Қақбас

Жеңісхан КЕНЕСАРИН

07.01.2021, 10:31

3910

     Гүлсім автобустан шығарда әмиянын ашқанда онда ақша жоқ екенін көріп, жүрегі зырқете түсті. Абырой болғанда, жолақыны жұмыста бірге істейтін Сандуғаштан алып төледі. Енесінің қалтасын ақтаратынын  білетін. Көңіл күйі бұзылып сала берді. Сөздің шыны керек, өзін үйден гөрі түзде сергек сезінетін. Өзімен бірге істейтін әйелдермен сөйлесіп, маңайында не болып жатқанын білетін. Басқа әйелдердің әңгімесін естіп, олардың тұрмыс-тіршілігіне қызығатын да, ауыр күрсінетін. Зертханада еден жуушы болып істейтін. Жұмысы ауыр, күні бойы қолынан шүберек пен шелек түспейді. Бірақ қанша ауыр болса да, бар ынта-жігерімен істейді. Бала кезінен жұмыс істеп пысып қатқан. Күйеуге шығарда жалғыз өзі он шақты сиырды жайылымға айдап салатын. Әлі күнге шейін сүт тартатын машинаның ызыңы құлағынан кетпейді. Таңертеңгі сауған сүт пен көк шөптің иісін ұмыта қойған жоқ. Жұмыс істеген сайын денесі серги түсетін. Сүттен май, кілегей, ірімшік жасап, саудагерлерге сататын. Жұмыс қанша ауыр болса да, тұрмыстары жақсы болды. Тіпті сол кезде алған киімдерін әлі киіп жүр.

       Тиген күйеуі құдай соққан нағыз нақұрыстың өзі болып шықты. Оның үстіне жатыпішер жалқау. Бәрінен де енесінің қылығына шыдау қиын. Тамақ ішкенде барлық дәмдіні өзінің алдына қояды. Тіпті қысылып-қымтырылып, тамақты әзер ішетін халге жетті. Кейде дастарханнан аш тұрып кететін кездері болады. Енесі сыртынан неше түрлі сөздер айтып жамандайтынын естіп жүр. Әсіресе қыздарын өзіне қарсы қояды. «Тілазар, жалқау, сазбет» деген сөздер айтады екен. Бәрі жала, бірақ Гүлсім дәлелдей алмайды. Ақбас сиыры мөңіреп, өзін шақырып жүргендей. Кейде бірге істейтін құрбыларына мұңын шағады.

– Құрысын мұндай өмір, бәрін тастап кетпеймісің, кейін өзің өкінесің, – деді бірге істейтін құрбысы.

– Оны өзім де ойлап жүрмін.

— Ойланатын түк те жоқ, өміріңді неменеге өксітесің, ана жатыпішер күйеуіңмен жұмаққа барамын деп ойлайсың ба? – деді құрбысы.

      Сол күні үйіне қайтқанда жанжал күтіп тұрды. Кешегі дайындап кеткен тамағы жым-жылас жоқ, тәрізі, қақбас жеп қойған сияқты.

– Осыны қатын деп ұстап отырмысың, ең аяғы өзіңе жөндеп тамақ та дайындамайды.

– Апа, оны өзім де ойлап жүрмін, – деді күйеуі.

— Құтыл, қарағым, – деді енесі баласын айтақтап.

     Осы сөзді естіп, Гүлсім шешесі мен баласы отырған бөлмеге кірді.

– Апа, сіздің айтқаныңыз дұрыс, артық кеткен жерім болса кешіріңіз, мен өзім де сіздің балаңызға жақсы әйел бола алмайтынымды сезгенмін. Сізге өкпем жоқ, мен бүгін жиналамын да, ертең төркініме кетемін.

– Сөйт, қарағым, – деді қақбас.

— Жолың болсын, – деді күйеуі.

     Тіпті автобекетке баратын ақшасы болмай, жаяу барды. Өзін тіпті құлдықтан қашып шыққан адамдай сезінді. Бойында адам айтпас өкініш бар. Енді әке-шешесімен кездесетін сәтті асыға күтті. Оған автобус тым шабан жүріп келе жатқандай болып көрінді. Гүлсім ауылдан кейбіреулердің көшіп кеткенін білетін, бірақ ауыл түтіні әлі сөнген жоқ. Тіпті көшіп кеткендердің қайтып келгенін естіген. Соңғы рет хабарласқанда әкесі бір сиыр мен тайыншасының жоғалып кеткенін айтқан болатын.

       Гүлсімді әке-шешесі қуана қарсы алды. Бәрінен де кешке сиырлар өрістен қайтқанда Гүлсімнің қуанышында шек болмады. Ақбас сиыр өзін танып, жанына келіп сүйкенді.

– Қарағым, осынша мал ұстауға шамам келетін емес, биыл азайтамын ба деген ойым бар, – деді әкесі.  Гүлсім сол күні сиырды өзі сауды. Сүтін тартып қаймақ жасады да,  көршілес елді мекендегі саудагерлерге апарып өткізді.

– Гүлсім, қайтып келгенсің бе? – деді таныс саудагер әйел.

– Иә.

— Жақсы болды келгенің.

      Гүлсім әке-шешесіне күйеуінен айырылысып кеткенін әлі айтқан жоқ. Бір жұма өткеннен кейін шешесі:

– Қарағым, келгенің қандай жақсы болды, енді қайтатын күнің тақап қалды ғой, – деді.

– Апа, енді мен ол үйге қайтып оралмаймын.

– Қарағым, не болды, әлде ренжітті ме?

– Апа, ренжітті деген аз сөз, жолым болмады, сол үйден кеткеніме өкініп тұрғаным жоқ.

– Көңілің қатты қалған екен, – деді шешесі ауыр күрсініп.

– Осында келе жатқанда қайда жұмыс істейтінімді ойладым, сиыр фермасын ашсам ба деген ойым бар. Отыз мың теңгеге еден жуғаным да өтіп кетті. Оған да шыдадым. Бірақ енем сыйдырмады. Маңайындағы ел-жұртқа жеккөрінішті болдым.

— Өзің біл, қарағым, – деді шешесі амалсыздан.

       Гүлсім келгелі үй іші өзгере бастады. Есік алды тазаланды, қоршау жөнделе бастады. Науқастанып жүрген әкесін боларда-болмай санаторияға жіберді. Шешесіне күнделікті шаруаға көмектесуге көрші әйелді жалдады. Әке-шешесінің қыздары келгеніне қуаныштарында шек болмады. Үйлерінде бұрынғыдай емес, келімді-кетімді кісілер көбейді. Әсіресе мал дәрігері Құдаш келгіштеп кетті. Бұрын да оның Гүлсімде  көңілі болған. Келген сайын бос келмейді, күнделікті  шаруаға керек нәрсені алып келеді. Бір күні машинамен үлкен тоңазытқыш алып келді.

– Гүлсім, анада тоңазытқыш керек деп айтқаның есімде.

– Әкелгенің жақсы болды, бірақ дәл қазір сенімен есеп айырыса алмаймын.

– Саған сыйлағаным,  тек бетімнен бір сүйсең болғаны.

— Онда келістік, – деді Гүлсім күлімсіреп.

      Құдашпен арақатынастары жақындаса түсті, шаруа жөнінен ойлары бір жерден шығып жүрді. Жаздың ортасында қақпас ойда-жоқта жетіп келді. Тәрізі, жұрттан Гүлсімнің шаруасын дөңгелетіп әкеткенін естіген болу керек. Оның үстіне үй ішінің жұмысын тап-тұйнақтай ұстайтын, табысы бар келінінен айырылып қалғанына өкінетін болу керек. Өз әлінше әкелген сәлем-сарқыты бар. Қақбастың түрі мүләйім.

– Қарақтарым, үй болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, – деп сөзін бастады қақбас. Гүлсім үлкен кісінің сөзін бөлмеді, қайтып оралу туралы ойламады да. Қақбасты алдап-сулап шығарып салды.

– Кеше сендерге қонақ келіп кетті деп естідім, – деді  Құбаш, түрі мұңды.

– Енем келіп кетті, – деді Гүлсім.

– Қайтып оралмақпысың?

— Жоқ.

        Құбаштың бетінде күлкі үйірілді. Екеуі шаруа жөнінде сөйлесіп кетті. Гүлсім өзіне Құбаштың сөз салғысы келіп жүргенін, бірақ батылы бармай жүргенін біледі. Өзі де әзірге байсырап жүрген жоқ, «аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, асығыс шешім қабылдағысы келмейді. Енді ешқашан да әке- шешесін тастап кетпейді. Оның үстіне күзгі қарбалас жұмыс уақыты келді,  малға шөп дайындау  деген сияқты.  Бірақ Құбаштың арқасында сол ауыртпалықты сезбеді. Алғашқы мамық қар жауғанда ғана тыныстауға уақыт тапты. Сол күні Құбаш келді,  жалғыз емес, қасында немере ағасы бар. Гүлсім бұл кісіні сыртынан танитын, біртоға, сабырлы адам. Гүлсім өзіне құда түсуге келгенін сезді. Дастархан үстінде Құбаштың немере ағасы сөзді төтесінен бастады.

– Құбаш інімнің Гүлсімде көңілі бар көрінеді, өз басым екеуінің қосылуына ештеңе бөгет болып тұрған жоқ деп ойлаймын, сондықтан екі жасқа ақ батаңызды берсеңіз.

– Қарағым, біз қарсы емеспіз. Құбаш көз алдымызда өсті, тек бір ғана тілегіміз бар. Көзіміз тірі тұрғанда қызымыз қолымызда тұрсын.

— Құбаш екеуміз келе жатқанда осында сиыр фермасын ашатын ойын айтты. Қызыңыз бен күйеубалаңыз қолыңызда тұрады.

— Онда мен ақ батамды бердім, – деді Гүлсімнің әкесі. Үйлену тойын жаңа жылға қарсы істейтін болып келісті.

Тегтер: қаламгер ой пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН 14.01.2021, 16:30
Марио Варгас ЛЛОСА: Олар мәдениет саласындағы жұмысты әуестік деп түсінеді
Амангелді СЕЙІТХАН 14.01.2021, 13:01
Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ 09.01.2021, 18:46
Жолдасбек жайлы жылы сөз
Мариям МАҚСАТ 08.01.2021, 13:53
Жақсы істерге жарымаған Абай жылы
Әділ АҚЫЛБАЙ 07.01.2021, 12:47
Ұлттық киноны қолдау орталығын тергеу немен тынды?
Серғазы ҚАЛИҰЛЫ 07.01.2021, 10:01
«Айтарын ашып айтқан абайламай, Махамбеттер, Абайлар-ай!»

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11