«Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды

100 жасаған — «Жас Алаш»!

Сайт әкімшілігі

22.02.2021, 13:50

3338

Биыл қазақ баспасөзінде өзіндік орын бар «Жас Алаш» газетіне — 100 жыл. Басылымның 100 жылдығын атап өтуге 26 күн қалды.

Бүгін редакциямызға ҚР Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының  төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай келіп, жасалаштықтарды мерейтоймен құттықтады.

Арнайы құттықтау хатпен келген Ғалымжан Елшібай:

— Ұлт мақтанышына айналған басылымның ғасырлық мерейтойы бүкіл қазақ баспасөзіндегі айтулы оқиға. Алаш аманатын арқалаған ақпарат құралында 15 жыл бойы еңбек еткенімді мақтан тұтамын. Менің жастық жігеріммен тер төккен  ең жарқын жылдарым, жұлдызды шақтарым, ел арасына кең танылуым, абырой-беделге ие болуым осы басылымнан бастау алғаны бойыма зор қуаныш ұялатады,-деді.

Сондай-ақ Ғалымжан Елшібай бүгінде өзі жұмыс істейтін  «Егемен Қазақстан» газетінің де екі жыл бұрын 100 жылдығы тойланғанын, бұл екі басылымда қазақтың бетке ұстар қаламгерлері мен, ұлттық журналистиканың майталмандары жұмыс істегенін тілге тиек етті.

­­Қазіргідей ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келе жатқанда қазақ басылымдарының барлығы ғасырлық мерейтойын тойлауына тілектестік еткен ол – «Жас Алашты» 100 жылдығымен құттықтап,  тойға 100 мың теңге көлемінде  шашуын қосты.

Тегтер: басылым мерейтой пікір пайым лебіз

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.03.2021, 16:25
"Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
Амангелді СЕЙІТХАН 05.03.2021, 12:29
Төрдегі төртеу - Түркістанда Қазақстан суперкубогын сарапқа салуда
Оралхан ДӘУІТ 05.03.2021, 09:32
«Жас Алаштан» шенеуніктер қатты қорқатын
Серік ШАЙМАН 03.03.2021, 10:12
Сейдағаңның серілері едік
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ 02.03.2021, 10:44
Бес тағдыр – бес тал гүл
Әкім ЫСҚАҚ 25.02.2021, 13:12
Буырқанған дауылда сыналған басылым

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44