Токио Олимпиадасы өтпей қалуы мүмкін - Ұйымдастыру комитеті

Сайт әкімшілігі

21.07.2021, 15:14

341

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто коронавирусқа байланысты жағдай нашарлаған жағдайда Олимпиада ойындары тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Sky Sports.

Муто егер вирус жұқтырғандар саны көбейсе ұйымдастырушылар шұғыл жиын өткізіп, Олимпиаданы тоқтатуы мүмкін екенін айтты. 

"Қанша адам коронавирус жұқтыратынын болжай алмаймыз. Егер ондай жағдай болса, не істеу керегін ойланамыз", — деді Муто. 

Басылым мәліметінше, кейінгі 24 сағаттың өзінде спортшылар арасында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталған. Осылайша, жалпы инфекция жұқтырғандар саны 68-ге жеткен. 

Бұған дейін Олимпиада ойындарының 26-сы көрерменмен, қалған 724-і бос трибунада өтетіні хабарланған. 

Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындары пандемияға байланысты бір жылға шегерілген болатын. Биыл ойын 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. 

Тегтер: спорт футбол ақпарат дерек ұйымдастыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 10:59
Ел сенімін ақтай алмады
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 09:45
Әртістік жүзуден «әртіс» болып кетті
Айнұр ӘЛИ 08:49
Қазақ мифін қайтсек оятамыз?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:35
Ағайындылар ондыққа кіре алмады
Смағұл ЕЛУБАЕВ 03.08.2021, 09:38
Қоңыр дәптерге қонған ойлар
Ербол Азатқали 03.08.2021, 09:31
Шындықтың шарболаты

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58