Қарағандылық белсенділер Абай еліне аттанады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

15.09.2020, 10:28

1019

     «Ақсақалдар  Абай еліне аттанады» деген хабарды естігенде елең ете қалдық. Бұл бұрын естімеген таңсық жаңалық болды.  Бұған дейін абыз ақсақалдардың  Меккеге сапарға шығатынын естіп,  құлағымыз үйренген.

— Абай – қазақ поэзиясының пайғамбары. Оның шығармалары тәрбие тұрқы, имандылықтың тірегі десем, қателеспеспін.  Өмірлік кәсібім –жүргізуші. Қарапайым жұмыскер болсам да,  ұлт ойшылының поэзиясын терең бойлап оқыдым.  Жырларын  жастығыма жастанып, жаттап өстім.  Өр өлеңдерімен  өмірлік ұстанымым қалыптасты.  Ақынның туған топырағына сапар ұйымдастырылады дегенде, бірден келісімімді жеткіздім, – дейді жасы  алпысқа  аяқ басқан қала тұрғыны Жексен Әбдірахманов.

      Қазақтың біртуар  ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы құрметіне арналатын шараны бастап, қолға алған – қоғам белсендісі Айтқожа Фазылов. Ұлтжанды азамат әлеуметтік желідегі парақшасында Абай еліне баруға ынта білдіруші қауымды шақырып, үндеу жолдады. Бастамашы ақсақалдың  ұсынысын алғашында  егде азаматтар қолдаған. Қазір  бейілдік танытушылардың қатары артып келеді.

      Қарағандылық  қоғам белсендісі Майра Әбдірахманованың мәлімдеуінше, бүгінге дейін жолға шығуға бел байлап отырғандардың  саны  20-ға жеткен. Темір тұлпары жоқтар өзгелердің көлігіне мінгесіп барады. Белсенділер жол ақысын,  азық-түлік қорын,  басқа да қажеттіліктер шығынын  өз қалталарынан төлемекші.   Әзірге демеушілік танытуға ниет білдірушілер табылмай тұр. «Билік айтса «құп, тақсыр» деп, құрақ ұшатын қалталылардың  келетін түрі көрінбейді», – деп, қынжылысын бүкпестен айтып қалды Жексен  аға.

        Әйтсе де тіленіп отырған қалталылар көрінбейді.  Себебі бұл ерікті бастама.  Әлбетте, жомарт жүректі азаматтар табылса, «бәрекелді»  дегеннен басқа айтарға сөз жоқ.  Осылай көсілгеніміз  сол еді, жылт еткен жағымды хабар естідік.  Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайынов  Жексен Әбдірахмановқа қоңырау  шалып, Абай еліне кеншілер қаласының қауымы атынан тәбәрік ретінде «Сарыарқа» кітапханасы  сериясы бойынша басылып шыққан  «Арқаның ақын-жазушыларының  100 томдық»  жинағы мен «Әлихан Бөкейханның 15 томдық» шығармалар топтамасын әзірлеп қойғанын айтыпты.

       Белсенділер рухани көсемнің кіндік қаны тамған Жидебай жеріне Қарағандыдағы  Абай ескерткіші алдынан қыркүйектің 16-сы күні аттанады. Арасы төрт  күнге ұласатын Абай еліне саяхат барысында бастамашы топ Қарқаралыдағы Құнанбай салдырған мешітке,  осындағы Абай үйіне,  дана тұлғаның анасы өмірге келген Егіндібұлақ  өңіріне, одан әрі  Абыралыны айналып өтіп,  Бөрлі ауылындағы Мұхтар Әуезовтің мұражайын аралап, Жидебайға табан тіреп, осы өңірдің  халқымен кездесіп,  шырайлы шара өткізбек.

      Барға қанағат еткен қарапайым қауым  хакімді құрметтеуден таймақ емес,  бұл тірлікке бұланған бай-бағландар Абай әлеміне бойлағысы жоқ.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжаз ҚАРЫБЕК 22.09.2020, 10:33
Бекжігіт СЕРДӘЛІ: Менің сахнам – дастархан басы
Дамир ӘБІШЕВ 22.09.2020, 10:21
Ұятың қайда теңге?
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ 17.09.2020, 10:36
Дара дауысты ДИАС
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.09.2020, 10:36
Фашисті қынадай қырған қарағандылық танкіші қыздар
Төлеген АРКОНОВ 15.09.2020, 10:23
Сүйікті газетім – жан серігім
Сайт әкімшілігі 15.09.2020, 09:52
Әр хатта адам тағдыры

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27