Шетелдік жанкүйерлер Димаштың елімен танысты

05.06.2018, 22:58

193

Димаш Құдайбергеннің әлемдегі жанкүйерлік топ жетекшілері Астанаға келді. Қытай, АҚШ, Германия, Франция, Малайзия, Жапония, Индонезия, Ресей және Украинада әншінің өнерін насихаттап жүрген жандар бірегей талант иесінің туған жерімен танысты. Олар Астананың көрікті жерлерін аралады және Димаш Құдайберген білім алған «Шабыт» университетінде болды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттердің бірі – «Әзірет-Сұлтанды» көрді. Шетелдік қонақтар бұған дейін Ақтөбе қаласында аялдаған болатын. Онда Димаш білім алған мектепте болып, қызықты деректермен танысқан олар сапарларын әрі қарай Алматыда жалғастырмақ.Бір айта кетерлік жайт, отандасымыздың әлемдегі жанкүйерлік топтарына 5 миллиондай адам мүше. Яғни осынша саяхатшы Димаш Құдайбергеннің туған өлкесімен танысу үшін арнайы сапар шегуі мүмкін. «Қазақ туризм» компаниясы осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, бірқатар тур ұйымдастырмақ. «Біз үшін Димаштың Отанында болу қызық. Ол Қытайдағы байқауда француз әнін нақышына келтіріп орындауы арқылы кеңінен танымал болды. Біздің ел оны ерекше құрметтейді», – дейді франциялық жанкүйерлер тобының хатшысы Амина Уяр. Америкалық жанкүйерлер тобының өкілі Алиса Келлог: «Димаш – нағыз талант иесі. Оған ешкім шүбә келтірмейді. Өз елімде Димаштың өкілі ретінде жұмыс істеу арманым болатын. Енді Қазақстанға келіп, талантты өнерпаз дүниеге келген мекенді көргеніме қуаныштымын», – дейді ағынан жарылып.М.МЕРЕЙ
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлімғазы Дәулетхан 14:00
Шыңғысхан кім?
Жарлы БАЙҒАНИН 11:00
«Желтоқсанға» араша немесе солтүстікке сапар
Сайт әкімшілігі 10:00
Бақұл бол, Бақытгүл...
Қуаныш ТҰНҒАТАР 16.09.2021, 11:30
Көсемсөздің көкжалы
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.09.2021, 10:30
Қазақтілді балғындардың қиялы шектеліп тұр
Әділбек ЖАҚЫП 16.09.2021, 09:30
Абылай мен Кенесары

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39