«Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті

Сайт әкімшілігі

30.07.2021, 12:31

8494

«Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті. 

Табалдырығында талай мықтылардың табанының табы қалған республикалық «Жас Алаш» газеті биыл 100 жылдық мерейтойын өз деңгейінде, еліміздің әр қиырында атап өтіп жатыр.

Аталмыш басылымның ғасырлық тойына арналған іс-шаралардың бір парасы ерте көктемде Алматы қаласындағы «Бастау» бильярд клубында тастаяққа аңсары ауған республикалық додамен басталған болатын. Сол турнир Тараз төріндегі «Империя» бильярд клубында сәтімен жалғасты. Бильярд турниріне тараздық тілшілермен бірге Шымкент және Алматы қалаларының журналистері қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, журналистика және театр ардагері Асқарбек Сейілхан, республикалық «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Қайрат Матреков сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ олар өз сөздерінде ғасырлық тарихы бар басылымда ұлт руханиятының талай дарабоздары жұмыс істегенін, бүгінгі жас буын журналистердің де қаламы қарымды екенін тілге тиек етіп өтті. Бильярдтың аралас пирамида деп аталатын түрінен өткен турнирге жалпы 17 тілші қатысты.

Олардың басым көпшілігі өз деңгейлерінде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жарыстың тартысты өтуіне қолдарынан келгенше ақпал етті. Бір мәрте жеңіліс тапқан қатысушының екінші мәрте бақ сынауына мүмкіндік берілгені де журналистер додасын қыздыра түсті.

Турнир барысында көптеген әріптестеріміздің ойынды стратегиялық жоспармен жүргізуге бейімделіп қалғанын да аңғардық. Олар бильярд үстелінде барын салып, қарсыластарының қателіктерін пайдалануға тырысып бақты. Мұның өзі тілшілер арасындағы бәсекенің қыза түскенін аңғартса керек.

Жалпы жарыс барысыда журналистика ардагері Бекет Момынқұлдың да өз шеберлігін көрсеткенін айтып өткен дұрыс. Нәтижесінде Бекет Момынқұл тамаша ойын үлгісін көрсеткені үшін арнайы сыйлыққа ие болды. Қалай болғанда да әр жарыстың өз фавориттері болатыны белгілі еді ғой. Бұл күні де солай болды.

Үздік үштіктің қатарынан жұрт «осылар жүлдегер болады-ау» деген 4-5 жігіттің үшеуі көріне білді. Шымкент қаласынан келген әріптесіміз Самат Мырзалиев турнир басталғаннан тамаша ойын өрнегін көрсетті. Бірнеше қарсыласын жарыс жолынан ығыстырған ол финалға қиналмай шықты.

Ал үздік төрттіктің қатарынан көрінген әріптесіміз, облыстық «Aq jol» газетінің Мойынқұм және Шу аудандарындағы меншікті тілшісі Ерғали Қартайған да бұл күні әдемі ойынымен көзге түскенін айта кеткен жөн.

Ерғали Қартайғанның жүлдегер атануына сәл ғана сәттілік жетіспеді. Финалдық жолдама сарапқа салынған кездесулердің бірінде облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Серік Тәжібай мен республикалық «Астана» телеарнасының облысымыздағы меншікті тілшісі Берік Жакулаев кездесті. Тартысқа толы кездесу тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Бірнеше мүмкіндігін ұтымды пайдаланған Серік Тәжібай финалдық бәсекеге жолдама алды. Шешуші ойында Серік Тәжібай мен Шымкент қаласынан келген Самат Мырзалиев турнир чемпионын анықтады. Екі мықтының арасындағы ойын өте тартысты өткенін айта кеткен жөн. Бірінші кезеңде шымкенттік әріптесіміз Серіктің қателіктерін ұтымды пайдалана отырып, жеңісті жұлып алғанымен, екінші кезеңде Серік Тәжібай өзінің тәжірибелі ойыншы екенін көрсетіп, таразы басын теңестіріп кетті. Шешуші кезеңде Самат барынша сақ ойнауға тырысып бақты.

Алайда қиын позициялардан оңай сытылып шыққан Серік бірнеше мәрте тамаша соққыларымен шар біткенді лузаға тоғытып, өзінің шын мәнінде мықты екенін кезекті рет дәлелдеді. Осылайша Серік Тәжібай турнир чемпионы атанса, Самат Мырзалиев екінші, Берік Жакулаев үшінші орын иегері атанды.

Әріптесіміз Ерғали Қартайғанға ынталандыру жүлдесі бұйырды. Турнир соңында жарыс жеңімпазына 100 мың теңгелік сертификат табысталды. Облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт бұл жүлдені «Aulieata media» ЖШС тағайындағынан атап өтті. Одан бөлек екінші және үшінші орындар мен өзге де арнайы сыйлықтар бірнеше демеушілердің есебімен берілгенін айта кеткен ләзім. Турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына республикалық «Жас Алаш» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибек айтарлықтай үлес қосты.

Тегтер: басылым меретой "Жас Алаш"-100 жыл лебіз тілек

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Кемел ЖАН 16.08.2022, 15:14
Есірткіге еліткендер, алаяққа алданғандар
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ 16.08.2022, 11:39
Парасат майданының суреткері
Тұрсын ЖҰРТБАЙ 16.08.2022, 10:41
Сөз тұтқасы – «Бәдуәм»!
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:15
Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастық ойындарында жүзуден рекорд орнатты
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 12:02
Мәдениет қызметкерлеріне арналған UMAI сыйлығы тағайындалды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 09:26
Бүгін Абай күні

Аңдатпа


  • Тақтан түсу – аттан түсу емес
    16.08.2022, 08:27
  • Қоғамға керегі мешіт пе, мектеп пе?
    16.08.2022, 08:25
  • Ұранхаев пен Ахметовке «өз адамдары» маңызды
    16.08.2022, 08:22
  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47