«Ұлы даланың көне сарындары» Павлодарда

14.02.2019, 19:02

182

Қаңтар айының аяғында Шығыс Қазақстан облысында басталған республикалық «Ұлы даланың көне сарындары» ұлттық музыка фестивалі Павлодар облысында жалғасты.Бұл фестивальдің негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай ұйымдастырылған музыка фестивалі Қазақстан бойынша барлық өңірлерді аралап шығады.Павлодардағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында өткен кешке Қазақстанға және өңірге белгілі дәстүрлі өнер иелері қатысты. Дәстүрлі өнерпаздар ұмыт бола бастаған әндер мен күйлерді, түрлі жырларды көпшілікпен бөлісті.Ұлттық өнерді насихаттау мақсатында «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған жоба – партияның 20 жылдығын да қамтиды. Шығыс Қазақстандағы ашылу салатнатында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев жоба туралы: «Нұр Отан» партиясы үлкен жобаны іске қосты. Еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі халық әуендері мен ұмыт болған әуендердің фестивалін өткізуді бастадық. Әр аймақтық өз ерекшелігін көрсетуді көздеп отырмыз. Ауқымды шараны Семей қаласынан бастауды жөн көрдік. Себебі Семей, қазақтың ұлы ұлдары Абай, Шәкәрімдер дүниеге келген өлке", – деп жобаның мән-мағынасы жайлы айтқан болатын.Жобаның тағы бір мақсаты – белгілі тұлғалармен қоса жастарды да қолдап, оларды халыққа таныту. Екі буын арасындағы үндестік пен дәстүр жалғастығын жаңғырту, ініге ағаны үлгі ету деуге болады.– Бұл фестиваль Семей өңірінде Абайдың елінен тізгінін ағытқан болатын. Енді Жаяу Мұсаның, Естайдың еліне келіп жатырмыз. Әрі қарай Солтүстік Қазақстан, кейін Көкшетауда жалғасады, — дейді фестивальдің негізгі қатысушыларының бірі, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері Ерлан РЫСҚАЛИ.Жоба жалпы жиыны 15 қалада өтеді. Еліміздің солтүстік өңірлерінде жүрген өнерпаздар кеш қорытындысын Алматы облысы Талдықорған қаласында түйіндемек.Фото: bnews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:10
Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль иеленді
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 10:59
Ел сенімін ақтай алмады
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 09:45
Әртістік жүзуден «әртіс» болып кетті
Айнұр ӘЛИ 08:49
Қазақ мифін қайтсек оятамыз?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:35
Ағайындылар ондыққа кіре алмады
Смағұл ЕЛУБАЕВ 03.08.2021, 09:38
Қоңыр дәптерге қонған ойлар

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58