Тіл тарландары бас қосты

Сайт әкімшілігі

05.10.2021, 14:10

599

«Тіл және тұлға». ҚР Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына орай, осындай атпен жаңа кітап жарық көрді. Шараға  елімізге белгілі тілші-ғалымдар, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары қатысты. Зиялы қауым өкілдері тілге деген құрметті арттырып, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуде, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде атқарылар ауқымды мәселелерді талқылады.

Жинақ авторы – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев. Кітапта ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Алаш зиялыларының жолын жалғастырып, идеяларын одан әрі дамытып, тіл білімі ғылымының ілгерілеуіне, оның түркологияда өзіндік орын алуына өлшеусіз үлес қосқан академиктердің еңбектері жан-жақты баяндалған. Нақтыласақ: Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Ғанетдин Мұсабаев, Ахмеди Ысқақов, Рәбиға Сыздықова сияқты елімізге танымал тұлғалар бар. Кітап 1000 данамен басылды. Сондай-ақ оны Ұлттық кітапхананың сайтынан да оқып, танысуға мүмкіндік бар. Кәрімбек Құрманәлиевтың айтуынша, жинақ сала мамандарына және көпшілік қауымға арналған. Кітапта ғалымдардың жұртшылық біле бермейтін қырлары қоса баяндалады. Бұл туралы жинақ авторы:

– Кітаптың басым бөлігі маған ақыл берген, тіл білімі көрсеткішінің алты томын жазған академик Шора Сарыбаев туралы. Халық тіл білімінің дамуына үлес қосқан тіл тарландарының еңбектерін білуі керек. Бұл энциклопедиялық еңбек емес. Мұнда оның жұмыстан тыс кезіндегі хоббилерін де жаздым. Сонымен бірге жұмыс істеген аға буын өкілдері бар. Одан бөлек, белгілі адамдардың белгісіз қырлары жазылды. Соған қарағанда, жалпы, ғалымдарға ғана емес, жалпы жұртшылыққа жағымды оқиға болады деген пікірім бар, – дейді.

Баcқосуға модераторлық еткен Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан кіріспе сөз сөйлеп, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновтың құттықтау сөзін оқып берді. Құттықтауда бұл кітаптың қазақ ғылымының дамуына зор үлес қосқан, ел үшін аянбай қызмет атқарған ғалымдардың ғибратты ғұмырнамасын насихаттап, жас ұрпақ санасын рухани тұрғыдан байытып, тәрбиелік мәні терең ұлттық құндылықтарды санаға сіңірудегі рөлі ерекше екені айтылған.

Көрнекті ғалымдар З.Базарбаева, Ж.Манкеева және қоғам қайраткері Қ.Сәрсембай кітаптың лентасын қиған соң, академик Зейнеп Базарбаева, еліміздің белгілі тілші-ғалымдары Ж.Манкеева, Ж.Балтабаева, А.Салқынбай, Т.Ермекова, Ж.Сүлейменова сынды профессорлар, академия мүшелері сөз алды. Олар автордың тіл мамандарының ғылыми еңбектерінен қысқаша мәлімет бере отырып, ғалымдардың қайраткерлік қырлары, тұлғалық тағылымы және ұстаздық ұлағаты, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мен дамыту жөніндегі ұстанымдары, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлін көрсеткенін атап өтті. Ал ғылыми-танымдық портреттер ҚР ҰҒА және республикалық «Ана тілі» газетінің бірлескен жобасы негізінде әзірленгенін жеткізген газеттің бас редакторы Қали Сәрсенбай кітап авторы әдеттегідей қалыптасып қалған энциклопедиялық анықтамалар, қатаң ғылыми стильмен шектелмей, тарихи-танымдық, ғылыми-публицистикалық бағытты ұстанғаны, академиктердің тағылымдық қырларын ашуға зор мүмкіндік туғызғанына тоқталды.

Өз кезегінде академик Кәрімбек Құрманәлиев кітап таныстырылымына қатысып, оң пікірлерін білдірген ғалымдарға рақмет айтып, Ұлттық кітапхана қорына еңбегін тарту етті.

Тегтер: тіл мемлекеттік тіл мәселе латын әліпбиі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 13:00
Пешене
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 23:09
Талас Омарбеков дүниеден өтті
Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14