Ит етінен жек көремін сендерді!

Сырымбек ЖАҚСЫБЕКҰЛЫ

17.06.2022, 10:09

3293

Иесі жоқ қаңғып өскен қабаған,

Сәбилерді жан-жағынан талаған.

Әділетті Қазақстанда жаңашыл,

Үкіметке ит артық па баладан?

Иттер талап ұл баланы қаршадай,

Борбай етін қылса дағы боршадай

Қазақты атқан қиналмайды қаңтарда,

Итті атқандар сотталады – заң солай!

Итті атпа, деп көтергесін бастама,

Ақтөбеде өліп жатыр жас бала.

Бар обалын депутаттар көтерсін,

Бұдан артық керек қандай масқара?

«Ит жесін» деп өсірмеймін баламды,

Қорғасын деп өсіремін даламды.

Бақылауға алмағасын бұл істі,

Атырауда қанша оқушы таланды?

Депутаттар ақылы жоқ киесіз,

Сәбилерден ит артық па иесіз.

Неше бала өлу керек таланып,

Теріс заңды өзгертуге жүйесіз.

Миллиондап жемқорларға жем берді,

Ит үшін деп жасайсыңдар тендерді.

Қит еткенге заң шығарған ойланбай,

Ит етінен жек көремін сендерді!

Тегтер: проза поэзия ақын пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрғанбай МАХАНОВ 01.07.2022, 11:23
Ақын боп өмір кешу оңай деймісің, қарағым...
Ділдәр МАМЫРБАЕВА 30.06.2022, 16:24
Мылжың
Бақытжан СОВЕТҰЛЫ 30.06.2022, 12:54
Мен ояндым
Қайырбек КЕМЕҢГЕР 30.06.2022, 09:37
Ахмет Байтұрсынұлының Ленинге хаты
Сайт әкімшілігі 28.06.2022, 10:39
Тоқаев БАҚ қызметкерлерін құттықтады
Сайт әкімшілігі 27.06.2022, 14:16
БАҚ сынасын бағыңды

Аңдатпа


  • Бибісара МАТ қойды!
    30.06.2022, 08:37
  • Ажалға апарған адал еңбек
    30.06.2022, 08:26
  • Үкіметке қымбатшылығың «бес тиын»
    29.06.2022, 08:34
  • Әкімдердің қауқары жетпей ме?
    29.06.2022, 08:30
  • Орыс мектептерін қаржыландыру – Ресейге қызмет ету
    29.06.2022, 08:39