GGG-нің Канелоға әлі жетпеді

Жамал ҚАМАШ

21.09.2022, 10:24

1604

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әйгілі «Ти-Мобайл» аренасында ұйымдастырылған кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жұдырықтасты.

Сауль жерлесімізден сегіз жас кіші. Десек те оның кәсіпқой рингте жиған тәжірибесі GGG-ге қарағанда, біршама зор. Канело 15 жасынан бері мықтылармен жұдырықтасып жүр. 2005-2002 жылдары аралығында 61 кездесу өткізген ол 57 рет жеңіске жетті. 39 қарсыласын нокаутқа жібереді. Альварестің әлі тек америкалық Флойд Мейвезер (14.09.13) мен ресейлік Дмитрий Биволға (07.05.22) ғана жетпеді. Тағы екі бәсекені тең аяқтады.

Әуесқой рингті армансыз шайқаған Гена 2006 жылдың көктемінде 24 жастан асқан шағында кәсіпқойлар арасындағы тұсаукесер кездесуін өткізді. 44 жекпе-жектің 42-сін өз пайдасына шешті. 37 бәсекелесін ұрып жықты. Дәл сол Канелодан бір рет ұтылып, тағы бір кездесуді тең есеппен аяқтады. Бір кереметі, Головкин де, Альварес те өздерінің спорттық карьераларында нокаут тұрмақ, бірде-бір рет нокдаунға да түскен емес.  

Головкин мен Альварес арасындағы айқастың алғашқысында жерлесіміз алымды көрінген еді. Алайда төрешілер тарапынан тең есеп тіркелді. Екіншісінде мексикалық боксшы сәл ғана басымдықпен жеңіске жетті. Содан қос көкжалдың үшінші мәрте шаршы алаңға шығуын сан миллион көрермен тағатсыздана күтті. Арада төрт жыл өткеннен соң екеуінің жолы қайта «Ти-Мобайл» Аренада қиысты.

Трилогияның бірінші раунд аңдасумен өтті. Екіншісінде Сауль қарқынын біраз күшейтті. Ол джеппен жақсы жұмыс істеп, қарсыласына қарағанда жылдам қимылдады. Бірақ есте қаларлықтай бірде-бір жақсы соққы жасай алған жоқ. Одан кейінгі раундтар да дәл солай жалғасты. Канело жиі шабуылдап, көбірек соққы жұмсады. GGG тарапынан бірде-бір қауіпті шабуылды көре алмады. Сегізінші раунда отандасымыз бәсекенің тізгінін өз қолына алуға тырысты. Альваресті қыспаққа алып та көрді. Бірақ оған жылдамдық жетіспеді. Және жойқын соққыларын да дәл дарыта алмады. Канело «қырып-жоймаса» да, сәл болса да басымдыққа ие болды. Нәтижесінде барлық төреші Сауль Альварес жеңгенін бірауыздан мойындады. Осылайша, қазақстандық боксшы өзінің карьерасында екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Шаршы алаңда GGG Канелодан жеңілсе де, ол одан пәлендей зардап шеге қойған жоқ. Олай деп айтуымызға бірнеше себеп бар. Біріншіден, бұл бәсеке екінші орта салмақта өтіп, Мексиканың боксшысына тиесілі WBA, WBC, WBO және IBF нұсқаларының чемпиондық атақтары сарапқа салынды. Яғни, Генаның орта салмақтағы алтын белбеулері оның өзінде қалды. Екіншіден, жерлесіміз қаржылық жағдайын жақсартты. Осы жекпе-жекке төленетін гонорар мен түрлі кіріс көздерін қоса есептегенде, Головкиннің есепшотына шамамен 45 миллион АҚШ долларындай аударылуға тиіс. Ал Альварестің ақшасы одан да көп. Ол 70 миллион доллар шамасында. Үшіншісі, жасы 40-тан асқан ардагер боксшымыз әлі өзінің бабында екенін байқатты. Ол Канелоның жеңе алмаса да, лайықты қарсылық көрсетті. Сол үшін де жанкүйерлер Генаға дән риза.             

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.09.2022, 13:21
Бір жыныстылар мультфильмде
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 29.09.2022, 12:45
Әуезов мұрасы: ғалымдар көзімен
Талғат АЙТБАЙҰЛЫ 29.09.2022, 09:29
Қара қойдың құлағы
Есбол ҮСЕНҰЛЫ 28.09.2022, 17:44
Қазақтың әр шаңырағында музыка бөлмесі болса...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 28.09.2022, 13:35
«Әлихан Бөкейханның атылған күні ұлт үшін аза тұтып еске алу күні болуы тиіс»
Кәмел ЖҮНІСТЕГІ 28.09.2022, 09:41
Тағы да Ләззат туралы

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37