Токиода спортшыларымыздың денсаулығын кімдер бақылайды?

Заңғар КЕРІМ

21.07.2021, 20:21

1596

Қазақстан олимпиадалық командасымен бірге Токио Олимпиадасына аттанған делегация қатарында медициналық ғылыми-кешенді топ қызметкерлері де бар. Әлемдегі пандемия жағдайында өткелі отырған төртжылдық додасында спортшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау әрбір ұлттық олимпиадалық комитет мен Халықаралық Олимпиада комитеті алдындағы ең үлкен міндет саналады.

Осы орайда, Қазақстан ҰОК спортшылардың денсаулығын қадағалайтын мамандарды дайындап, арнайы ғылыми кешенді топ құрған болатын.

Ұйым мүшесі Азамат Нұрматов Токиодағы қауіпіздік ережелеріне тоқталып, команда мүшелерінің денсаулық жағдайы қалай бақыланытынын айтты.

«Делегация Токиоға ұшып келгеннен бастап үлкен тексеруден өтті. Бұл үдеріс Олимпиада ойындары аяқталып, елге қайтқанға дейін жалғасады. Себебі, ең ірі спорттық бәсеке пандемия кезінде ұйымдастырылып жатқандықтан, спортшылар мен жалпы ойынға қатысы бар адамдар қатаң қадағалануда. Келушілердің денсаулығын тексеру әуежайда басталады. Біз әуежайда бірнеше рет ПТР сынағын тапсырдық. Әрбір делегацияға жауапты адамдар бар және олар бір-біріне қосылмай, команданы дербес басқарады. Спортшылардың хал-жағдайын бақылайтын арнайы бағдарлама бар. Әрбір қатысушы аталған қосымша бойынша өзінің денсаулық жағдайын баяндап отырады. Кез келген жерден антисептиктер мен өзге де қорғаныс құралдарын табуға болады. Одан бөлек, күніне бес рет әр спортшыға антисептик таратылады. Қатысушылар арнайы медициналық штабқа келіп, жетекші әрбір команда мүшелерінің дене қызуын өлшейді. Арнайы бағдарламаны қаншалықы толық толтырып жатқанын қадағалайды. Спортшылар күніне 5-6 рет ковид офицердің қабылдауында болып, ПТР тест тапсырады. Нәтижелер кешкі алтыға дейін анықталады. Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылардың өте жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұр. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті де кешенді ғылыми топ құрамымен бірнеше дәрігерді Токиоға жіберді. Әрбір команданың массажшылары да бар. Одан бөлек, ҰОК 17 мың медициналық бетперде жеткізді. Делегацияның әрбір мүшесі күніне 5-6 рет бетпердені ауыстыра алады. Яғни, қатысушылардың қауіпсіздігін барлық тарап қатаң бақылауда», — дейді Азамат Нұрматов.

Тегтер: спорт футбол хоккей ақпарат дерек ұйымдастыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:10
Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль иеленді
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 10:59
Ел сенімін ақтай алмады
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 09:45
Әртістік жүзуден «әртіс» болып кетті
Айнұр ӘЛИ 08:49
Қазақ мифін қайтсек оятамыз?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:35
Ағайындылар ондыққа кіре алмады
Смағұл ЕЛУБАЕВ 03.08.2021, 09:38
Қоңыр дәптерге қонған ойлар

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58