Ұлы ақынның туған күні Абай облысында қалай ұйымдастырылады?

Сайт әкімшілігі

08.08.2022, 09:07

2567

Осыдан екі жыл бұрын Үкімет қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленіп, еліміздің мерекелік күндерінің тізбесіне енді. Ақынның туған күні оған дейін бір аймақта 10 тамызда, бір өңірде 23 тамызда, яғни әртүрлі уақытта аталып өтіп жүрген болатын. Бұл айтулы дата һәкімнің туған топырағы жаңадан құрылған Абай облысында қалай ұйымдастырылады?

Жалпы Семей өңірінде ойшылдың шығармалары, есімі қалай насихатталып жатыр? Президент Жарлығымен 25 жылдан кейін қайта жаңғырған Абай облысы биыл үшінші мәрте атап өтілетін Абай күніне ерекше дайындық үстінде.-деп хабарлайды Хабар 24.

Әсіресе Семейдегі Абай музейінде қарбалас.

Тұрдықұл Шаңбай, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейінің директоры:

— Шындығында мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Абайдың туған күніне нүкте қойып, анықтап берді. Тамыздың 10-ы Абай күні. Республикалық мереке. Біздің қуанышымызда шек жоқ. Қазір облыс деген республикалық статусымыз бар. Абай ауданы бар. Абай облысы бар. Абайдың республикалық музейі бар. Осының бәрі бізге қуанышпен бірге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Музей директорының айтуынша, соңғы кездері ұлы ақынның табаны тиген киелі мекенді тамашалаушылардың саны күрт көбейген. Ойшылдың туған күнінде мұнда келушілердің қатары бірнеше есеге артады. Музей қызметкерлері туристерді қабылдауға әркез дайын. Барлық зал толық цифрландырылған. Азамат Қасым, тілші:

— Музейге келушілер мынадай экран арқылы ұлы Абайға қатысты бір ғасырда жинақталған бүкіл әндерді, фильмдерді, спектакльдерді тамашалай алады. Бұл мултимедиалық залда бір мезетте 8 адамға қызмет көрсетіледі. Жаңа облыстың ашылуы семейлік абайтанушы ғалымдарды да қанаттандырып жігерлендіргендей. Шаһардағы жетекші оқу орыны Шәкәрім университетінің оқытушылары «Абайтану» оқулығын жазуға үлес қосқанын мақтанышпен жеткізді.

Ақмарал Смағұлова, Абай және ұлттық руханият орталығының ғылыми қызметкері:

— Бұл абайтану орталығы орта мектеп оқушыларына арналған. 2022 жылдың қыркүйек айынан қолданысқа енгізіледі. Ерекшелігі, жаңарытылған білім беру мазмұнына сай құрастырылған алғашқы оқулықтардың бірі.  Ақынның ізбасар інісінің есімін иеленген оқу орнындағы барлық мамандықтарда «Абай әлемі» курсы оқытылады. «Абай курсы» үйірмесі жұмыс істейді. Өйткені, Семейде білім алатын әрбір студент Абайды білуі тиіс. Қаладағы жас ғалымдар да қарап жатқан жоқ. Берікхан Иісбекұлы ақынды жастарға насихаттау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің грантын ұтып, «Абайтану.кз» сайтын ашқан. «Болашақ Абайларды шығару үшін тек өлең жазумен шектелмей, технократ жастарды қалыптастырумыз керек», — дейді ол.

Берікхан Иісбекұлы, филология ғылымдарының докторы:

— Әлемдік интелектуалдық аренада қазақтың үлесі қанша? Ол жерде әр халықтың үлесі бар. Осыны ойлануымыз керек. Екінші Абай шығару үшін не істеуіміз керек? Тек бір Абаймен тоқтаймыз ба? Онда ұлттың интеллектуалдық ойының дағдарысқа ұшырағаны.

Ал Абай облысының тұрғындары Абай күнін, ақынның туған күнін біле ме?

Сұрап көрдік.

— Абайдың туған күнін білесіз бе? Туған күнін?

— 10 тамыз. Жақындап қалыпты ғой.

— 1945 жыл.

— Абай Құнанбаевтың туған жылы 1945 жыл.

— Абай атымыздың туған күні 10 тамыз. 1845 жылы туған. Міне биыл Абай облысы болдық. Сондықтан бәріміз білуіміз керек. 

Семейге ат басын бұрған адам қазір Абай еліне келгенін бірден сезінеді. Өйткені әуелі Абай әуежайы құшақ жая қарсы алады. Абай музейіне барасыз ба, Абай театрының қойылымын тамашалайсыз ба? Абай кітапханасын аралайсыз ба? Абай ескерткішіне тағзым жасайсыз ба? Әрі қарай таңдау өзіңізде. Ерінбесеңіз, екі жүз шақырым жердегі Абай ауданына барып, Жидебайды көріп қайтыңыз. Айта кетейік, елімізде ақынның есімі берілген мыңдаған мектеп бар. Көшелердің санын нақты ешкім білмейді. Алыс-жақын шет мемлекеттерде ойшылдың құрметіне 30-ға жуық ескерткіш қойылған, осынша көше берілген. Ал интернетте шамамен жыл сайын 12 миллион рет Абай туралы мәлімет ізделеді екен. 

Тегтер: тұлға естелік парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 23.09.2022, 11:00
Мәдениет саласына мән берілуде
Нақыпбек Сәдуақастегі 22.09.2022, 11:24
Әділеттілікке жүгіну – адамгершілік белгісі!
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 22.09.2022, 10:13
Жұмекеннің рухы
Жамал ҚАМАШ 21.09.2022, 10:24
GGG-нің Канелоға әлі жетпеді
Әділбек ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ 20.09.2022, 15:54
Ұлықтау
Жамал ҚАМАШ 15.09.2022, 12:51
Нар тұлғалы Нұрмаханов

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41