Ұлт ұстазының бір өлеңін естуден туған ой

Ағыбай ӘКБАРҰЛЫ

01.11.2022, 16:49

3225

Менімен ілесе кірген бір топ оқушымен, автобус адамға лық толды. Автобус қозғалып, аздан соң жетекші мұғалімінің ишаратымен оқушылар сөз бастады. Бұлар Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары екен. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ұлт ұстазының өлеңдерін насихаттап жүр екен. Балалар кезекпен өлеңдерін оқыды. Мен отырған орындықтың жанында тұрған қыз балаға кезек келді. Ол  оқыған өлең жолындағы: Құл болған халқымды ояту үшін, – дегені маған бірден әсер етті. Өлең оқылып бола сала, мен балаға сұрақ  қойдым.

 – Балам, өлеңдегі құл болған халық кім?

  – Біздің ата-бабаларымыз. Қазақтар.

– Құл қылған кім?

  – Россия.

  – Ол қазіргі қай ұлт. Қай мемлекет?

— Қазіргі орыс ұлты. Ресей.

Мен жетекші мұғалімге сұрақ қойдым.

– Қазір біздің санамызда сол құлдықты мойындау мен құрметтеуден қалған  құлдық сана бар ма?

— Ойланды, бірақ нақты жауап айта алмады.

  Мен:

  «Он қазақ тұрып, бір орыс жанымызға келсе, барлығымыз орысша сөйлеп  кетеміз. Қазақ болсақ та қазақша білмейміз. Білмегенімізге ұялмаймыз,  өкінбейміз. Қазақша білсек те орысша сөйлейміз. Орысша сөйлегенді  мақтан көреміз, мәдениеттілік деп сезінеміз. «Қазақстанда орысша сөйлегенге қазақша жауап қайтарғанды жұмыстан қуу керек», — дегенді де естідік. Болмағанда «орысша сөйлегенге қазақша жауап қайтару қазақстанда мәдениетсіздік саналады», – дейді. Бұлар құлдық сананың көрінісі емес пе?, – дедім.

— Дұрыс, келісемін, — деді. Шындық алдында амалсыз қалғаны белгілі  болып тұр.

Ілкіде, біреу данышпаннан құл қашан құлдықтан құтылады?, — деп сұраса керек-ті… Сонда данышпан: «Құл тек өзінің құл екенін мойындағанда ғана құлдықтан құтылады, — деп жауап беріпті. Мойындау – намысты оятады. Намыс оянса, мақсат орындалады.

Біздегі мәселенің түйіні осы өзіміздің қазір кім екенімізді мойындамауда  жатыр.

  Тіл туралы болған соң айта кетейін. Қазір биліктің биік басында  отырғандардан бастап, орыс тілін дәріптеуді өзге тіл тірлік үшін деген  дәйекпен негіздейді. Меніңше, бүгінгі күні қазақтарға өз тіліңнен басқа бір  тілді үйрен деп насихат айту – бүгінгі дәуірді әлі түсіне алмаған адамның  қылығы сияқты сезіледі. Бұлай айту – Абай атамыз жасаған дәуірге үйлеседі.  Ол кезде ақпарат құралдары дамымағандықтан, қарапайым халыққа  дүниенің қалай дамып бара жатқанын бағамдауға, қайсы ұлтта не бар екенін  білуге мүмкіндік жоқтың қасы еді. Ал қазір ше… Қай қазаққа: «Қазақ тілінен  басқа бір шет тілін үйренуің керек», – деп айтсаң күледі. «Данышпансыған  түрін» деп. Орыс тілін үйренуді биліктің дәріптеуі – саясат үшін. Ол  көршімізді сыйлайтынымызды көрсету үшін. Бұл жерде де мәселені бүркеп  жатқан ақиқатты мойындау керек. Сонда ғана өзгереміз.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:57
Қазақтың «Соңғы самурайы»
Жексен АЛПАРТЕГІ 09:44
Ниязбек әжі
Жамал ҚАМАШ 02.02.2023, 17:24
Болат НИЯЗЫМБЕТОВ: Намысты қолдан бермеуге тырыстым
Бифат ЕЛТАЕВА 31.01.2023, 10:50
Бақыт Қажыбай, актер: Алаш рухын оята алсақ, үлкен жетістік сол!
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 10:40
Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:34
Димаш Құдайберген Шанхайдағы фестивальға қазылық етеді

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16