Мұхтар Мағауин: «Президенттік аппарат» бәйгесінде не қадір-қасиет қалды?

20.12.2018, 16:18

206

Соңғы бір айда көлденең кейіс шығып еді, кеше соған үлкен реніш қосылды. Сендерге он бес күннен бері мағлұм жағдай, «Мемлекеттік» аталатын сыйлық жайы. Аз-мұз қауібім болса да, біздің Ғалым алады деп ойлап едім. Менің пейілім ғана екен. Шындығында, жалғыз орын болса, Ғалымға дауыс берер едім – ақын ретінде, азамат ретінде. Екі орын болса, –  Ақұштапқа:  әлеуметтік танымы бар, ұлттық санасы бар, қатарынан қалып қойды, Фаризадан соң жетсе керек еді, енді ең соңғы талап. Неғайбыл үшінші орын болса – тізімдегі Тыныштықбекке; толық танымағам, білмеймін, бірақ  баяғыда Әбіш мақтап еді, сол үшін. Ал енді… «президент аппаратының өкілі»… мүлде қисынсыз, бәлкім, тәп-тәуір ақын шығар, бірақ сондай жағдайдың өзінде, осы мәртебеге лайық он-он бес ақын тұр алдында...Күзде, осы жолғы комиссия құрамы түгелдей әдебиет пен өнерден аулақ  шенділер екенін көрген соң, мүлде дерлік түңіліп, Мемлекеттік сыйлық туралы арнайы мақала жазғым келіп еді, комиссия құрамында болған 1988-2006 – жиырма жылдық тәжірибе сабақтары негізінде, мына естеліктер, бірыңғай ағымдағы көп дүниеден қолым босамады, бәлкім, алдағы жылы орайы келер. Ғалымға айтатыным – бұрын ақын, жазушының болашағын айқындаған бұл сыйлықтың қазірде ешқандай мәні жоқ, бірер жылдық талғажауға жарайтын бес-он тиыны демесек. Оның үстіне осы жолғы «президенттік аппарат» бәйгесінен соң қанша қадір-қасиеті қалмақ?! Сондықтан Ғалым інім ештенеден түңілмесін, бар жазуы өз атында, қаламы қолында, енді отбасының амандығы, өзінің берік жүйкесі, мықты денсаулығы ғана керек. Қалғанының бәрі әншейін нәрсе. Бәлкім, бұрынғыдан да кемел жазу – алпыстан соң шығар...

Мұхтар ағаларың

Күміс Бұлақ, Мэриленд, АҚШ

8.12.2018

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ 01.12.2021, 09:10
Қазақ философиясындағы дара тұлға
Индира БІРЖАНСАЛ 30.11.2021, 18:08
Жастармен бірге тыныстайтын басылым

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00