Піштіру

Берік САДЫР

15.10.2020, 10:14

2313

Мен қазақтың маңдайына біткен бірден-бір төл жануары жылқымын. Олай дейтінім, қазекең ұлан-ғайыр даласында өріп жүрген жан-жануар ішінен бізді таңдап, қолға үйреткеніне бақандай бес мың жылдың жүзі болыпты. Біз қазекеңнің мінсе – көлігі, сауса – сусыны, жесе – тамағы болыппыз. Яғни, тағдыр-талайымыз біте қайнасып, бірімізсіз-біріміздің күнім жоқ қалыпқа жеткенбіз.

Бізді басымыздан бақайшығымызға дейін бағамдап, желдей желдіртіп құрмет тұтып, біз жөнінде небір өлең-дастандар тудырып, қадір-қасиетімізді асқақтатқанына ризамыз.

Енді міне, заман өзгеріп, техниканың дәуірі дүрілдегері бері біз қағажу қалып қапалана бастағалы да біраз болған.

Қыжыл қойыртпақталып, іштен тынып, тыпыршып жүр едім, Құдай оңдап елімізге әлемнің түкпір-түкпіріндегі жан-жануар өкілдері жиналып, алқалы басқосу өткізе қалмасы бар ма.

Бұйырып, алқалы топ алдында сөз сөйлеу мәртебесіне ие болдым.

Не керек, шектеулі уақытта шерменде шерімді ағыл-тегіл ағыттым… Сондағым, айғырлығыма басып, кісінеп алып айтқанымның тоқетері мынау болды:

– Ағайындар, осы отырғандардың біразың бір замандарда осы өлкені мекен еткендеріңді естеріңе салайын. Қиын-қыстау заман туып, табиғат осы өлкеде алай-дүлей болғанда әркім бас сауғалап тым-тырақай қаша жөнелгендеріңді білеміз. Бір-екеуін айтсам, мәселен, жан-жануардың алыбы Пілдің өзі үрім-бұтағын үйіріп, бірақ түнде Үндістаннан бірақ шықты… Әшейінде, ақырып-бақырып айбар шегер Арыстан тұқымының қайда барып бас сауғалағанын білеміз… Азуы алты қарыс Аюеке сіздің сонау солтүстікке суша сіңіп сүңгіп кеткеніңізді қалай ұмытамыз… Ойпырай, құрт-құмырсқа, жер бауырлап жылжыған жәндік атаулы оңтүстікке опырыла көшкендегі көрініс әлі күнге көз алдымда… Түйе жарықтық та маң-маң басып қиыр шетке қырқа асып кете барды-ау...

Қайсыбірін айтайын, осы отырғандарыңның көбіңнің бір кездердегі жұртың осы елді мекен болған… Оған топан су қаптағандағы Нұқ Пайғамбардың кемесі куә...

Енді міне, еліміз тәуелсіздік алып, Алла Тағала бұйыртқан байлығымызды меңгеріп, асып-таси бастағанда: «Қазақстанның асты-үсті толған байлық, құт-берекелі елдімекен» деп неше түрлі айла-шарғыны ойластырып келіп қалған екенсіздер...» деп  жылқы емеспін бе, құлағымды қайшылап, оң тұяғыммен жер тарпи нағыз «кісіней» сөйлеуге бет бұрып: «Осы елдің етене жануары біздің де қадір-қасиетіміз қалмады. Мәселен, қазы-қартаны – еврейлер, қымызды – немістер, ең аяғы көкпарды көрші ел заңды түрде иеленіп алды...» деп төтесінен тартып едім, жиналыстың тізгінін ұстап отырған өзіміздің билік өкілдері: «уақытыңыз бітті» деп шорт кесіп, оған келіп отырғандар қол соға қосарланып трибунадан ит қосып қуып түсірді...

Не істейін, түскен бойда сыртқа шығып, бар даусыммен кісіней шыңғырып, жер тарпи алдыңғы аяғымды көкке көтере бұлқынып барып бар екпініммен шаба жөнеліппін...

Қанша шапқаным белгісіз, аяқ талып, тізем дірілдеп омақаса құлаппын.

Ертесінде ес жисам, бір топ «арнайы» өкіл келіп аяғымды матап байлап, арт тұсымды «шұқылап» жатқан… Сөйтсем, пәтшағарлар «айғырлық» уақыты бітті деп піштіріп тастапты...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:15
Оның жыры шырқалды – ГИМН болып!
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 10:17
Дос туралы сыр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 29.10.2020, 09:17
«Алтын қалам» жылдың ең үздік қаламгерін анықтады
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 17:54
Карикатушыларға арналған республикалық байқау жарияланды
Жабал ШОЙЫНБЕТ 27.10.2020, 11:01
Қазақты, Абайды қорлау – ұлттық құндылыққа шабуыл...
Тілекқабыл РАМАЗАНОВ 27.10.2020, 10:29
Азамат. Ғалым. Дос

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04