Латын графикасы: Не себепті і орнына ɪ алынды?
Сайт әкімшілігі
08.02.2021, 13:14
2402
2020 жылдың 28-29 қазан күндері жетілдірілген әліпби жобасындағы диакритикалық таңбаларды сынамадан өткізу бойынша республикалық деңгейде талқылау шаралары өткізіліп, нәтижелеріне талдау жасалған болатын. Қатысушы өңірлерден жекелеген пікірлермен қоса, кейбір қайталанып келетін пікірлер де болды. Олардың бірқатары /і/ мен /и/ дыбыстарының таңбасына қатысты айтылды: /и/ дыбысын і әрпі арқылы, керісінше /і/ дыбысын (төбесі түртілмеген) ɪ таңбасы арқылы жазу оларды бір-бірінен ажырату тұрғысынан оңай болмағаны, дауысты /і/ дыбысының үстіндегі үйреншікті нүктенің алынып тасталғаны өз орталарында пікірталас тудырғаны айтылды.
Сонымен, «Неге і орнынаі алынбады?» деген сұраққа жауап берейік.
Орфографиялық жұмыс тобының бірқатар ғалымдары і орнына (төбесі түртілмеген) ɪ таңбасын алуды қолдады. Оған мынадай негіз болды:
- /ә/, /ү/, /ө/ дыбыстарын таңбалауға умлауттар (ä ü ö) алынғандықтан, бұл дыбыстардың қолданысы жиі болмаса да бұлармен бірге келетін /і/ дыбысының жиілігі жоғары, соған орай сөзүсті қосалқы таңбалары тым көбейіп кетеді де, жазуды ұсқынсыз көрсетеді. Мысалы, өзіміздің үйіміздің әйнегі деп жазсақ, özimizdiŋ üɪimizdiŋ äɪnegi болады. Ал, керісінше, /і/ дыбысын ɪ-мен жазсақ, бұл мысал özɪmɪzdɪŋ üіɪmɪzdɪŋ äinegɪ болып жинақы көрінеді;
- і таңбасы /и/ орнына жұмсалса, шетелдік терминдер оңай жазылып, танылады: institut, indeks;
- ю дифтонгы (қосар /иу/ дыбысы) iu арқылы берілетін болғандықтан, мұндағы и бөлшегін ɪ таңбасымен беру тым қолайсыз болып кетер еді, себебі, ɪu тіркесі көзшалымға кирилдегі /ш/ сияқты немесе ɪɪɪ (үш таяқша) іспетті қабылданады. Баспа жазуымен осылай болып тұрғанда, қолмен жазуда тіпті ш әрпінен айырмашылығы болмай қалған болар еді.
- «Қолмен жазу толығымен қолданыстан шығады, тек қана техникалық құралдардың көмегімен жазатын уақыт келе жатыр» деген де пікірлер айтылады.
Орфографиялық жұмыс тобының бірқатар ғалымдары і орнынаі алыну керектігі туралы пікірді қолдады. Бұл жақтың уәжі мынадай болды:
- Ең бірінші қолайлылық қазақтың төл дыбыстарын белгілеуге жасалу керек:
а) жазудан жазуға көшу біртіпдеп іске қосылып кететін механизм болғандықтан, бұл аралықта екі жазуға да ортақ дағдылардың болғаны құптарлық;
ә) латын жазуына толық көшіп кеткеннен кейін де кирилл жазуынан үзілді-кесілді қол үзіп кету мүмкін болмайды, үлкен тарихи кезеңнің жазба мұралары ретінде сақталып, ғасырдан-ғасырға ұласқан зерттеулерге арқау болып қала береді.
- «/и/ орнына (төбесінде ноқаты бар) İі әрпін қолдану қолайлы, бұл шетелдік сөздердің жазылуын, танылуын жеңілдетеді» деген пікірге уәж: Ағылшын тілі үшін бұл таңбаның төбесінде ноқаты болса да, болмаса да бәрібір, себебі бұл таңбаның кіші әрпінде ғана төбесі түртіледі де, бас әрпінде түртілмейді (Ii – INSTITUTION, institution) және түртілу-түртілмеуінің бәрібір болуына тағы бір себеп, ағылшын тілінде бұл таңбаға ұқсас келетін басқа таңба жоқ.
- «умлауттармен қатар келгенде әріпүсті қосалқылардың көбейіп кетуіне жол беріледі» деген пікірге: умлауттар /ә/, /ү/, /ө/ (ä ü ö) дыбыстарына берілген, олардың қолданысы жиі емес.
- Кейбір (n, m, u сияқты) әріптермен қатар келгенде і-нің төбесі түртілмесе, әріптердің аражігі бұлыңғырланып, танылуы қиындық тудырады. Мысалы: Tıgınşınıŋ breuı kiımımnıŋ tıgısın bıtırıptı. «Кiımımnıŋ» деген сөз баспа жазуында да оңай оқылып тұрған жоқ. Мұндай жазу сырт көзгешшшшш немесе ɪɪɪɪɪɪɪɪɪɪɪɪɪɪɪ болып көрінуі мүмкін.
Міне, осындай негіздемені де алға тартушылардың бір тобы болды. Нәтижесінде Орфографиялық жұмыс тобындағы ғалымдардың басым көпшілі /і/ дыбысының орнына (төбесі түртілмеген) ɪ таңбасын алуды жөн деп тапты.
Нұрсәуле Рсалиева,
филология ғылымдарының кандидаты
Тегтер:
латын графикасы әліпби ұлттық комиссия
Бифат ЕЛТАЕВА
29.03.2023, 16:18
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
Б.НҰРМАХАН
29.03.2023, 09:00
Балаларға – жаңа кітап
Мұхтар МАҒАУИН
28.03.2023, 13:22
Мәлік аға Ғабдуллин
Сайт әкімшілігі
28.03.2023, 12:09
Танымал қазақстандық музыкант Николай Миклошич қайтыс болды
Сайт әкімшілігі
28.03.2023, 06:13
Бөкенбай шоқысы. Батырларды шатастырмайық
Сайт әкімшілігі
27.03.2023, 06:03
Шахматшы Жансая Әбдімәлік өзін сынаған Бибісараға жауап қатты