Сүйікті газетім – жан серігім

Төлеген АРКОНОВ

15.09.2020, 10:23

935

       «Жас Алаш» газетінен қол үзген күнім болмады. Қазір жасым 80-нен асты. Ал басылымның ғасырлық тарихы бар. Осы үнқағазбен  кемелденіп, өрісім кеңейді. Ағарту саласында еңбек еткеніме 60 жыл болыпты. Әлі де серігім болып келеді.  Жаңа саны сәл кешіксе, пошта тасушыға қоңырау шалып, мазалап қоятын әдетім бар. Үйде болмасам, оқу орталығына келіп, қолыма тапсырып кетеді. Өмірімнің ажырамас бөлшегіне айналған кәсібімнен осы күнге дейін  қол үзбей келемін. Ғұмырымның  қайратты әрі қажырлы шағында Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында мектеп мұғалімінен бастап, мектеп және кәсіптік-техникалық училищенің  директоры, одан әрі 20 жылдай аудандық білім бөлімінің басшысы  болып, зейнеткерлік  демалысқа шыққанға дейін табан аудармай еңбек еттім.   

       Басшылық қызметтегі менің  басты алғышартым мерзімді басылымдарда білім саласына байланысты  жазылған  проблемалармен жұмыс істеу болды. Онда қаузалған мәселені көзден таса, көңілден ада қалдырмадық. Арнайы жиналыста  талқылап,  ұжымды жұмылдырып, әлгі кемістікті жою үшін жұмыс істедік. Оны әріптестерім жақсы біледі. Қазіргі «Жас Алаш» бұрынғы бірбеткей бағытынан тайған емес – өр, өжет. Ел көкейіндегі өзекті мәселелерді дөп басып қаузайтын қайсарлығы қарапайым жұртқа ұнайды.

        Ел арасында көп жүремін. Сонда байқағаным, қалада да, ауылда да  жерлестерімнің  «Жас Алашты» желіп жүріп  іздейтінін көзім шалды.  Ол сонысымен де бұқара үніне айналып отыр. Тек биліктегі кейбір азаматтар оны жылы жауып, көптің көзінен алыстатқысы келеді. Ардагер ағартушы ретінде тілегім, ел мен жер мүддесін ойлайтын отансүйгіш қайраткерлер бұл басылымды жолбасшы  ретінде  құрметтеуі  абзал. Себебі  бұл  үнқағазда  халықтың үні, ақиқаттың жолы қолмен қойғандай аңғарылады.

     Ғасырлық ғұмырың қайырлы,  оқырманың көп болсын, «Жас Алашым!»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжаз ҚАРЫБЕК 22.09.2020, 10:33
Бекжігіт СЕРДӘЛІ: Менің сахнам – дастархан басы
Дамир ӘБІШЕВ 22.09.2020, 10:21
Ұятың қайда теңге?
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ 17.09.2020, 10:36
Дара дауысты ДИАС
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.09.2020, 10:36
Фашисті қынадай қырған қарағандылық танкіші қыздар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.09.2020, 10:28
Қарағандылық белсенділер Абай еліне аттанады
Сайт әкімшілігі 15.09.2020, 09:52
Әр хатта адам тағдыры

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27