Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Сайт әкімшілігі

24.01.2023, 16:20

1363

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнда өтіп жатқан Australian Open – 2023 турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда латвиялық спортшы Елена Остапенкодан айласын асырды. 

1 сағат 21 минутқа созылған ойында Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте-ақ жеңіп шықты. Бірінші сетте 6:2 есебімен басым түссе, екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады.

Жартылай финалда отандасымыз Джессика Пегула (АҚШ) және Виктория Азаренко (Беларусь) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Тарихи жетістік, Елена Рыбакина – Australian Open жарысының жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Өзінің мансабында да осы жарыстың жартылай финалына алғаш рет шығып отыр. Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін «Уимблдон» жарысында топ жарған.

Тегтер: спорт Олимпиада алтын күміс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:57
Қазақтың «Соңғы самурайы»
Жексен АЛПАРТЕГІ 09:44
Ниязбек әжі
Жамал ҚАМАШ 02.02.2023, 17:24
Болат НИЯЗЫМБЕТОВ: Намысты қолдан бермеуге тырыстым
Бифат ЕЛТАЕВА 31.01.2023, 10:50
Бақыт Қажыбай, актер: Алаш рухын оята алсақ, үлкен жетістік сол!
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 10:40
Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:34
Димаш Құдайберген Шанхайдағы фестивальға қазылық етеді

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16