Жаңа театр «Бөрте» спектаклімен ашылады

Сайт әкімшілігі

06.10.2021, 21:25

897

Түркістан облысында жаңа ашылмақ «Түркістан музыкалық драма театрында» алғашқы қойылым әрі тұсаукесер ретінде «Бөрте» спектаклі қойылмақ. Бұл туралы  Түркістан музыкалық драма театрында театрда қойылатын «Бөрте» спектакліне байланысты пресс-конференцияда айтылды.

Жиынға театр директоры және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова, қойылымның режиссері Карло Шаккалуга (Сarlo Sciaccaluga), Қазақстанның халық әртісі, Құрмет ордені кавалері, Алматы облысының құрметті азаматы – Алмахан Кенжебекова,  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Лейло Бекзанар-Ханинга, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Алихан Ыдрышева, әртістер  – Айя Шәріп, Еркебұлан Дайыров, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов қатысты.

9-10 қазан күндері жүретін «Бөртенің» авторы жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты Дулат Исабеков. Ал спектакльді қоюға белгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор (Davide Livermore) шақырылды. Қойылымның көркемдік жетекшісі — Айнұр Көпбасарова, режиссер — Карло Шаккалуга (Carlo Sciaccaluga), сценограф– Анна Варалдо (Anna Varaldo), координатор — Элис Ферранти (Alice Ferranti), декоратор-суретші — Жанат Көкімбеков, костюм бойынша суретші – Айжан Абдуайт, композитор — Хамит Шанғалиев, әдеби редактор – Шынар Омарова, жарық бойынша суретші — Даурен Самашов, балетмейстер – Әсем Алдибекова, Мадина Муратпекова, Дәулет Мұратпеков, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова. Иллюстратор суретші – Ассоль Сас, әкімшілік-шаруашылық бөліміне жауапты – Нильдебаев Ұлан, Қабылов Бауыржан, PR және халықаралық қатынастар бөлімінің менеджері – Бозщина Айгерім, техникалық жабдықтау бөлімінің менеджері – Шаяхметова Айгерім, көркемдік жетекшінің ассистенті — Жарылқасова Ақсұңқар. Түркістан музыкалық драма театрының жас драма актерлары және балет әртістері.

Тарихи спектакльдің ғылыми кеңесшісі: тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлан Атығаев. Ролдерде ойнайтын әртістер: Айя Шәріп, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов, Еркебұлан Дайыров, Лейло Бекназар-Ханинга, Әділ Ахметов, Алмахан Кенжебекова, Алихан Идрышева, Ержан Нұрымбет, Нартай Сауданбекұлы, Қонысбек Бегайдаров, Зәмзәгүл Бегайдаров, Алтынай Нөгербек, Азамат Чукеев, Толқын Нұрбекова, Әшім Ахметов, Қуаныш Қонысбеков, Әйгерім Қайратқызы.

Декорация шынайлығымен, сахналық киімдер тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді. Белгілі композитор Хамит Шаңғалиев спектакльге арнап эксклюзивті музыка жазды. Айнұр Көпбасарованың айтуынша, алдағы уақытта да озық техникалық және креатив шешімдерге негізделген тың қойылымдар қала тұрғындары мен қонақтарына көптеп ұсынылатын болады.

Пьесаға арқау болып отырған Бөрте әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның қоңырат тайпасынан алған алғашқы әйелі. Бөртеге арналған тұңғыш шығарма қазақ сахнасында да тұңғыш рет қойылып отыр. Қойылым 10-11 жастағы Темучин (Шыңғыс ханның шын есімі) мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде Темучин алауыздық жайлаған моңғол тайпаларын біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады. Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған атақты «Калқа өзені бойындағы шайқасқа» дейін жетеді. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 13:00
Пешене
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 23:09
Талас Омарбеков дүниеден өтті
Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14