"Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды

Сайт әкімшілігі

24.06.2021, 13:55

5423

«Жас Алаш» газетінің 100 жылдығына орай газетіміздің бас редакторы Қайрат Мәтіреков "Қазақстанның құрметті журналисі" төс белгісімен марапатталды. 

Сондай-ақ, «Жас Алаш» газетінің аймақтағы тілшісі Миуагүл Байназарова және журналистиканың ардагарлері, өзіндік орны бар, Рысбек Сәрсенбай,  Илья Гук, Әділхан Нүсіпов,  Расул Шыбынтай "Қазақстанның құрметті журналисі" төс белгісіне ие болды.

Шығармашылық ұйым басқармасының шешімімен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқаудың қорытындысы бойынша 2021 жылғы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаттары анықталды:

«Репортерлық жұмыс» номинациясы бойынша Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің шеф-редакторы Қанапия Нұрқанат Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 30 репортаж дайындағаны үшін;«Саяси шолу» номинациясы бойынша «Время» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Волкова Ирина пандемия кезіндегі қазақстандық дәрігерлердің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің әлеуметтік салдары туралы жарияланымдары үшін;«Экономикалық шолу» номинациясы бойынша «LSM» іскерлік порталының тілшісі Сәруар Әліби экономикалық жаңалықтар топтамасын инфографиканы қолданып ерекше ұсынғаны үшін;«Іздестіру материалы» номинациясы бойынша Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің аға тілшісі Ким Анжелика «Қазақша үйренеміз. Күнделіктен» жарияланымдар циклындағы мемлекеттік тілді оқытудың жеке тәжірибесі туралы материалдар топтамасы үшін;«Журналистік зерттеу» номинациясы бойынша «Экспресс-К» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Галушко Ирина ежелгі қала тарихы мен Түркістанның жаңа келбеті туралы материалдар топтамасы үшін;«Телевизиялық жұмыс» номинациясы бойынша «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы Біркенов Жасын, «Қазақстан» телеарнасындағы «Апта» аналитикалық бағдарламасының редакторы Қайыртай Данияр өзекті тақырыптарға ақпараттық-талдамалық сюжеттер дайындағаны үшін;«Зерттеу жұмысы» номинациясы бойынша Қазақстан Журналистика академиясының вице-президенті Жандәулетов Валерий көрнекті ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің  85 жасқа толуына арналған кітаптар мен журнал басылымдарының топтамасы үшін;«Ғылыми-көпшілік жұмыс» номинациясы бойынша шығысқазақстандық журналист Қасымов Айтмұхамет белгілі орыс жазушысы Георгий Гребенщиковтың дала халқының көшпелі өмір салты туралы кітаптарын қазақ тіліне аударғаны үшін.

Қазақстан Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» газеті редакциясының бірлескен Әбділда Мұқашев атындағы сыйлығы «Қоғамдық позиция» газетінің (DAT медиа-жобасы) тілшісі Шорманханұлы Азаматқа тапсырылады.

Белгілі фототілші Рахымбай Ханалы атындағы жүлде фототілші, «Тұран-ТВ» телеарнасының операторы Шері Серікболсынға бұйырды.

«Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісі үлкен жетістіктері және баспасөздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Айтереева Үрзада (Түркістан облысы), Аманбаев Болат (Павлодар облысы), Балғашүкова Мәдина (Солтүстік Қазақстан облысы), Дияров Нұрмұхамбет (Ақтөбе облысы), Дінасылов Бекзаттар (Шымкент қаласы), Елешев Рамазан (Алматы облысы), Жәмкенов Сәулебек (Астана қаласы), Жұмағалиев Серік (Батыс Қазақстан облысы), Жұмат Бақытжан (Атырау облысы), Ыбраев Әлібек (Қостанай облысы), Көксегенов Ақаш (Шығыс Қазақстан облысы) Мүсіркеп Сейдахмет (Қарағанды облысы), Пономарев Сергей (Алматы қаласы), Сейілхан Асқарбек (Жамбыл облысы), Шалғынбаева Айткүл (Қызылорда облысы) марапатталады.

Қазақстан Журналистер одағының алтын медалімен  айрықша жетістіктері және азаматтық қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Журналистер одағы филиалдардың бұрынғы басшылары Нұрғожаев Жақыпжан (Алматы облысы), Әділбаев Жұмаділ (Шығыс Қазақстан облысы), Поминов Юрий (Павлодар облысы) марапатталады.

Журналистика саласындағы Қазақстан Журналистика академиясының Олжас Сүлейменов атындағы халықаралық сыйлығына белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, қазақстандық журналистиканың ардагері  Тілеужан Есілбаев, ресейлік публицист Владимир Снегирев ие болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 16:19
Көрсеқызар
Жарлы БАЙҒАНИН 23.09.2021, 16:30
Жемшелек
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 23.09.2021, 10:10
Жадымның мықтылығы арқасында аман қалдым
Жарас КЕМЕЛЖАН 23.09.2021, 10:02
Арман Қани: Біздің ел екі теңіздің ортасындағы көл сияқты
Жабайыл БЕЙСЕНОВ 22.09.2021, 17:15
Ауылым – алтын қазығым
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 11:00
Облыстық радио келмеске кеткені ме?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39