Зарина Диас: Қазақстанның ерлер құрамасы сенсация жасайтынына сенімдімін

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан

22.07.2021, 10:23

1901

Соңғы сәтте Халықаралық теннис федерациясының қосымша квотасы арқылы Олимпиада жолдамасына ие болған қазақстандық теннисші Зарина Диас бүгінде Токиода дайындық үстінде. Олимпиадада жүрген отандық БАҚ өкілдеріне zoom арқылы сұхбат берген теннисші өзінің дайындығы мен алдағы мақсатымен бөлісті.

‒ Швейцариядағы турнирден кейін бірден Амстердам арқылы Олимпиада астанасы Токиоға екі күн бұрын ұшып келдім. Әуежайдағы жеті сағаттан аса уақыт бойы тексеріс кәдімгідей шаршатады екен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Токиода өткен ITF жарысында жеңімпаз атанған едіңіз. Жапония сізге жеңіс алып келетін мемлекет деп айта аласыз ба?

‒ Солай десем де болады. Токионың атмосферасы ұнайды. Сондықтан Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетемін деп ойлаймын.

Олимпиада жолдамасын алғаныңыз туралы жаңалықты қалай қабылдадыңыз?

‒ Алғашқыда рейтинг бойынша Олимпиадаға бара алмайтынымды білгенімде көңіл-күйімнің түскені рас. Бірақ індетке байланысты көптеген теннисші Олимпиадаға барудан бас тартып жатқанын естігенде мүмкіндігім бар екенін білдім. Ал жағымды жаңалықты естігенде қатты қуандым. Швейцариядағы жарыста аяғымнан кішігірім жарақат алыып қалдым. Дегенмен, жарысқа дейін жарақатым жазылады деп ойлаймын.  

Олимпиада қалашығындағы спортшылардың жағдайы қалай?

‒ Карантинге байланысты көп шектеу болғанына қарамастан, біз бұған үйреніп қалдық. Олимпиада қалашығында бәрі керемет. Тағамы жақсы, жаттығу залдары ыңғайлы. Тек ауа-райы ыстық демесеңіз.

Олимпиадаға бәрі жүлде үшін келетіні анық. Кімді фаворит, кімді басты қарсылас санайсыз?  Жалпы, дайындығыңыз қалай?

‒ Әрбір спортшының жүлде алуға мүмкіндігі бар. Сондықтан кімнің фаворит екенін айта алмаймын. Менің де дайындығым жақсы, жүлде алу үшін барымды саламын. Қазақстан ерлер құрамасы қоржынға жүлде салады деген сенімім бар. Әсіресе, жұптасып сынға түсушілер сенсация жасап, тарихи жетістікке жетеді деп ойлаймын.

Айта кетейік, жекелей сында Олимпиадада алты теннисші жүлде үшін таласады. Олар ‒ Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин және Александр Бублик. Ал жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Бублик бақ сынайды.

Тегтер: спорт футбол хоккей ақпарат дерек ұйымдастыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:10
Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль иеленді
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 10:59
Ел сенімін ақтай алмады
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 09:45
Әртістік жүзуден «әртіс» болып кетті
Айнұр ӘЛИ 08:49
Қазақ мифін қайтсек оятамыз?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:35
Ағайындылар ондыққа кіре алмады
Смағұл ЕЛУБАЕВ 03.08.2021, 09:38
Қоңыр дәптерге қонған ойлар

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58