«Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті

Сайт әкімшілігі

28.11.2022, 22:34

1492

«Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті.Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде 26 қараша күні өңірімізде алғаш рет ережесіз жекпе-жектен «Orda Zhekpe-zhek» клубының «Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті.

Ережесіз жекпе-жек турниріне Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің спортшылары және де Қызылорда облысының оның ішінде «Orda Zhekpe-zhek» клубының тәрбиеленушілері қатысып, өзара күш сынасты. Турнирде барлығы 14 жекпе-жек өтті. Оның ішінде басты 2-еуі титулдық жекпе-жек болды.«Orda Zhekpe-zhek» клубының спортшысы Иманғали Қожахмет титулдық жекпе-жекте Өзбекстаннан келген атлет Жавохир Журакуловты қылқындыру әдісімен жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтап, өзінің әлем деңгейіндегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Спорт кешінің арнайы чемпиондық белдігі үшін басты жекпе-жегі «Orda Zhekpe-zhek» клубының жауынгері Бейбітжан Қобланов пен Өзбекстаннан келген спортшы Сардорбек Абилхаиров арасында өтті.

Тартысты жекпе-жектің нәтижесінде Бейбітжан Қобланов қарсыласын уақытынан бұрын ауырту әдісімен жеңіп,

«Orda zhekpe-zhek Championship-1» тұжырымдамасының 57 келі салмақтағы чемпионы атанды.«Жекпе-жек спорт түрлері жастардың физикалық және психологиялық тұрғыдан дамуына септігін тигізері анық. Себебі ер бала физикалық тұрғыдан әрқашан мықты болса, оның мінезі де соған сәйкес тұрақты болады. Жалпы, баланы жекпе-жек спорт түріне берудің себебі көп. Ең алдымен балаңыз өзін-өзі қорғай алатын дәрежеге жетеді. Онымен қоса, өзіне деген сенімділігі артып, мотивация пайда болады. Тәртіп, жетістік, жаттығулар, агрессияны дұрыс пайдалана білу деген секілді жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді. Алдағы уақытта да осындай турнирлердің жиі өтуіне өз тарапымыздан ықпал жасайтын боламыз», – деді аймағымыздың спорт жанашыры Ғалымжан Ержанов.

Тегтер: спорт футбол хоккей ақпарат дерек ұйымдастыру. Олимпиада

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:57
Қазақтың «Соңғы самурайы»
Жексен АЛПАРТЕГІ 09:44
Ниязбек әжі
Жамал ҚАМАШ 02.02.2023, 17:24
Болат НИЯЗЫМБЕТОВ: Намысты қолдан бермеуге тырыстым
Бифат ЕЛТАЕВА 31.01.2023, 10:50
Бақыт Қажыбай, актер: Алаш рухын оята алсақ, үлкен жетістік сол!
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 10:40
Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:34
Димаш Құдайберген Шанхайдағы фестивальға қазылық етеді

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16