Киелі жердегі мәдениет фестивалі

Әділ АҚЫЛБАЙ

20.05.2022, 10:40

2570

Түркістанда Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің жыл сайынғы республикалық «Рухани қазына – 2022» байқауы басталды.

Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері, ауылдық клубтар мен жекелеген мәдени ұйымдар қатысуда.

Фестивальдың ресми ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамының президенті Ғалымжан Өтелбайұлы мен Түркістан облысының Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бұл іс-шара дәстүрлі түрде жылда өткізіліп келеді. Осы айтулы іс-шараны өткізудегі басты мақсат – мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін қолдау.

Биылғы «Рухани қазына – 2022» байқауының екі ерекшелігі бар: бірінші, жекеменшік мәдени ұйымдар мен мекемелердің де қатысуы. Ал екіншісі, фестивальді өткізу орнын таңдау үшін телеграм-каналда дауысқа салған едік. Нәтижесінде басым дауыспен киелі қаламыз Түркістан қаласы таңдалды. Осы таңдаудың барысында әр өңірдің белсенділігін де көре білдік, – деді Ғалымжан Өтелбайұлы.

Өңірлердегі іріктеу кезеңі 30 сәуірге дейін өтіп, үздік шыққандар республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Ал республикалық байқау мамыр айының 21-не дейін жалғасады.

Қазылар алқасының мүшелері екі күн бойы (17-18 мамыр) қатысушылардың еңбектерін бағалайды. Кітапхана саласы бойынша Farab кітапханасында, музей саласы бойынша «Ұлы Дала Елі» орталығында, мәдени-демалыс қызметі саласы бойынша Халықаралық туризм және меймандостық университетінде мәдениет ұйымдарының үздіктерін анықтау өтеді.

Айта кетейік, республикалық кезеңге қатысу үшін еліміздің 17 өңірінен 285 өтінім келіп түсті. Соның ішінде кітапхана саласы бойынша – 125 өтінім, музей ісі бойынша – 73 өтінім, мәдени-демалыс қызметі саласы бойынша – 87 өтінім. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 21 мамырда Farab кітапханасында өтеді.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ 23.06.2022, 09:32
Саған деген сағынышымның жанарына қапты шық тұнып...
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ 22.06.2022, 14:05
Үрейлі үш күн
Сырымбек ЖАҚСЫБЕКҰЛЫ 17.06.2022, 10:09
Ит етінен жек көремін сендерді!
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 16.06.2022, 15:15
Поэзияның ұлы аспаны
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 15.06.2022, 17:20
Әуезов әлемінің әсерлері
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 15.06.2022, 13:15
«Қайсардың» бағын кім байлап отыр?..

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33