Карикатушыларға арналған республикалық байқау жарияланды

Сайт әкімшілігі

28.10.2020, 11:54

342

«Медиа орда» қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен карикатушыларға арналған «Бюджет мол – мәселе сол» атты республикалық байқаудың жарияланғанын хабарлайды.

Сондай-ақ осы республикалық байқау аясында «Қылқалам ұшындағы шынайы қоғам» еркін тақырыбына жұмыстар қабылданады.

Жүлде қоры – 1 200 000 теңге

Қоғамдағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқату үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. Әйтсе де өте өзекті әлеуметтік проблемалар шешімін табар емес: бюджетті игеру, жоспарлау және т.б. жайттар реттелмей отыр. Сізді алаңдатқан осы тақырып аясындағы, республика көлеміндегі немесе өңірлердегі маңызды мәселелерді карикатура тілімен сөйлетіп көріңіз.

Жұмыстарды 2020 жылдың 26 қарашасына дейін mediaorda2016@gmail.com поштасына жіберіңіз.

Қосымша сұрақтарыңыз болса 8 701 614 96 75 номеріне хабарласыңыз.

Карикатушыларға арналған

республикалық байқаудың ережесі

І ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Байқау 2 (екі) тақырыпты қамтиды:

– негізгі тақырып – «Бюджет мол – мәселе сол» тақырыбы;

– еркін тақырып – «Қылқалам ұшындағы шынайы қоғам» тақырыбы.

1.2. Қамту аймағы: Қазақстан Республикасы

ІІ МАҚСАТ-МІНДЕТІ

2.1. Байқаудың мақсаты. Сатиралық карикатураны қазіргі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік ахуалды көрсетудің қолжетімді құралы ретінде қайта жандандыру.

2.2. Байқаудың міндеті:

– еліміздегі кәсіби және әуесқой суретші-карикатурашылармен және олардың жұмысымен танысу, серіктестік орнату;

– карикатура арқылы республикалық деңгейдегі немесе өңірлердегі өзекті проблемаларды көрсету;

– еліміздегі кәсіби және әуесқой суретші-карикатурашылардың жұмысын және сол арқылы республика көлеміндегі немесе жергілікті деңгейде актуалды мәселелерді қалың бұқараға көрсету.

ІІІ. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ

3.1. Байқауды «Медиа орда» қоғамдық қоры Cорос-Қазақстан қорының қолдауымен ұйымдастырады.

3.2. Байқауды өткізу үшін екі алқалы орган құрылады: ұйымдастырушы комитет және әділ-қазы алқасы.

3.3. Ұйымдастырушы комитет байқауды жариялайды, байқауға жіберілетін жұмыстарды жинайды әрі тіркейді. Сондай-ақ, тіркелген жұмыстарды әділ-қазы алқасына жіберуге, байқаудың нәтижесін жариялауға және жеңімпаздарды марапаттауға жауапты. Бұл комитеттің құрамына байқауға жіберілген суреттердің талапқа сай екенін тексеретін эксперттік комиссия кіреді.

3.4. Әділ-қазы алқасы. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыстар әділ-қазы алқасына жіберіледі. Әділ-қазы алқасының құрамына белгілі суретші-карикатурашылар, ұйымдастыру қор өкілдері және сарапшылар кіреді.

ІV. БАЙҚАУДЫҢ ПӘНІ

4.1. Байқауға бюджеттің дұрыс жоспарланбауы/бөлінбеуі/игерілмеуі салдарынан туындаған республикалық деңгейде немесе өңірлердегі проблемаларды, сондай-ақ қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мәселелерді қамтитын карикатура жұмыстары қабылданады.

4.2. Карикатурадағы проблеманы түсіндіру мақсатында екі сөйлеммен суретке сипаттама жазуға болады.

V. БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

5.1. Байқауға Қазақстанда тұратын кәсіби және әуесқой суретшілер қатыса алады.

VI. БАЙҚАУҒА ЖІБЕРІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

6.1. Байқауға жіберілетін жұмыс санында шектеу жоқ.

6.2. Суретті кез келген техникада ақ-қара немесе түрлі-түсті етіп салуға рұқсат етіледі.

6.3. Карикатуралар мәтінсіз болуы тиіс.

6.4. Карикатурадағы проблеманы түсіндіру мақсатында екі сөйлеммен суретке сипамтама жазуға болады.

6.5. Cуреттің сапасын сақтай отырып, сканерден өткізіп жіберу керек. Суреттер 300 DPI нүктеде, 10 мегабайттан аспайтын, JPG форматында жіберілуі керек.

6.6. Талапқа сай емес сапасыз, көшірме және қайталау суреттер байқауға жіберілмейді

6.7. Суреттер тек электронды нұсқада қабылданады. Дайын жұмыстарды mediaorda2016@gmail.com поштасына 2020 жылдың 26 қарашасы сағат 20.00-ге (Нұр-сұлтан уақытымен) дейін қабылданады.

6.8. Суреттерде ешқандай логотип, қандай да бір ұйымның емлесі және тағы басқа белгілер болмауы тиіс.

6.9. Байқауға жіберелетін жұмыстар мынадай тақырыптарды қамтуы қажет:

– бюджеттің дұрыс жоспарланбауы/бөлінбеуі/игерілмеуі салдарынан туындаған республикалық деңгейде немесе өңірлердегі проблемалар;

–  «Азаматтық бюджет» мәселелері;

– халықтың жергілікті бюджетті қалыптастыруға қатысуы және ондағы мәселелер;

– бюджетті қалыптастыру кезеңдеріне қатысты халықтың хабардарлығы;

– ел тұрғындарының экономикалық-құқықтық сауаттылығы;

– жергілікті проблемаларды шешуде құзырлы органдардың немесе жауапты мамандардың белсенділігі;

– қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мәселелер және тағы басқа.

VII. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

7.1. Байқау 2020 жылдың 28 қазанында жарияланды. Жұмыстар 2020 жылдың 26 қарашасы сағат 20.00-ге (Нұр-сұлтан уақытымен) дейін қабылданады.

7.2. 2020 жылдың 26 қарашасы сағат 20.00-ден (Нұр-сұлтан уақытымен) кейін жіберілген суреттер қабылданбайды.

7.3.  2020 жылдың 27 қарашасы – 7 желтоқсаны аралығында әділ-қазы мүшелері жұмыстарды бағалап, байқау жеңімпаздарын анықтайды.

VIII. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

8.1. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге.

8.2. Жеңімпаздар 2020 жылдың 7 – 11 желтоқсаны аралығында Zoom қосымшасы арқылы өтетін қорытынды онлайн шарада марапатталады.

ІХ. ҚОСЫМША

9.1. Байқауға ұсынылған жұмыстарды жарнамалық мақсатта, көрмелер өткізгенде, плакаттар шығарғанда, әлеуметтік желіде, медиа хабарларға таратқанда және т.б. мақсаттарда (автордың аты-жөнін көрсете отырып) авторға ақы төлемей пайдалана алады.

9.2. Шығарманы жібере отырып, автор жоғарыдағы аталған ережелермен толық келіседі.

9.3. Қосымша сұрақтар болса, ұйымдастырушылармен 8 (701) 614-96-75 номері арқылы байланыса аласыз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ 11:00
"Жабық тақырып жөніндегі ашық әңгіме"
Бифат ЕЛТАЕВА 23.11.2020, 14:38
Алтын адамның алтынын сақтап, бас сүйегін қайда жібердік?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.11.2020, 03:30
Гиннесс рекордтарын жүзіммен жаулаған бағбанды мемлекет неге қолдамайды?
Сайт әкімшілігі 18.11.2020, 16:15
Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 17:26
Жезқазғанда Алаша хан мен Жошы ханның кесенесі қараусыз жатыр
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 10:24
Қош бол, "Б"

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56