Қарсыластар мықты! Дзюдошыларымыз алғашқы айналымнан аса ала ма?

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан

22.07.2021, 14:05

1861

Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. 60 килода сынға түсетін Елдос Сметовтің сәтті болғанымен, қалған спортшыларымыздың қарсыластары «сен тұр, мен атайындар».

60 килода сынға түсетін Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М.Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 кило салмақта татамиге шығатын Ерлан Серікжановтың алғашқы қарсыласы – әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпионы, әзербайжандық Орхан Сафаров.

73 кило салмақ дәрежесіндегі Жансай Смағұловтың жағдайы да мәз емес. Оның қарсыласы – Фердинанд Карапетян. Армениялық спортшы 2018 жылы Еуропа чемпионы атанған.

81 кило салмақтағы Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесуде әлем чемпионы Саид Моллаимен жолығады.

90 кило салмақта белдесетін Ислам Бозбаев алғашқы айналымда Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, әзербайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.

48 кило салмақта әйелдер арасында Қазақстан атынан жалғыз өзі сынға түсетін Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы Азияның екі дүркін жеңімпазы, қытайлық Ли Янянь болмақ.

Тегтер: спорт футбол хоккей ақпарат дерек ұйымдастыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 10:59
Ел сенімін ақтай алмады
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 09:45
Әртістік жүзуден «әртіс» болып кетті
Айнұр ӘЛИ 08:49
Қазақ мифін қайтсек оятамыз?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:35
Ағайындылар ондыққа кіре алмады
Смағұл ЕЛУБАЕВ 03.08.2021, 09:38
Қоңыр дәптерге қонған ойлар
Ербол Азатқали 03.08.2021, 09:31
Шындықтың шарболаты

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58