазірден тастауы керек деп ойлаймын. Жаман жолдағы балалармен сөйлеспеу керек екен, ата анамның ақылын тыңдамаушы едім. Қазір соған өкінемін» – дейді.

Әр жылы әртүрлі есірткіге әуестік жастар арасында таралады. Мысалы, қазір синтетикалық есірткі «мода» екен. Осы түріне еліткендер күн санап артып жатқан көрінеді. Ондай құмарлықпен ауырғандарға заманауи медициналық бағдарлама жасалған. Сол арқылы көмек көрсетіледі. Мұндай науқастарға емдеу-сауықтыру шаралары мемлекеттен тегін көрсетіледі. Мысалы, психолог-дәрігер Гаухар Бектайтың айтуынша, көп жағдайда орталыққа келіп емделіп шыққан науқастардың көбі ем-шарадан кейін бұрынғы ортасына қайта қосылып жатады екен. Сондықтан дәрігерлер науқаспен ғана емес, оның отбасындағы адамдармен, ата-аналарымен де жұмыс істейді. Есірткіге тәуелділердің бәрі жаман адамдар деген түсінік болмауы керек. Гаухар ханым осылай дейді. Емделіп шыққандардың арасында үлкен қызмет істеп, тіпті тұлға болып кеткендері де көп көрінеді. Сондықтан есірткіге тәуелділікті айықпас дерттен гөрі, адамның нәпсімен күресіне жатқызу керек сияқты. Былтырғы жылмен салыстырғанда Астанада есірткіге тәуелді адамдардың саны 14 пайызға кеміген. Мысалы, өткен жылы еліктіргішке тәуелді азаматтардың саны екі мыңдай адам болса, 2022 жылдың сегіз айындағы көрсеткіш 1500 адамға азайған.

Республика бойынша айтсақ, мысалы, былтыр 18693 адамды нашақорлықпен есепке тұрған. Ал 2020 жылы 20259 адам ресми тіркеуде тұрғанын айта кетейік.

Бұл есірткіге тәуелділер туралы дерек-дәйектер. Ал елімізде бұдан бөлек, алаяқтардың қылмысы да асқынып тұр. Мысалы, Астанада бір азамат 9 млн теңгеге алданып қалыпты. Зардап шегуші Рамазан деген жігіт «Суич корп» деген жалған мобильді қосымшаның құрбаны болған. Рамазан Ареновтың айтуынша, ол ұялы телефоннан әлгі қосымшаның жарнамасын көріп қалады. Содан не керек, «Суич корп» компаниясының өкілдері мұны арбай бастайды. Үйден шықпай табыс табатынын айтыпты. Р.Аренов бірден 100 доллар салады. Бір күннен кейін 18 доллар түсіпті есеп-шотына. Іле шала скайп арқылы хабарласып, Рамазан туралы барлық мәліметтерді сұраған. Бұл ағынан жалырып айтып берген. Бірнеше күннен кейін «Форте» банктен несие төлеңіз деген хабарлама түскен. Әңгіме сонымен тәмам. Бір сәтте үйден шықпай байып шығамын деген адам 9 млн теңге несие арқалап шығыпты. Бұдан артық қандай алаяқтық болсын?  

Астана қалалық Сарыарқа аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы Талғат Жолдасовтың айтуынша, құзырлы орган «Форте» банк басшысына хат жібереді екен.

Интернет алаяқтары соңғы жылдары өте белсенді жұмыс жасауда. Мысалы, жыл басынан бері дәл осындай 12 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалыпты. 7 млрд теңге алаяқтардың аранына түсіп үлгерген. Онлайн қылмыс болғандықтан, алаяқтардың қолға түскендері де аз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 23.09.2022, 11:00
Мәдениет саласына мән берілуде
Нақыпбек Сәдуақастегі 22.09.2022, 11:24
Әділеттілікке жүгіну – адамгершілік белгісі!
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 22.09.2022, 10:13
Жұмекеннің рухы
Жамал ҚАМАШ 21.09.2022, 10:24
GGG-нің Канелоға әлі жетпеді
Әділбек ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ 20.09.2022, 15:54
Ұлықтау
Жамал ҚАМАШ 15.09.2022, 12:51
Нар тұлғалы Нұрмаханов

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41