Халықаралық ғылыми ынтымақтастық жалғасады

Сайт әкімшілігі

08.11.2022, 10:46

1110

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша 2022 жылдың 10 қазаны мен 2022 жылдың 07 қарашасы аралығында Кембриджде магистр дәрежесін (1999) және Оксфордтан (2006) PhD дәрежесін алған және қазіргі уақытта Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің профессоры, Польшаның Варшава университеті сияқты ең беделді университеттерде еңбек еткен, Мәскеудегі МГИМО-ның профессоры және Академиялық жазу орталығының директоры болған  профессор Кортен филология факультетінде дәріс оқуға шақырылды.  Шетелдік университеттердің профессорларын шақыру аясында Профессор Кристофер Кортен үнемі әлемнің үздік деген Оксфорд, Кембридж, Рим, Левен, Гонконг, Дублин университеттерінде және Тринити колледжісінде дәріс оқып, 30-ға жуық ғылыми мақала жариялады, оның ішінде рейтингі жоғары Web of Science журналдарында 12 мақала және In the Eye of Storm: The History of Irish College, Rome, 1772-1826 (Peeter's Press, 2021) және оның 30 мақаласы үздік ғылыми академиялық жарияланымдар тізіміне енгізілген.

Профессор Кортен халықаралық деңгейдегі ғалым ретінде бірнеше әлеуметтік медиа платформаларында ағылшын тілінде жас ғалымдарға кеңес ретінде өзінің шығармашылық жұмысынан қызықты әрі пайдалы блог жүргізеді. Ғалым өз блогында шет тілін үйренудің және үйретудің түрлі әдіс, тәсіл аспектілеріне қатысты, соның ішінде грамматика, тіл үйренушілердің сөздік қорын дамыту мәселелерін талқылап, ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері туралы арнайы жазбалар, кеңестер ұсынады. Ғалымның блог желісінде оның шығармашылық жұмысына қызығушылық танытатын 900 000-нан астам жазылушылары мен оқырмандары бар. Сондай ақ, ғалымның Instagram желісіне де ең көп жазылушылар мен оқырмандар тіркелген. (СІЛТКЕ: www.instagram.com/professor_korten/)

Профессор Кристофер Кортеннің филология факультетіндегі жұмыс бағдарламасы да саналуан тақырыпты қамтиды, сондықтан да әдістемелік тәжірибе алмасуға таптырмас пайдалы да құнды семинар болды. Ғалым қазіргі кезде ғылыммен айналысатын жас ғалымдар мен ізденушілер,  шетел тілі  оқытушылары үшін өзекті болып табылатын «Академиялық жазу» және «Шетел тілдерін оқытудың жаңа технологиялары», «Тіл білімінің теориялары» тақырыптарында жаңа деректер бере отырып, қызықты да пайдалы дәрістер оқыды.Сонымен қатар профессор Кортен өзінің жұмыс жоспарында магистранттар мен докторанттармен ғылыми жобаларды талқылау, оларға ғылыми-зерттеу концепциясын әзірлеуге, әдістемелік тұрғыда кеңес беріп, гранттар алуға өтінімдер жазу әдістерін үйретті. Осы мәселелерге қатысты Профессор Кристофер Кортеннің бағдарламасының тағы бір маңызды жағы ол оқытушыларға Scopus журналдарына ғылыми мақалалар жазу және жоғары рейтингті журналдарда жариялау үшін қандай талаптарға көңіл бөлу керектігін атап көрсете отырып, ғылыми мақалаларды бірлесіп жазу жолдары мен тәртіптерінен жүйелі кеңес берді.

Профессор Кортен оқытушылар мен студенттер арасында өткізген семинарларында аудиториямен тез тіл табысып, өзінің тартымды дәрістерімен оларды тақырыпқа қызықтыра білетін жан жақты, кең ауқымды, халықаралық деңгейіндегі ғалым екенін көрсетті.  Ол өткізген барлық дәрістер мазмұны жағынан барынша танымдық және тақырыбы жағынан қызықты да мазмұнды болды. Оның дәріс оқу әдісі де өзіне тән ерекше болды: бұл оқытушылар мен студенттердің оқу материалын іріктеу мен меңгеру процесін талқылау, аудиториямен диалог немесе кері байланыс жасау, шығармашылық ойлауды дамыту т.б. сияқты мәселелерді егжей-тегжей түсіну мен меңгеруге септігін тигізері сөзсіз. Сондай ақ Профессор болашақ аударма жасау мамандығын меңгеретін студенттермен белсенді диалог жасай отырып, олардың ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

Профессор Кортен университет деңгейіндегі осы бағдарлама аясында шет тілдер кафедрасымен, сондай ақ, филология факультетімен бірлескен ғылыми жобалар жасау, нақты дерек қорларында мақалалар жариялау, бірлескен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру, жас шет тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға қатысты офлайн және онлайн режимінде әріптестік ынтымақтастықты жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, ана тілінде сөйлейтін тілін үйренушілердің шетел  тілінде дыбыстардың дұрыс дыбысталуы мен айтылуына және олардың айтылуындағы ерекшеліктерге назар аудару мақсатында профессор Кортен Instagram парақшасында ҚазҰУ оқытушылары мен студенттеріне арнайы сабақтар дайындауды жоспарлап отыр. Ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ол шет тілінде сөйлейтіндермен онлайн сұхбаттар, диалогтар және пікірталастарды ұйымдастыруды ұсынады, бұл шын мәнінде студенттердің шет тілінде сөйлесу құзыреттілігін арттырудың тиімді әдісі болып табылады.

Бір ай уақыт аралығында  профессор Кортен оқытушылар мен студенттер арасында семинар жүргізді, қазір қорытынды дәрістер мен кеңестер беруде. Профессор Кортен шетел тілдері кафедрасының оқытушыларымен кездесу барысында өзінің университет және оқытушы, студенттер жайлы пікірімен  былай деп бөлісті:

«Университет, студенттер мен оқытушылар маған ең жақсы әсер қалдырды! Студенттер өте ашық, өз пікірлерімен еркін бөлісетін және білімге деген ұмтылысы жақсы екенін көрсетті. Оқытушылар да маған үлкен құрмет, қолдау көрсетіп, сабақтың  нәтижелі өтуіне ат салысып, белсенді түрде қатысып, әрдайым жылы жүзбен қарсы алып отырды. Қандай тақырыпта болмасын, дәрістерді мұқият тыңдап, талқылауға белсене қатысты, қызығушылықпен сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, біз басылымдарға жарияланымдар шығару мен зерттеу әдістемесі және гранттық ұсыныстарға қатысты кездесулерде тамаша диалогтар жүргіздік. Менің көп жоспарларымның бірі де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бастамасымен шақырылған шетел тілдері кафедрасымен үнемі ынтымақтастық қарым қатынаста болу еді. Алып территорияны алып жатқан университет қалашығының өзі де және заңғар таулардың аясында орналасқан жері де әсем және одан таулардың керемет көрінісін тамашалау да өте әсерлі! Осы университет қалашығында өткізген бір ай уақытым әр сабақты, әріптестермен кездесуді асыға күткенім мен үшін өте тез әрі  қызықты да нәтижелі, болғаны анық. Маған ұнаған тағы бір ескермей кетуге болмайтын нәрсе ол —Алматы қаласының өзі десем артық болмас. Бұл әсем қала өзінің сұлулығымен кімді де болса өзіне сөзсіз ғашық етеді дер едім! Университет, жалпы қала, ел қай жағынан болсын, менің ол туралы болжамым мен күткенімнен әлде қайда асып түсті десем артық айтқандық емес! Мен осындай жерде, осындай қонақжай адамдармен жұмыс істей аламын деп толық сеніммен айта аламын!»

                                                     Ш.Ғұмарова,

                                                    А.Молдағалиева,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:57
Қазақтың «Соңғы самурайы»
Жексен АЛПАРТЕГІ 09:44
Ниязбек әжі
Жамал ҚАМАШ 02.02.2023, 17:24
Болат НИЯЗЫМБЕТОВ: Намысты қолдан бермеуге тырыстым
Бифат ЕЛТАЕВА 31.01.2023, 10:50
Бақыт Қажыбай, актер: Алаш рухын оята алсақ, үлкен жетістік сол!
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 10:40
Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:34
Димаш Құдайберген Шанхайдағы фестивальға қазылық етеді

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16