"Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті

Сайт әкімшілігі

14.03.2021, 11:39

8668

БАҚ өкілдері арасында республикалық «Жас алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойы құрметіне бильярдтан турнир өтті. Турнирге еліміздегі мерзімдік басылымдар мен телеарналардан 41 журналист қатысты.

Тартысты өткен тастаяқ жарысында І орынды республикалық «КТК» телеарнасының тележүргізушісі Ерланби Дәулетияр жеңіп алса, ІІ орын Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Ерғали Қартайғанға бұйырды. Ал ІІІ орынды Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Данияр Сейсенбаев пен Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі Табиғат Абаилдаев өзара бөлісті.

Турнирдің І орнын иеленген жеңімпазға белгілі журналист Жолдасбек Дуанабай атындағы ноутбук сыйға берілді.

Жүлделі ІІ орын иесіне қолдан жасалған кий (бильярд таяғы), ІІІ орын жеңімпаздарына смартфондар табыс етілді. Ал жақсы ойын өрнегін көрсеткен әріптестерге «Жас алаштың» логотипі бар естелік-сувенирлер ұсынылды.

Тегтер: басылым мерейтой пікір пайым лебіз

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 16:19
Көрсеқызар
Жарлы БАЙҒАНИН 23.09.2021, 16:30
Жемшелек
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 23.09.2021, 10:10
Жадымның мықтылығы арқасында аман қалдым
Жарас КЕМЕЛЖАН 23.09.2021, 10:02
Арман Қани: Біздің ел екі теңіздің ортасындағы көл сияқты
Жабайыл БЕЙСЕНОВ 22.09.2021, 17:15
Ауылым – алтын қазығым
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 11:00
Облыстық радио келмеске кеткені ме?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39