Көкшедегі Ботай қонысы!
Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Ақмола облысының солтүстігінде Ботай ауылының маңайынан біздің заманымызға дейін 3700-3100 жыл бұрынғы көне жәдігерлер табылды. Сол жәдігерлердің негізінде зерттеушілер ең алғаш жылқыны қолға үйрету қазақ жерінде басталғанын дәлелдеп отыр.Сол дәуірдегі Ботай мәдениетінің көшірмесін енді тамаша табиғатымен танымал Бурабай өлкесінен тамашалауға болады. Ашық аспан астында Жекебатыр тауының етегіне диаметрі 8-10 метрді құрайтын жеті бөлмеден тұратын Ботай қонысы салынды. Бұл бөлмелердің барлығы жер асты жолдары арқылы байланыстырылған. Әр бөлменің өз ерекшелігі бар. Бірінде, сол дауірдегі тайпалардың салт-дәстүрі көрсетілсе, қалғандарында, қолөнер, қару-жарақ, қымыз дайындау секілді көріністер келушілердің назарына ұсынылатын болады. Тұрғынжайларды салу үшін шөп, мүк, саман, шым, ағаш бөрене пайдаланды.
– Ботай мәдениеті дала мәдениетінің ең алғашқы және озық үлгісі. Ботайлықтар ең алғаш қолға жылқы малын үйретумен әлемге әйгілі. Бүгінгі күні батыстағы барша мемлекеттер мектеп қабырғасынан бастап, университетте де осы мәдениетті оқып, танысып жатыр, – дейді жоба авторы, профессор Виктор Зайберт.Фотолар автордікі.
Тегтер:
Бифат ЕЛТАЕВА
29.03.2023, 16:18
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
Б.НҰРМАХАН
29.03.2023, 09:00
Балаларға – жаңа кітап
Мұхтар МАҒАУИН
28.03.2023, 13:22
Мәлік аға Ғабдуллин
Сайт әкімшілігі
28.03.2023, 12:09
Танымал қазақстандық музыкант Николай Миклошич қайтыс болды
Сайт әкімшілігі
28.03.2023, 06:13
Бөкенбай шоқысы. Батырларды шатастырмайық
Сайт әкімшілігі
27.03.2023, 06:03
Шахматшы Жансая Әбдімәлік өзін сынаған Бибісараға жауап қатты