Универсиада-2023: Хоккейден Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды

Сайт әкімшілігі

23.01.2023, 08:39

933

Хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада қола жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

22 қаңтарда үшінші орын үшін өткен матчта Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері Жапониямен кездесті. Матч 8:1 есебімен аяқталды.

Бірінші кезеңде Максим Мұхаметов есеп ашты. Бұл шайба бастапқы жиырма минутта жалғыз гол болды. Екінші кезеңде қазақстандықтар тағы төрт гол ұйымдастырды. Олар Саян Данияр, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков және Батырлан Мұратовтың есебінде.

Жапония құрамасының жалғыз голын Юто Гондира соқты. Қорытынды кезеңде қазақстандықтар тағы үш гол соқты. Әли Қасенов, Мұхаметов және Данил Бутенко ерекше көзге түсті.

Бұған дейін Лейк-Плэсидте өткен Универсиадада хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания және Словакия құрамаларын жеңген болатын. Алайда ол АҚШ пен Канада құрамаларынан жеңіліп қалды.

Тегтер: спорт Олимпиада алтын күміс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 31.01.2023, 10:50
Бақыт Қажыбай, актер: Алаш рухын оята алсақ, үлкен жетістік сол!
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 10:40
Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:34
Димаш Құдайберген Шанхайдағы фестивальға қазылық етеді
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 26.01.2023, 16:13
Күнәнің бергі беті
Тұрсын ЖҰРТБАЙ 26.01.2023, 10:23
Құрыш құйма немесе «Жерім үшін жаным ауырады...»
Есенгелді СҮЙІНОВ 25.01.2023, 11:31
Қимас жандай болған мысық

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28