Тұлпардың тайып табаны...

Ғайса-Ғали СЕЙТАҚ

27.07.2021, 15:16

1061

Жалғыз тілек

Таңғалмайтын болдық түрлі пәрменге,

Ар-ұятты ысырдық па әрменге?!

«Жаһандану» дауылы кеп ұрған соң,

Жұртыма айтар жалғыз тілек бар менде.

Құжырасы секілденген ұстаның,

Кейінгіге, бәлкім, көне нұсқамын.

Кейбіреудей жүйрік емен үш тілге,

Көндікпедім, болмаған соң үш жаным.

Мұным менің, емес, сірә, кекесін,

Өмір барда кездеседі төте сын.

Туа сала, тіркейді де қу тірлік,

Өлгеніңше құжат жинап өтесің.

Қасіреттің қара бұлты төнердей,

Жұбана алмай, жетім қалған өлеңдей,

Тәуелдісің бір жапырақ қағазға,

Заңмен денең көрге бірге енердей.

Қанағатшыл жерде ғана тойым бар,

Өлтіре ме бітпей қойған ойындар?!

...Қазақ деген елге, жалғыз тілегім,

Жүрегімді тіркеп менің қойыңдар!

     *         *           *

Бар деп елде құт қандай,

Жұтып жатқан құтқармай

Жемқорлары би болып,

Жар басына шыққандай.

Жайлағандай іштен жұт,

Өзегіне түскен құрт –

Өтірікті сапырып,

Көпірікті ішкен жұрт.

Құр сүлдері, тірі боп,

Халық отыр діні көп.

Қайрайтұғын ұлы жоқ,

Сайрайтұғын тілі жоқ.

Кемеңгердің өзі боп,

Сөйлейтұғын сөзі көп –

Шешенінің сыны жоқ,

Көсемінің көзі жоқ.

Қоғамының үні дал,

Қонағының тілі бал.

Құбыр бойлап, қытайлар

Қаптайтұғын түрі бар.

Тор құрғаннан тарланға,

Жете ме адам арманға.

Қауіп қайдан, жау қайдан –

Ұғатұғын жан бар ма!?

Жақын қайсы, жат қандай,

Айту керек, жақ талмай.

Жаһандағы жамандық

Кеулеп келе жатқандай.

Жиып қойып ұятты,

Жоятындай тұяқты.

Елдің мынау тірлігі –

Бассыз дене сияқты.

        *      *      *

Жан емес дертіңді емдер,

Өтірік сертін берген

Елім деп еміреніп,

Жерім деп желпінгендер.

Төрді ылғи қош көргендер,

Мықтымсып, төс кергендер.

Жоқтарды жоқтамастан,

Көппіз деп көшке ергендер.

Бас ұстап, қой жегендер,

Құлағы тойға елеңдер.

Шешенсіп, шекпен киіп,

Көсемсіп сөйлегендер.

Менікі жөн дейтіндер,

Тақты ойлап, өрлейтіндер.

Өзгені бір кісіден

Көздері көрмейтіндер.

Жылтыр сөз тілегінде,

Аярлық тұр өңінде.

Елі жоқ кеудесінде,

Жері жоқ жүрегінде.

               

        *      *      *

«Жау» көрсе, шығар белсене,

Басында небір қиял көп.

… Мүлгиді кейде кеңседе,

Мүләйімсіген мияу бет.

Басшысы айтса қопаңдап,

Қарамас, тұрса жақыны.

Қараша келсе, қоқаңдап,

Дайын-ақ берер «ақылы».

Шабады кейде танаурап,

Көтеріп мұрнын көкке бір.

Жастары жүрер жалаулап,

Уақыт-ай кеткен текке бұл.

Түсінбес мүлдем сөз парқын,

Әйтеуір шапса болғаны.

Соттауға дайын өз халқын,

Билігі жетсе қолдағы.

Өтірік ақпар, құр есеп,

Аттандап бара жатады.

Қаптағандай ма кіл есек,

Адаммен жоқ еш шатағы.

Кесел ме, дерт пе, тегі, бұл,

Мінбеге шығар кезі көп,

Есінде қалар елінің

Бір түйір, шіркін, сөзі жоқ.

Қарсы сөз айтқан адамды

Аңдиды кейде ақырын.

...Ілуге табар амалды,

Намыстан бірақ мақұрым.

Жұрт тыныш дейміз, ел аман,

Іс аз да, құр бос қиял көп.

… Келешек шіркін не болар,

Кеңсеге толса мияу бет?!

       *         *         *

Қуантпайды қоғамның беті бізді,

Қамшыменен тілгендей етімізді,

Бәрінен де түңіліп кеткендейсің,

Пенделерді көргенде екі жүзді.

Жәдігөйдей өмір сүр енді жайлап,

Жолға шыққың келмейді белді байлап.

Жаның қалай шыдайды жалғандыққа,

Жағымпаздық алғанда елді жайлап.

Ажал алып кетті ме оты барын,

Жәудірейді бұрышта жетім арың.

Бүгін мақтап жүретін, ертең даттап,

«Қайраткерлер» көбейді беті қалың.

Әркім қорғай алмаса өз намысын,

Заман емес, адамның тозғаны шын.

Қайда кетіп барады құр мақтаумен,

Қайран елім тыймастан сөз жарысын?!

Жүрек айныр көлдей көп көпіріктен,

(Ақиқатты айтуға бекініп көр).

… Азапстан болуы ғажап емес,

Қазақстан қашпаса өтіріктен!

          *     *     *

Түйіліп ердің қабағы,

Еңісте жүр ме естілер.

Тұлпардың тайып табаны,

Төрге озған күн бе ешкілер?!

Ел деген жандар опынар,

Өліара алда шақ тұр ма,

Арлы емес, әркім отырар

Қайтты ма бағы тақтың да.

Төбені талай тесті ме,

Тас соқыр соттың кесімі.

Есерге емес, естіге

Жақын ба түрме есігі.

Тұрғандай қоршап мың бұзық,

Жылай ма шетте әділет.

Әмірін көпке жүргізіп,

Отыр ма төрде әбілет?!

Түзу жол сілтер халқына

Табылар абыз бар ма екен?!

Түссе жер тағы талқыға,

Ағып бір қанмен жан кетер.

Керегі не онда таңның да,

Қазылмаса екен көр бұлай.

Тұрмайық ұрпақ алдында

Анасын сатқан сорлыдай.

Бұлақтың-дағы басы бар,

Туар ма, шіркін, ер дара.

… Алаңы елдің басылар,

Аман боп тұрса

Жер ғана!!!

                  *     *     *

Күмән көп баста мынау алаңдардай,

Заманға қуып-тыққан амал бар ма-ай!?

Құлшылық қыласың-ау бір Аллаға,

Қырық күн қылуетке қамалғандай.

Сезініп түн салмағын,

Күн қадірін,

Жүректің жалғыз өзің тыңдап үнін,

Ойланып осындайда,

Білесің-ау

Түбінде болатынын бір қабірің.

Тіріңде бәрі саған қол соғады,

Біртіндеп жіңішкерер жол сорабы.

Кірмейді көрге өзіңнен басқа ешкім де,

Өлдіге қимайтын жан болса-дағы.

Өткен күн шоқтай болып өшкен бекер,

Артыңнан жарқылы көп көштер жетер.

Түк қалмай тойың менен тойымыңнан,

Отыз күн ойының да естен кетер.

Тарқамай тұрғандай бір тұман қалың,

Таусылмай, мазаң қашар, күмән да мың.

Тәубеңе келетінің анық екен,

Түсініп зілдей батпан күнәң барын.

Түк қызық қалмағандай елең етер,

Тиеп бір заман жүгін, кеме кетер.

...Қадірін жарық күннің ұғу үшін

Қамалу қылуетке керек екен.

         *        *       *

Қанша жанды, сұм заман, отқа айдадың,

Арыстардың Сталин төкті-ай қанын.

… Сол дәуірдің айналып келмеуі үшін

Сен биікте желбіре,

Көк байрағым!

Азаттықты білемін ел тосқанын,

Аштық жұтып баланы,

Ер босқанын.

Жастарымды жасытпа енді қайтып,

Сен жылама,

Жабырқау желтоқсаным!

Аман-сау боп қазағым өтсе белден,

Атарына ақ таңның бек сенем мен.

Сығаламай есіктен, әрі жүрсін

Қызыл жалау, қанқасап көксегендер!

Түзу ұшса әр үйден түтін бүгін,

Шүкір деймін бәріне, шүкір күнім.

Шырылдаған торғайдай алып-ұшам,

Шекарамның ойлаумен бүтіндігін.

Беу, жастарым,

Көк туды қастерлесең,

Азат күнде тау менен тасқа өрле сен.

Мәңгі бақыт емес пе мен үшін де,

Жанарынан халқымның жас көрмесем!

Бостандық деп өтті жыл,

Өтті айларым,

Бодандықтың отында көп қайнадым.

… Аспанымның әйгілеп ашықтығын

Сен мәңгілік желбіре,

Көк байрағым!

Жалғыз тілек

Таңғалмайтын болдық түрлі пәрменге,

Ар-ұятты ысырдық па әрменге?!

«Жаһандану» дауылы кеп ұрған соң,

Жұртыма айтар жалғыз тілек бар менде.

Құжырасы секілденген ұстаның,

Кейінгіге, бәлкім, көне нұсқамын.

Кейбіреудей жүйрік емен үш тілге,

Көндікпедім, болмаған соң үш жаным.

Мұным менің, емес, сірә, кекесін,

Өмір барда кездеседі төте сын.

Туа сала, тіркейді де қу тірлік,

Өлгеніңше құжат жинап өтесің.

Қасіреттің қара бұлты төнердей,

Жұбана алмай, жетім қалған өлеңдей,

Тәуелдісің бір жапырақ қағазға,

Заңмен денең көрге бірге енердей.

Қанағатшыл жерде ғана тойым бар,

Өлтіре ме бітпей қойған ойындар?!

...Қазақ деген елге, жалғыз тілегім,

Жүрегімді тіркеп менің қойыңдар!

     *         *           *

Бар деп елде құт қандай,

Жұтып жатқан құтқармай

Жемқорлары би болып,

Жар басына шыққандай.

Жайлағандай іштен жұт,

Өзегіне түскен құрт –

Өтірікті сапырып,

Көпірікті ішкен жұрт.

Құр сүлдері, тірі боп,

Халық отыр діні көп.

Қайрайтұғын ұлы жоқ,

Сайрайтұғын тілі жоқ.

Кемеңгердің өзі боп,

Сөйлейтұғын сөзі көп –

Шешенінің сыны жоқ,

Көсемінің көзі жоқ.

Қоғамының үні дал,

Қонағының тілі бал.

Құбыр бойлап, қытайлар

Қаптайтұғын түрі бар.

Тор құрғаннан тарланға,

Жете ме адам арманға.

Қауіп қайдан, жау қайдан –

Ұғатұғын жан бар ма!?

Жақын қайсы, жат қандай,

Айту керек, жақ талмай.

Жаһандағы жамандық

Кеулеп келе жатқандай.

Жиып қойып ұятты,

Жоятындай тұяқты.

Елдің мынау тірлігі –

Бассыз дене сияқты.

        *      *      *

Жан емес дертіңді емдер,

Өтірік сертін берген

Елім деп еміреніп,

Жерім деп желпінгендер.

Төрді ылғи қош көргендер,

Мықтымсып, төс кергендер.

Жоқтарды жоқтамастан,

Көппіз деп көшке ергендер.

Бас ұстап, қой жегендер,

Құлағы тойға елеңдер.

Шешенсіп, шекпен киіп,

Көсемсіп сөйлегендер.

Менікі жөн дейтіндер,

Тақты ойлап, өрлейтіндер.

Өзгені бір кісіден

Көздері көрмейтіндер.

Жылтыр сөз тілегінде,

Аярлық тұр өңінде.

Елі жоқ кеудесінде,

Жері жоқ жүрегінде.

               

        *      *      *

«Жау» көрсе, шығар белсене,

Басында небір қиял көп.

… Мүлгиді кейде кеңседе,

Мүләйімсіген мияу бет.

Басшысы айтса қопаңдап,

Қарамас, тұрса жақыны.

Қараша келсе, қоқаңдап,

Дайын-ақ берер «ақылы».

Шабады кейде танаурап,

Көтеріп мұрнын көкке бір.

Жастары жүрер жалаулап,

Уақыт-ай кеткен текке бұл.

Түсінбес мүлдем сөз парқын,

Әйтеуір шапса болғаны.

Соттауға дайын өз халқын,

Билігі жетсе қолдағы.

Өтірік ақпар, құр есеп,

Аттандап бара жатады.

Қаптағандай ма кіл есек,

Адаммен жоқ еш шатағы.

Кесел ме, дерт пе, тегі, бұл,

Мінбеге шығар кезі көп,

Есінде қалар елінің

Бір түйір, шіркін, сөзі жоқ.

Қарсы сөз айтқан адамды

Аңдиды кейде ақырын.

...Ілуге табар амалды,

Намыстан бірақ мақұрым.

Жұрт тыныш дейміз, ел аман,

Іс аз да, құр бос қиял көп.

… Келешек шіркін не болар,

Кеңсеге толса мияу бет?!

       *         *         *

Қуантпайды қоғамның беті бізді,

Қамшыменен тілгендей етімізді,

Бәрінен де түңіліп кеткендейсің,

Пенделерді көргенде екі жүзді.

Жәдігөйдей өмір сүр енді жайлап,

Жолға шыққың келмейді белді байлап.

Жаның қалай шыдайды жалғандыққа,

Жағымпаздық алғанда елді жайлап.

Ажал алып кетті ме оты барын,

Жәудірейді бұрышта жетім арың.

Бүгін мақтап жүретін, ертең даттап,

«Қайраткерлер» көбейді беті қалың.

Әркім қорғай алмаса өз намысын,

Заман емес, адамның тозғаны шын.

Қайда кетіп барады құр мақтаумен,

Қайран елім тыймастан сөз жарысын?!

Жүрек айныр көлдей көп көпіріктен,

(Ақиқатты айтуға бекініп көр).

… Азапстан болуы ғажап емес,

Қазақстан қашпаса өтіріктен!

          *     *     *

Түйіліп ердің қабағы,

Еңісте жүр ме естілер.

Тұлпардың тайып табаны,

Төрге озған күн бе ешкілер?!

Ел деген жандар опынар,

Өліара алда шақ тұр ма,

Арлы емес, әркім отырар

Қайтты ма бағы тақтың да.

Төбені талай тесті ме,

Тас соқыр соттың кесімі.

Есерге емес, естіге

Жақын ба түрме есігі.

Тұрғандай қоршап мың бұзық,

Жылай ма шетте әділет.

Әмірін көпке жүргізіп,

Отыр ма төрде әбілет?!

Түзу жол сілтер халқына

Табылар абыз бар ма екен?!

Түссе жер тағы талқыға,

Ағып бір қанмен жан кетер.

Керегі не онда таңның да,

Қазылмаса екен көр бұлай.

Тұрмайық ұрпақ алдында

Анасын сатқан сорлыдай.

Бұлақтың-дағы басы бар,

Туар ма, шіркін, ер дара.

… Алаңы елдің басылар,

Аман боп тұрса

Жер ғана!!!

                  *     *     *

Күмән көп баста мынау алаңдардай,

Заманға қуып-тыққан амал бар ма-ай!?

Құлшылық қыласың-ау бір Аллаға,

Қырық күн қылуетке қамалғандай.

Сезініп түн салмағын,

Күн қадірін,

Жүректің жалғыз өзің тыңдап үнін,

Ойланып осындайда,

Білесің-ау

Түбінде болатынын бір қабірің.

Тіріңде бәрі саған қол соғады,

Біртіндеп жіңішкерер жол сорабы.

Кірмейді көрге өзіңнен басқа ешкім де,

Өлдіге қимайтын жан болса-дағы.

Өткен күн шоқтай болып өшкен бекер,

Артыңнан жарқылы көп көштер жетер.

Түк қалмай тойың менен тойымыңнан,

Отыз күн ойының да естен кетер.

Тарқамай тұрғандай бір тұман қалың,

Таусылмай, мазаң қашар, күмән да мың.

Тәубеңе келетінің анық екен,

Түсініп зілдей батпан күнәң барын.

Түк қызық қалмағандай елең етер,

Тиеп бір заман жүгін, кеме кетер.

...Қадірін жарық күннің ұғу үшін

Қамалу қылуетке керек екен.

         *        *       *

Қанша жанды, сұм заман, отқа айдадың,

Арыстардың Сталин төкті-ай қанын.

… Сол дәуірдің айналып келмеуі үшін

Сен биікте желбіре,

Көк байрағым!

Азаттықты білемін ел тосқанын,

Аштық жұтып баланы,

Ер босқанын.

Жастарымды жасытпа енді қайтып,

Сен жылама,

Жабырқау желтоқсаным!

Аман-сау боп қазағым өтсе белден,

Атарына ақ таңның бек сенем мен.

Сығаламай есіктен, әрі жүрсін

Қызыл жалау, қанқасап көксегендер!

Түзу ұшса әр үйден түтін бүгін,

Шүкір деймін бәріне, шүкір күнім.

Шырылдаған торғайдай алып-ұшам,

Шекарамның ойлаумен бүтіндігін.

Беу, жастарым,

Көк туды қастерлесең,

Азат күнде тау менен тасқа өрле сен.

Мәңгі бақыт емес пе мен үшін де,

Жанарынан халқымның жас көрмесем!

Бостандық деп өтті жыл,

Өтті айларым,

Бодандықтың отында көп қайнадым.

… Аспанымның әйгілеп ашықтығын

Сен мәңгілік желбіре,

Көк байрағым!

Тегтер: проза поэзия ақын пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлімғазы Дәулетхан 14:00
Шыңғысхан кім?
Жарлы БАЙҒАНИН 11:00
«Желтоқсанға» араша немесе солтүстікке сапар
Сайт әкімшілігі 10:00
Бақұл бол, Бақытгүл...
Қуаныш ТҰНҒАТАР 16.09.2021, 11:30
Көсемсөздің көкжалы
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.09.2021, 10:30
Қазақтілді балғындардың қиялы шектеліп тұр
Әділбек ЖАҚЫП 16.09.2021, 09:30
Абылай мен Кенесары

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39