Сен мендесің, Мен сенде...

05.10.2017, 17:15

79

Тұма тұнық көзіңеТұла бойы батыршы.Өз жырымды өзімеОқып беріп отыршы.Бармағыңнан тіліммен,Бал жалаған болайын.Ертеңімді бүгінменОлжалаған болайын!Бар мәзірім, бар бағым:Өлең – елші, Мен – емші.Сен де, жаным, АлланыңАқ жолына кенелші.Жан-ділімнің желегі –Тағдырымның кінәзі.Қылдан нәзік келеді,Қыз баланың мінезі…Сен мендесің, Мен сенде…Екі аралық тым жырақ.Енбесем бе, енсем бе,Әлеміңе Гүлжұмақ?Бірі көктем, бірі күз..,Бір қуанып, бір жасап:Бірімізден бірімізТүн тынышын ұрласақ…Сенің үнің тым нәзік,Сенің үнің тым мәйін.Менің музам мұңға азық,Тағы оқышы?Тыңдайын.Тыңдайын да жылайын,Өршіп өзек алқымы.Сарғайтпағай лайым«Құралайдың салқыны»…… Тұма тұнық көзіңеТұла бойы батыршы.Өз жырымды өзіме,Оқып беріп отыршы?..***Не жүректі шерлі етерсің,Не дертімді емдетерсің.Не сөзімді желге ұшырып,Не сезімді тербетерсің.Иранбақтың гүлін дараКөргендеймін бүгін ғана.Шаңқай түсте шабыт қысқанШайырыңның түрін қара?!Сауығыммен, сайраныммен,Қай гүлзарда сайрадым Мен?Екі көзім кімді көріп,Екі аяғым қайда жүрген?Мың тіріліп, мың бір өлгенДүр сезімнің дүлдүлі ем Мен!Екі аяғым қайда қаңғып,Екі көзім кімді көрген?Ғазал сырын ғашық ұқсын:Көзіме оттай басылыпсың.Бүршігіңнен жарылыпсың!Қауызыңнан ашылыпсың!… Не жүректі шерлі етерсің,Не дертімді емдетерсің.Не аялап періштеңді,Не бейдауа пенде етерсің…ТҮСЖарым түнде Айға асылып білегім,Жаратқаннан жан ләззатын тіледім.Бесігінен белін шешкен баладай,Қайта оянды-ау қалғып кеткен жүрегім.Жалқын бақтың жапырағын алтындап,Саратаным сарғайғанда салқындап.Ақ төсекте алқынғаным неткенім,Алпыс екі тамырымда қан тулап?!Көзім жұмық…Көңіл шіркін шала мас.Көрген түсім ақиқатпен аралас:Тәні, жаны тәтті Айым да жалаңаш!Жалаң, желең Ақ қайың да жалаңаш!Үлбір, тұнжыр не жетеді бұл кезге?!Тына қалған, тұна қалған түн де өзге.Халал сәттің халін кешкен шығар-ау,Хауа ана да сен сияқты бір кезде…… Жарым түнде Айға асылып білегім,Жаратқаннан жан серігін тіледім.Бесігінен белін шешкен баладайҚайта оянды-ау қалғып кеткен жүрегім.***Неге көрдім мен сені?Неге көрдім?Таусылмайтын,Бітпейтін не деген мұң?Енді кімге жанымды жалға беріп,Енді кімге тәнімді шөгерермін?Екі дүние…Жан мен Тән – екі дұшпанЕрегесіп болмады-ау екі тұстан.Өзімді-өзім қоярға жер таппаймын,Желіккенде желкемде жеті мыстан!Кімді қуып,Келемін кімнен қашып?Таңға келіп таусылам,Түннен қашып.Бөлінбейді Жан мен Тән қас қылғанда,Жел улейді жебірдей іргемді ашып.Ғашық-машық…Дос-жаран…Мені сатқан.Өмірім-ай, өзендей теріс аққан…Кеніш пенен Пейіштің арасындаҚайда қоям жанымды пері соққан?!***Таңырқадым,Тамсандым,Қызықтадым…Жақсы сөздің тілдегі тізіп бәрін.Білсең етті,Көзіңе ілсең еттіЖүрегімнің төрінде жүзік барын.Сол жүзіктің жүзіндей көз жанарыңСезсең етті сезімді қозғағанын.Сыбырлап-ақ айтатын сөзім еді,Күбірлеуден қалмады өзге амалым.Майдай еріп масаң шақ, масаң халім,Күбірлеуден, амал не, аса алмадым.Білмейсің-ау,Көзіңе ілмейсің-ау,Жақсы ағаңның көзіне жас алғанын…Елеңдеумен жүргенде ескі елескеКеш кездестің…Қайтейін кеш демеске?Сен шыңына Шырқаудың шыққан сайынМен сыйлар ем гүл шоғын десте-десте!Егіп тастап сол гүлді иен далаға,Ұқсар ма едім елгезек мен балаға.… Жағдайы жоқ, жайы бар жан-жүреккеЖалғыз қиял, құдай-ау, ем бола ма?..***Гүл ашылды…Көбелегің қайда жүр?Құлдығыңа жұлдыз мәзір, Ай да әзір.«Гүлнұр жәйлі жыр жаз...» дейсің,Гүлім-ау,Көңіліңді көншітпей ме Ләйла-жыр?Сағыныш та,Уайым да,Мұң да өлең…Бұл үшеуін бөле алады кім менен?Мен қонбасам кім қонады, құдай-ау,Аулаңдағы алма, өрікке гүлдеген?!Аулаңдағы әппақ гүлді алма, өрікАлабөтен әрленіп те сәнденіп,Ерте күзде жарылады-ау ағынанЕрке қыздай ерінінен бал беріп.Жалғыздығы жан-жүректі жайлағанГүлнұр аман,Тұнжыраған Ай да аман…Жұмыр жердің жұмағындай КөктемдеМен пәруана Періштеге айналам!Айналам да гүлге қонам не түрлі,Түзге қарай түзеп алып бетімді.Күннің нұры, гүлдің нәрі нәрәнжуЖүрегімнің нәр-азығы секілді.Иә, иә, жүдеу жанға гүл азық,Жүзім солып, жүрмейінші құлазып.Көбейсе екен алма, өріктің бау-бағы,Азайса екен арқамдағы мына жүк.… Гүл ашылды…Көбелегің келді ұшып!Сартап күндер сағымға еніп, желге ұшып…Жанарыңда жазықсыз жас мөлтілдеп,Кірпігіңе қонбасыншы енді шық.***Қарағым, сен де қайың, мен де қайың,Қайыңнан қар жамылған немді аяйын?!Жас тұнған жанарыңнан жайыңды ұғып,Асқынған ауруыңа ем болайын.Қалқашым, қабағынды аш, қасынды кер,Көңілі көркем қыздың ашық жүрер.Жалт еткен жалғыз сәттік дүниегеЖаныңның жауһар нұрын шашып жібер!Алқынба,Алабұртпа,Аландама,Алдымен маған кара, маған қара:Тәңірдің құдіретіне таң қалып тұрКөк пен жер!Ақ жамылған тәмәм Дала!Жауған қар...үркек, үрпек балапандай,Сен оған қолыңды соз, алақан жай.Әппақ қар – ақ періште пейіліндіКелем ғой әлі өзіме қарата алмай…Қарағым, сен де қайың, мен де қайың,Қайыңнан қар жамылған немді аяйын?!Жас тұнған жанарыңнан жайыңды ұғып,Асқынған ауруыңа ем болайын,Қарағым, сен де қайың, мен де қайың…ТӘҢІР ТҮНІАлтын құйма – астауға бал тамыздым,Ақ маржаннан тізілген алқаны үздім.Екі бірдей бап көріп балқыманы,Асау жүрек атқақтап алқынады.Сабырыма сай келіп сақтағаның,Сары алтынның буына апталамын.Тәтті еріннен тамады таңдайға бал…Қаусамайды мұндайда қандай қамал?!Анамыздың әлдилеп ақ бесігі,Ашылғандай қайырлы қақпа есігі!..Қоламтаның қозы ма қызқайнаған:Бірде өртеніп,бірде ысып,мұзға айналам…Телегейге тұңғиық батып кемем,Жасаураған жанардан жақұт терем…Тершіп, өршіп дегбірдің делебесі,«Бір балшықтан құйылған» деген осы!Көңіл ашық,көз жұмық,айра-жайра…Соғып өткен ғайыптан найзағай ма?… Алтын құйма – астауға бал тамыздым,Ақ маржаннан тізілген алқаны үздім…***Қайсыбірін айтайын, қайсыбірін..,Аз көрдім бе өмірдің қайшылығын?Көрген түстей көңілден көшсін бәрі!Құшағыңды күнәсіз жайшы, күнім?!Көшсін әрі көңілден бәрі, бәрі!!!Тағдырымның талғажау нәрі кәні?Қасқағымның құлдығы – қайран, дүниеҚауызынан қашанғы тарылады?Көшсін бәрі!!!Сен ғана қал қасымда:Жандасуға,жарасып..,жалғасуға.Жаннан безген жалғыздық кімге керек,Жапалақтай жарбиған жар басында?!Кел қасыма:Майысып,мәйін басып.Қалсын жүрек қауышып, қайымдасып.Ертеңіме тілейін мың салауат,Бүгініммен қоштасып, қайырласып…

Исраил САПАРБАЙ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әбдіқадыр ДӘУІТБЕКОВ 22.10.2020, 10:42
Ежелгі герман тайпаларының тілі мен тарихындағы түркілік іздер
Сайт әкімшілігі 22.10.2020, 10:36
Алтын адам жазуының құпиясын ашқан ғалым
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 22.10.2020, 10:21
Қанас көлі мен Тувалар туралы
Сұлтанғазы ҚОҚАБИ 22.10.2020, 09:38
Доп ойнаған тозбайды
Әділбек ЖАҚЫП 20.10.2020, 10:30
Біз кімге ұқсап барамыз?
О.Т.Айдаров 20.10.2020, 10:26
Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең - істің бәрі бос

Аңдатпа


  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16