Семей – Алаштың жүрегі

30.04.2019, 21:10

303

Соңғы жылдары өңірлердің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеу, қасиетті орындарын насихаттау тұрғысында бүкіл Қазақстанды қайтып жатқан экспедициялар мен жекелеген зерттеушілерді жиі көріп, естіп қалып жатамыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында. Жергілікті әкімдіктердің қолдауымен… Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен… Бұл сапарлардың бір пайдасы – барды насихаттаудан бөлек, көлеңкеде қалып қойған кейбір маңызды нысандар мен тұлғаларды, біз назар салмай жүрген тарихи орындарды жарыққа шығару тұрғысында болуға тиіс.

«Жас Алаш» тілшісі ҚРпрезиденті әкімшілігі, жергілікті әкімдіктің қолдауымен және Жазушылар одағыныңұйытқы болуымен іске асып жатқан «Әдеби өлкетану» жобасы бойынша ШҚО, Семей өңірінеіссапармен барып қайтты.

Қазақстан президентіәкімшілігі мен Жазушылар одағының бірлескен әдеби өлкетанужобасы бойынша Семей қаласына үш кісі барған едік: ақын Әбубәкір Қайран, журналист АйгүлСейілова және мен. Үшеуміздің де межелі мақсатымыз бар. Тақырыптарымыз дабелгілі. Әуелі Семей қаласындағы кітапханалар мен музейлерді аралап, ондағымамандармен сұхбаттасып, мән-жай сұрасқан едік.

Бір апталық сапарымыздың соңында өлкетану музейіндеСемей қаласының ақсақалдарымен де кездескенбіз. Сондағы естіген әңгімеміз менкөңілге түйген кейбір сөздерімізді оқырмандарымызға ұсынуды жөн көрдік.

Ең бірінші Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебапкітапханасына ат басын тіредік. Кітапханада ақпараттық-библиографиялықбөлімінің жетекшісі Жаңылгүл Манжибаеваға жолықтық. Алдымен сол кісінің әңгімесіненазар салыңыз.

Абайкітапханасындағы әңгіме

–  Семейдегі осы кітапхананың руханиятымыздағыорны қандай? Оқырмандарыңыз көп пе?

– Біздің кітапханамызға шетелдіктер қатты қызығады.Орыс ғалымдары да жылда келіп, сирек қолжазбалар қорында отырып, бәрін суреткетүсіріп, зерттейді. Вашингтоннан бір жылдары ғалымдар келді. Олар Абай мұрасынақызығып, Абай тұрған жерлерді аралады. Ақын әндерін орындайтын әншілерді жинап,оларды пластинкаларға жазып алып кетті.

   2016-17 жылдары Польшадан, Швейцариядан келіп,поляк ұлтының қазақ даласына жер аударылғандарды зерттеген оқырмандарымыз бар. Гроссосы Семей жерінде болған. Абайды өте жақсы таныған. Осы кітапхананың тұрақтыоқырманы әрі негізін қалаушылардың бірі. Сол жылдары қазақтарды зерттеп,материалдар жазған. Сол мәліметтерді іздеген ғалымдар Абай ауылында да болды.Сосын, Янушкевич туралы мақалалар жазды. Әлі де байланысып тұрамыз. Аты –Карина Ғабдуллина. Әкесі – өзбек, шешесі поляк қызы екен. Шешесі саяси жераударылғандардың ұрпағы. Варшавада оқып жүріп, сол жердегі музейден тақырыбыбойынша саяси қуғындар туралы мәліметтерді жинай бастайды. Сондағы музейқызметкері Анна Амальник деген кісі: «Қандай мәлімет іздесең де, Семей қаласынабаруыңа болады. Сол жерден көп ақпар табасың», – депті.

– Іздегендерін тапты ма?

–Осындағыжазбалардан Гроссқа, Янушкевичке байланысты материалдар тапты. БіздеШәймердан Қалиақпаров деген автор бар. Ол кісі милиция подполковнигі. Қызметете жүріп, қаламын қолынан тастамаған. Сол кісі Янушкевичтің жүрген жолыменсаяхаттап шығып, тарихи оқиғалар мен тарихи жерлерді зерттеп, «Янушкевичтің ізімен»атты кітап жазып шықты. Семейге келген поляк қонақтарымызды сол жолмен алыпжүрдік. Янушкевич тоқтаған жайлауларға апардық. Кезінде Торғай деген болыс олкісіні күтіп алған екен. Сол кісінің ұрпағын таптық. Жолықты. Өскементрассасындағы Янушкевич отрядының тоқтаған жерін, Алматы трассасындағы оңғақарай Керуенкөл жақтағы Янушкевич аялдаған мекендерді зерттеп, материал жинапкетті.

–Семейде руханиятты қолдап, сіздерге демеуші болып отырған меценаттар бар ма?

– Бүгінде бұрынғы байлар сияқты ұлттық руханияттықолдайтын адамдар жоқ. Тоқтарбай Қазбалинов сияқты ағаларымыздың мақалаларыноқып, керемет таңғаламын. Ондай адамдар қазір жоқ. Тұрсынжан Жанбай бір данасы100 мың теңге тұратын кітаптарын сыйлады. Серікқазы Қорабай 1000 дана кітабынқорымызға қосты. Сондай ағаларымыз бар, ал қаржылық жағынан демеушілеріміз жоқ.

–Бұл кітапханаға қазір неше жыл болды?

–1883 жылдан бері есептесек, биыл 136 жыл болады.Бір жылдары «Қазатомпром» қаржылық демеушілік жасаған. 2012-13 жылдары біріншіқабаттан жоғары қабаттарға мүгедек оқырмандарды көтеріп шығаратын құрылғыныалып берген. Ол қымбат тұратын нәрсе екен. Біз мүгедектермен де жұмыс істейміз.Оларды іс-шараларымызға шақырамыз.

Сіздердіңкітапханада Гросс, Коншин, Михаэлистердің қандай еңбектері сақталған?

– Борис Герасимов деген шіркеу қызметкерініңмақаласы бар. Осы Семей жерін өте көп зерттеген адам. Шығыс Қазақстанның байтабиғаты, мәдениеті жайлы жазады. Әрине, жазбасында көбіне орыстарды дәріптейді.Бұл отарлау саясаты тұрғысынан қарағанда олар үшін дұрыс. Бірақ бізге солкөзқарастарын алып тастағанда, қазақ тұрмысы, жері туралы қалдырған мәліметтеріқұнды. «Оңтүстік Алтайға сапар» мақаласы осындай мәліметтерімен есте қалады.

Михаэлистің жазған еңбектері өте үлкен маңызға ие.Ғылымның көптеген салаларына қызмет еткен. Михаэлистің орыс географиялыққоғамының тапсырмасымен Семей даласына құмның қайдан келгенін зерттеп жазғанмақаласы бар. Ол көбінесе жаратылыстану ғылымы бойынша жазған. Жоңғар Алатауын,мұздықтарды, суларды зерттеген. Ертіс өзенімен су жол көлігін қалай жүргізутуралы зерттеу жүргізген. Кеменің моделін жасаған. Орыстар қазақ даласынашикізат ретінде қараған ғой. Тіпті кен орындарын іздеуге де атсалысқан.

Коншин көбіне Семейдің облыстық басқармасыныңархивімен жұмыс істеп, өлкетану үшін архивтің маңыздылығы туралы жазған.«Далалы өлкенің тарихына байланысты», «Көкпекті округінің ашылуына орай» дегенеңбектері бар. Забминнің «Семипалатинские авантюристы» деген мақаласы бар. Ол Семейөлкесіне дін таратамыз деп келген татарлардың қазақтарды қалай алдағаны туралыжазған. Олар дін тарату үшін емес, орыстарға қазақ арасындағы сөздердіжеткізетін тыңшылар болатын. Кейбіреуі саудагер ретінде жүрген. Қосымша патшажақтан шен-шекпен алып, тыңшылық жасағанын жазады.

Шмурлоның мақаласы Бұқтырма өзенінің жоғарыжағындағы қазақтарды орыстардың отарлауы жайында. Тахомов Ақ Қаба, Қара Қабаөзендерінің бойына, Ертіс өзенінің бастауына орыс переселендерінің алғашқоныстануы туралы жазған. 

–Өлкетануға қатысты кімдердің мақаласын айтар едіңіз?

– 1927 жылғы жазбаларда Қоянды жәрмеңкесіне қатыстымәліметтер бар. «Семей облысының тарихи очеркі» деген Никитиннің мақаласы бар.Онда Семей қаласының жүздеген жылғы тарихы жазылған. «Семей өңірінің тарихы»,«Семей өңірінің қысқаша тарихы»  дегеншыққан жылы белгісіз кітаптар бар. Соларда да Семей тарихына қатысты көптегенқұнды, тарихи дүниелер тұнып тұр. Павлодар жақтан Ресейге тұз тасыған. Сол тұзкеруендері туралы мәліметті сол жерлерден кезіктіреміз.

–Кітапхана ашылған кезде қорында алғаш қандай кітаптар болған?

– 1893 жылы шыққан Э.Ухтомскийдің «Путешествие наВосток Его Императорского Высочества Государя Наследника Цесаревича» кітабыбар.  Публицист, «Санкт-Петербургскиеведомости» газетінің шығарушысы, редакторы, князь Эспер Эсперович УхтомскийНиколай II патшаға, әсіресе оның ел басқаруының бастапқы жылдарында жақынболған. Э.Ухтомский қоғамдық, мемлекеттік қызметтерімен қатар, өзі этнограф,шығыстанушы болған. Кітабында ұлы князь Николай Александровичтің эскадрасымен1890 жылы шығысқа жасаған тоғыз айлық саяхаты тартымды баяндалады. Кітаптыңәрбір беті алтынмен апталғандықтан, өте жақсы сақталған. Ресей империясы тағымұрагерінің Греция, Египет, Үндістан, Сингапур, Ява аралдары, Қытай, Жапонияныаралап, Сібір арқылы Петербургке оралар жолсапарының хроникасын танымдықтұрғыдан көркем жазып, князь Ухтомский бұл аса қымбат басылымды шектеулітиражбен шығарған. Салмағы – 4,5 келі.

Кітапхананың сирек қолжазбалар қорындағы ең көнекітаптар орыс классицизмінің өкілі, ақын Михаил Херасковтың екі томдық эпикалықпоэмалар жинағы. «Эпические творения» кітабы Мәскеу университеті баспаханасынан1786-87 жылдары жарыққа шыққан. Херасков шығармаларының ішінде ең маңыздысыболып есептелетін эпикалық поэманың 1-томына енген «Россияда» бөліміне өзекболған тақырып IV Иванның Қазан хандығын жаулап алуы, 2-томына «Владимир»эпикалық поэмасы енген.

Ең көне кітаптардың бірі – Ф.Ф.ПуцыковичтіңСанкт-Петербургтен 1898 жылдан бастап «Из народоведения» сериясымен шығарған этнографиялықкітапшалар топтамасы. Ф.Ф.Пуцыкович көпшілікке қолжетімді, өзі арзан жәнепайдалы ақпарат беретін кітап басып шығару мақсатында 20 кітаптан тұратынкөркем безендірілген «Библейские рассказы» брошюралар топтамасын құрастырған. «Изнародоведения» сериясы да осы мақсатты көздейді. «Сербы», «Черногорцы»,«Греки», «Цыгане», «Бухарцы», «Немцы», «Китайцы», «Татары», «Египтяне»,«Арабы», «Персы» кітапшалар топтамасы осы серияның басылымдары.

–Әңгімеңізге рақмет.

­Кітапханаға қатысты қосымша:

Абай бұл кітапхананың іргетасын бірге қаласқан.Бастауыш мектептегі балаларға білім беру жөніндегі қамқорлық кеңесінің есепкітапшасында комитеттің атқарған жұмыстары түгел жазылған. Ол кеңеске Абай,Ақылбай, Мағауия мүше болған. Кітапханадағы көне кітаптардың бірі – әр парасыжеке кітапша болып шыққан, 30 кітапшадан тұратын Құран.

Енді бірі – даңқты адамдардың қолтаңбаларын жинаған«Автографтар альбомы». Онда Толстой, Тургенев, Гоголь, Чайковский, Айвазовский,Дюма сынды көптеген суреткердің қолтаңбалары жинақталған.

Семейдегі статистикалық комитеттің есеп кіташасы датарихи жәдігер. Оған Абай мүше болған. Комитет құрылған күннен бастап атқарғанжұмыстарына дейін тізіп жазылған.

Соңғысы – Семей аймағының шаруашылық кітабы. Әр үйдеқанша мал бар, қанша жан бар – түгел тізілген. Өзім Абай мен Майбасардың ұлы Мұхамеджанныңмал санын көрдім. Абайда 300-ден астам жылқы, мың жарымдай қой болыпты.Мұхамеджанда 17 жылқы, жүздеген қой. Бірақ қазақ мал санын анық айтпаған ғой.Абай атамыздың малының есебінің анығын Оспан білген шығар.

Мақып Қорамжанкеліні Абайға бес жыл шай құйыпты,Қатпа Қорамжанұлы Абайдың көңілі сүйген, жақын көрген адам болған. ӘкесіҚорамжан Оспанның жылқышысы болыпты.

Абай Жидебайдағы үйін Еркежанға арнап, өзі жобалапсалдырған. Ол үйдегі хакім тұтынған заттар көзге ыстық. Кеңес өкіметі ол үйді Әубәкірден(Ақылбайдың Оспан бағып алған ұлы. Оған қоса, Ақылбайдың Пәкизаты да Оспанның қолындаөскен) кәмпескелеп, әр бөлмесінен есік шығарып, дүкен, кітапхана жасап, тіптітөбесі биік болғандықтан, түйе қамапты (жаның ауырады!). Семейдегі кітапханадаАбай оқыған болуы мүмкін дейтін Витрувий Поллианның «Об архитектуре» дейтін кітабыбар. Ақын кітапты оқуы әбден мүмкін. Жидебай қыстауындағы үйі кереметжобаланған. Көңілге түрлі ой салған сапарымызда көңілге түйген бір көріністеросылар.

Өлкетану музейінде Молдабек қарияның айтқаны

Семей қаласындағы өлкетану музейінде ақсақалдарменжолықтық. Өлкетану деген соң, біршама қария келіпті. Біз барған жоба жай ғанаөлкетану емес, әдеби өлкетану екенін еске салғымыз келеді. Бірақ сол жиынға келіп,сөз алған этнограф-тарихшы Молдабек Жанболатов ақсақал Семейдің рухани халіненбір хабар береді. Сол кісінің кездесуде айтқан сөзі:

«Өткен жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі облыстағы тарихи орындар туралыанықтамалық шығарды. Бізге әкеп табыстағанда қарасақ, Семей өлкесінен 4-5 орынғана бар. Бұрынғы Семей облысынан 12-13 қана орын бар. Қалғандары Өскемендегімолитвинный дом, шіркеу, мына жерде бәленбай поп болыпты деген ақпараттар. Бізсоған үлкен шу шығардық. Бүгін мен сол сөзіміздің жалғасы, дұрысы айтылатыншығар деп келгенмін. Шындығына келгенде, Семей мен Өскемен – қазақ халқыныңтағдыры өткен өлке. Қытай, қалмақ, орыспен де талай тағдыр кешкен. Әңгіме тарихтуралы болса, осыны айту керек. Семей туралы тарихты айтсақ, Семей – Алаштыңордасы. Біз қазір Семей туралы сөз етсек, 10 жылда бір 220-230 жылдығы депбұрқырап осында біреулер шығады. Оны пайдаланатын Гошлак деген азамат болған.Қайдағы архивтерді жиып ап, соның тарихын айтады. Семейдің тарихы бүгін жоқ. Миллердіңжазғанын да, осыдан 600 жыл бұрын Қытай экспедициясының келіп, солардың дажазғанын біз білеміз. Бірақ кітапқа түскен дүние жоқ.

Жазатын болсаңыздар, халықтан көп білетін кісі жоқ.Сұрау керек. Семей туралы сөз болса, бір үлкен ауру бар бізде… Абайғажабысамыз. Шәкәрім, Мұхтарды бас саламыз. Олар бітпейтін тақырып. Өйткені бойымызжетпейді. Оларды ұғып, зерттеп болған ешкім жоқ. Семейдің әр ауылында үлкентарих бар. Ол тарихты бір адам жазып бітпейді. Әр жерді білетін адамдарды осыжобаға қосу керек. Сіздер айтып отырған әңгіме мен біз күткен тақырып екібасқа. «Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деп отыруға болмайды. Бір нақты іскекірісейік.

Сіздердің алдарыңызға бір мәселе қояйын. Семей – Алаштың қаласы. Алаш үкіметіқұрылған жер. Осы жерде  Әлихан да,Міржақып та, Ахмет те тұрған. Мағжан да болған. Солардың біреуінің үйінде біртақта жоқ. Олар қай жерге тоқтады, Алаш үкіметі қай жерде болды? Сол үйлердіңбәрін қиратып, орындарына жаңа ғимараттар салып жатыр. Біреу қамқоршы болуыкерек қой, мынау кешегі Алаштың үйі деп. Бұл тарихи орын. Мұны сақтауымызкерек деп. Соны көрсетіп, шырылдайтын жан бар ма? Олар қасиетті адамдар.Солардың отырған-тұрған, басқан жерлері қасиетті. Мінеки, біз іздеп отырғанқасиетті жерлер – осы.

Тарбағатайда қаншама тарихи орын бар. Біз Абайғакірсек шыға алмаймыз. Олар қасиетті рухымыз. Бірақ басқа да асыл дүниелеріміздіұмытпайық. Осыны естен шығармаңыздар».

***

Біз естен шығармауға тиіс дүние көп. Бірақ ұлт ретінде қаншама құндылығымызды осылай «ұмыт» қалдырып жатыр екенбіз… Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін іске асып жатқан жоқ па…

Суреттерді автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлімғазы Дәулетхан 14:00
Шыңғысхан кім?
Жарлы БАЙҒАНИН 11:00
«Желтоқсанға» араша немесе солтүстікке сапар
Сайт әкімшілігі 10:00
Бақұл бол, Бақытгүл...
Қуаныш ТҰНҒАТАР 16.09.2021, 11:30
Көсемсөздің көкжалы
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.09.2021, 10:30
Қазақтілді балғындардың қиялы шектеліп тұр
Әділбек ЖАҚЫП 16.09.2021, 09:30
Абылай мен Кенесары

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39