Қазақ тілі және жаһандану

Бифат ЕЛТАЕВА

22.07.2022, 15:26

3213

«Тілім өлсе – менің де өлгенім» деп Расул Ғамзатов айтпақшы, заң қабылданғанымен қазақ тілінің тағдыры әлі де қыл үстінде.

Намысты жанның көзінен жас емес, қан сорғалататын осы шындық қандастарымыздың абыройын бәсеңсітіп-ақ тұр. Осы бір сорақылықтың терісі қалың, жаны сірі емес пе?! Сонау қылышынан қан тамған Колбиннің кезінен бері өлмей, жанталасып-ақ келеді. Өтірік десеңіз, Мұхтар Шахановтың мақаласын оқыңыз, өлеңін тыңдаңыз, сөзіне құлақ қойыңыз. Бұл мәселенің бергі шеті ғана. Осыдан бірнеше жыл бұрын шетелден келген белгілі саясаткердің мақаласын оқыдым. Оның айтуынша, өзінің елінде отырып, өзінің жерінде жүріп, өзінің ана тілін төл ұрпағының жартысынан астамы білмейтін және де азғантай шоғыры сол ана тілін қорғамақшы болып аттан салып жүретін – біздің қазақ екен. Осыны айтып әлгі шетелдік қонақ басын шайқапты. Бұдан артық қандай сұмдық керек!

Бұрындары «орыс тілін білмесең, өспейсің, ел болмайсың деп үрейлендірсе, енді ағылшын тілін білмеген адам болмайды» деп қорқытады. Япыр-ай, сонда зиялы деп жүргендеріміздің, ел тізгінін ұстады деп сенгендеріміздің мұнысы несі?! Дұрыс. Тіл білу керек шығар. Әйтсе де, ең алдымен, ана тіліңді көсіле сөйлеп алып, дұрыс түсіндіретін қабілеті болмай, жетістікке жету қиын шығар.

Өткен ғасырдың басында Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытовтар қазақ тілінің болашағына алаңдап, тіл қатпады ма? Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!» деп шырылдамады ма?!

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде батыр атамыз Бауыржан Момышұлы қазақтың жағдайын алаңдап, сол кезде үкіметке хат та жазды ғой. Қазіргі әрекеттеріміз «жаяудың шаңы, жалғыздың үні» шықпастың кері секілді. Сонда қазақ тілінің қамын кім ойлайды, кім іске асырады. Тіл туралы заң бар, бірақ ол қазақтың қамын ойлағанымен, «жаны ашымайтынның қасында басың ауырмасын» деген секілді алдарқату сияқты. Тіпті қазағы қалың шет аймақтағы қандас жастарымыз да тілді қойыртпақ сөйлеуді ерсі көрмейтін болды. Өйткені «привет», «пока» деп шүлдірлеп жүргендер көп. Бұл ұят, тілді құрметтеуді азаматтарымыз жас күнінен үйренсе игі. Әркім өзінен кейінгіге өнеге көрсетсін, сонда қисайған көшіміз түзелер ме екен? Қазақ тілі жоқтаусыз бұлай кете бермеуі тиіс. Оның да киесі бар.

Тегтер: тіл мемлекеттік тіл мәселе латын әліпбиі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зинаханым КҮНЕШҚЫЗЫ 11:24
Жерім деп өткен ер еді...
Темірғали КӨПБАЙ 10:52
Қойшының түсі
Гүлзира СЕРҒАЗЫ 30.11.2022, 08:47
Раушан сарыны, қобыз зары, аққу сазы
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 15:41
Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы өлі табылды
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 10:09
Дарынды балалар – жарқын болашақтың бастауы
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 22:34
«Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43